Toggle Dropdown
1
"Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 830 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8152 тіркелді
Toggle Dropdown
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр А. Жұмағалиев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы
№ 830 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына
және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 17-бабының 9) тармақшасына, «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасы және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» (бұдан әрі – Диплом беру қағидасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.
Toggle Dropdown
2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызметті алушы – ол жеке тұлғалар;
Toggle Dropdown
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелердің мемлекеттік органдары.
Toggle Dropdown
3. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
Toggle Dropdown
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет:
Toggle Dropdown
1) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 17-бабының 9) тармақшасы;
Toggle Dropdown
2) Стандарт;
Toggle Dropdown
3) Диплом беру қағидасы негізінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті аяқтаудың нәтижесі диплом немесе біліктілік куәлігін немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет күн сайын сенбіні қоса алғанда дүйсенбіден бастап демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағ.9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.
Toggle Dropdown
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажет құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
Toggle Dropdown
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжайы бойынша;
Toggle Dropdown
ХҚКО ғимараттарында орналасқан стенділерінде;
Toggle Dropdown
1414 call-орталығында орналастырылған.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызмет ұсыну мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
Toggle Dropdown
13. Дипломды немесе біліктілік куәлігін беруден Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда бас тартылады.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызметті алушы ХҚКО өтініш береді;
Toggle Dropdown
2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы уәкілетті органға тапсырады.
Toggle Dropdown
ХҚКО құжаттар пакетін жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін Штрихкодтың сканерінің көмегімен белгіленеді;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде ХҚКО алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және басшыға немесе оның орынбасарына қарауға береді;
Toggle Dropdown
4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасарлары құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде диплом беру туралы өтінішін қарайды және су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығына/маманына жұмыс үшін жібереді;
Toggle Dropdown
5) су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы/маманы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін су көлігіндегі бақылау маманына жұмыс үшін жібереді;
Toggle Dropdown
6) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы арызды қарап, жеті жұмыс күн ішінде диплом беруге дейінгі емтихан тапсыратын мерзімді белгілейді;
Toggle Dropdown
7) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы бір жұмыс күні ішінде емтихан өткізудің мерзімін ескертеді немесе дәлелденген бас тартуға, сонан соң уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;
Toggle Dropdown
8) уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күні ішінде емтихан өткізудің мерзімін ге немесе бас тартуға қол қояды;
Toggle Dropdown
9) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері емтихан өткізудің мерзімі туралы хабарламасын немесе дәлелденген бас тартуды ХҚКО-ға жібереді;
Toggle Dropdown
10) ХҚКО емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны алғаннан кейін, тұтынушыға бір жұмыс күн ішінде хабарламаны немесе дәлелденген бас тартуды жеке өзінің қатысуымен және жеке куәлік немесе сенімхат құжатын көрсетіп қол қойдыру арқылы жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
11) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы диплом беру бойынша емтиханның өткізілуін ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
12) тұтынушылар бір күн ішінде емтихан тапсыруды жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
13) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы емтихан тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде диплом немесе біліктілік куәлігін немесе дәлелденген бас тартуды ресімдейді;
Toggle Dropdown
14) Уәкілетті орган басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде диплом немесе біліктілік куәлігін немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды;
Toggle Dropdown
15) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жібереді.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдау кезінде ХҚКО түскен құжаттарды Штрихкодтың сканері көмегі арқылы белгіленеді;
Toggle Dropdown
16) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға диплом немесе біліктілік куәлігін немесе дәлелденген бас тартудың нәтижесін береді.
Toggle Dropdown
15. ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны 1 адамды құрайды.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар
(өзара іс-қимылдар) сипаттамасы
Toggle Dropdown
16. ХҚКО құжаттарды қабылдау ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген операциялық залда кедергісіз қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті алушыға ХҚКО құжаттарды қабылдау кезінде мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі:
Toggle Dropdown
сұрау салуды қабылдау нөмірі және күні;
Toggle Dropdown
сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;
Toggle Dropdown
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
Toggle Dropdown
құжаттардың берілген күні (уақыты) және орындары;
Toggle Dropdown
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызметті алушының аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
Toggle Dropdown
17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ іске қосылған:
Toggle Dropdown
1) ХҚКО қызметкері;
Toggle Dropdown
2) ХҚКО жинақтау бөлімінің қызметкері;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері;
Toggle Dropdown
4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасарлары;
Toggle Dropdown
5) су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы/ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы;
Toggle Dropdown
6) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы/ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы;
Toggle Dropdown
7) курьер.
Toggle Dropdown
18. Әрбір ҚФБ бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы және әрбір әкімшілік іс-қимылын орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-қимылдардың өзара іс-қимылдары (рәсімдері) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың логикалық біркелкілігі арасындағы схема және ҚФБ осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
20. Мемлекеттік қызмет алуының арызы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Toggle Dropdown
1
«Кемелердің командалық құрамының
адамдарына және экипаждың басқа да
мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау
Toggle Dropdown
Негізгі үдерістің іс-әрекеті |
№ іс-әрекет | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ҚФБ атауы | ХҚКО қызметкері | ӨКБИ кеңсесі (ӨКБИ филиалы) | ӨКБИ бастығы, немесе оның орынбасарлары | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы |
Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты | Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау; өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу; уәкілетті органға толық құжаттар тізбесін және өтінішін жіберу. | 3. Диплом немесе біліктілік куәлігін беруге қажетті құжаттардың тізбесін және өтінішін қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен қатар өтініштің төменгі оң бұрышына кіріс нөмірі және түскен мерзімі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады | 3. Диплом немесе біліктілік куәлігін беру туралы өтінішін қарау | Ұсынылған құжаттар тізбесі қойылатын талаптардың сәйкестігін қарау, диплом беру бойынша емтихан тапсыру мерзімін келісу | 3. Ұсынылған құжаттар тізбесі қойылатын талаптардың сәйкестігін қарау, диплом беру емтиханының тапсыру мерзімін анықтау, емтихан өткізу мерзімі туралы ескертпені рәсімдеу |
Аяқталу нысаны | | | Жауапты орындаушының және орындау мерзімі қамтылған қарары бар құжаттар | Жауапты орындаушының және орындау мерзімі қамтылған қарары бар құжаттар | Емтихан өткізу мерзімі туралы ескертпені рәсімдеу |
Орындау мерзімі | | 1 күн | 1 күн | 1 күн | 10 күн |
Келесі іс-әрекеттің нөмірі | 6 | 7 | 8 | | |
ҚФБ атауы | ӨКБИ бастығы, немесе оның орынбасарлары | ӨКБИ кеңсесі (ӨКБИ филиалы) | ХҚКО жинақтау бөлімінін қызметкері | | |
Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты | Емтихан өткізілетін мерзім туралы ескертпеге қол қою | ХҚКО емтихан өткізілетін мерзім туралы ескертпені жіберу | Емтихан тапсырушыға емтихан өткізу туралы мерзімін | | |
Аяқталу нысаны | Емтихан өткізілетін мерзім туралы ескертпеге қол қою | | Емтихан тапсырушыға емтихан өткізу туралы мерзім | | |
Орындау мерзімі | 1 күн | 1 күн | | | |
Келесі іс-әрекеттің нөмірі | 9 | 10 | 11 | | |
ҚФБ атауы | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы | ӨКБИ бастығы, немесе оның орынбасарлары | | |
Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты | Емтихан өткізуге дайындық. Емтихан тапсыру кезінен бастап диплом немесе біліктілік куәлігін рәсімдеу | Комиссия отырысына қатысу | Комиссия отырысына төрағалық ету. | | |
Аяқталу нысаны | Комиссия отырысына қатысу | | Комиссия отырысына қатысу | | |
Орындау мерзімі | 1 күн | | |
Келесі іс-әрекеттің нөмірі | 12 | 13 | 14 | 15 | |
ҚФБ атауы | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы | ӨКБИ бастығы, немесе оның орынбасарлары | ӨКБИ кеңсесі (ӨКБИ филиалы) | ХҚКО жинақтау бөлімінін қызметкері | |
Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты | диплом немесе біліктілік куәлігін рәсімдеу | Дипломды немесе біліктілік куәлігіне қол қою. | ХҚКО дипломды немесе біліктілік куәлігін жіберу | Диплом немесе біліктілік куәлігін беру | |
Аяқталу нысаны | Диплом немесе біліктілік куәлігі | Біліктілік куәлігі немесе дипломға қол қойылған | | Диплом немесе біліктілік куәлігі | |
Орындау мерзімі | 2 күн | 1 күн | 2 күн | | |
Toggle Dropdown
2-кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Toggle Dropdown
Негізгі үдеріс |
ХҚКО қызметкері | ӨКБИ кеңсесі (ӨКБИ филиалы) | ӨКБИ бастығы, немесе оның орынбасарлары | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы |
Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау; өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу; уәкілетті органға толық құжаттар тізбесін және өтінішін жіберу. | Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беруге қажетті құжаттардың тізбесін және өтінішін қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен қатар өтініштің төменгі оң бұрышына кіріс нөмірі және түскен мерзімі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады | Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру туралы өтінішін қарау | Ұсынылған құжаттар тізбесі қойылатын талаптардың сәйкестігін қарау, кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру емтиханының тапсыру мерзімін анықтау | Ұсынылған құжаттар тізбесі қойылатын талаптардың сәйкестігін қарау, кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру емтиханының тапсыру мерзімін анықтау. Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру емтиханын өткізуге дайындық. |
| | Комиссия отырысына төрағалық ету | Комиссия отырысына қатысу | Хаттама дайындау, емтихан тапсырғандардың нәтижесі, сонымен қатар емтихан тапсыратындардың тегі, аты және әкесінің аты енгізіледі, емтиханды оң тапсырғанда диплом немесе біліктілік куәлігін рәсімдейді |
Диплом немесе біліктілік куәлігін беру | ХҚКО диплом немесе біліктілік куәлігін жіберу | Диплом немесе біліктілік куәлігіне қол қою | | Диплом немесе біліктілік куәлігін рәсімдеу |
Toggle Dropdown
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Toggle Dropdown
Баламалы үдеріс немесе кеңейту |
ХҚКО қызметкері | ӨКБИ кеңсесі (ӨКБИ филиалы) | ӨКБИ бастығы, немесе оның орынбасарлары | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы |
Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру бойынша құжаттардың тиісті тізбесін және өтінішін қабылдау; өтінішті қарау; тіркеу журналына өтінішті тіркеу; уәкілетті органға толық құжаттар тізбесін және өтінішін жіберу. | Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беруге қажетті құжаттардың тізбесін және өтінішін қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен қатар өтініштің төменгі оң бұрышына кіріс нөмірі және түскен мерзімі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады | Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру туралы өтінішін қарау | Ұсынылған құжаттар тізбесі қойылатын талаптардың сәйкестігін қарау | Ұсынылған құжаттар тізбесі қойылатын талаптардың сәйкестігін қарау, емтихан тапсырудың мерзімін анықтау, емтихан өткізу мерзімі туралы ескертпені рәсімдеу |
Емтихан өткізу туралы ескертпені беру | ХҚКО емтихан өткізілетін мерзім туралы ескертпені жіберу | Емтихан өткізілетін мерзім туралы ескертпеге қол қою | | Емтихан өткізілетін мерзім туралы ескертпені рәсімдеу |
| | Комиссия отырысына төрағалық ету | Комиссия отырысына қатысу | Хаттама дайындау, емтихан тапсырғандардың нәтижесі, сонымен қатар емтихан тапсырмағандардың тегі, аты және әкесінің аты енгізіледі. |
Диплом немесе біліктілік куәлігін беруден бас тартудың жазбаша қорытындысын беру | Диплом немесе біліктілік куәлігін беруден бас тартудың жазбаша қорытындысын жіберу | Диплом немесе біліктілік куәлігін беруден бас тартудың қорытындысына қол қою | | Диплом немесе біліктілік куәлігін беруден бас тартудың жазбаша қорытындысын рәсімдеу |
| | | | |
Toggle Dropdown
«Кемелердің командалық құрамының
адамдарына және экипаждың басқа да
мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Функционалдық әрекеттесудің диаграммасы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
«Кемелердің командалық құрамының
адамдарына және экипаждың басқа да
мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
___________________________ бастығына
(Комитеттің аумақтық органының атауы)
______________________________________
(аты, жөні)
______________________________________
(аты, жөні)
Тұратын мекен жайы
______________________________________
(тұратын мекенжайы)
Toggle Dropdown
Өтініш
_________________________________________________________
Toggle Dropdown
Өтінішке қоса ұсынылады
Toggle Dropdown
1) жеке куәлік немесе төлқұжаттың паспорт көшірмесі;
Toggle Dropdown
2) орта немесе жоғары білім туралы құжаттардың көшірмесі (диплом);
Toggle Dropdown
3) жүзу өтілімін дәлелдейтін, құжат;
Toggle Dropdown
4) медициналық анықтама(№ 083/У нысаны).
Toggle Dropdown
2012 жылғы ___ __________ ____________