1. "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысы
Отправить по почте
Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 Қаулысы
Осы редакция 28.06.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысы
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде іс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулық
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық
5. Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртiбi туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;
Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 14 қазандағы N 195 өкiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап бiр ай өтiсiмен күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қызмет бабында пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
"Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгісімен Қаулы базасына енгізілмейді.
Қызметтік бабында пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы iс жүргізу жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ
"Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгісімен Қаулы базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергілiкті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегі НҰСҚАУЛЫҚ
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiнде
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң кесiмдерiн, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн, Президенттiң, Президент Әкiмшiлiгi Басшылығының, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмалары бар құжаттардың және Парламент депутаттарының сауал салуларының (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар) орындалуын бақылауды ұйымдастыруды регламенттейдi.
2. Премьер-Министрдiң Кеңсесi Қазақстан Республикасы Yкiметінің Регламентiне сәйкес бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзiмiн бақылау жөнiнде ұйымдастыру және таңдау жұмысын жүзеге асырады, орындаушылық тәртiбiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне жүйелi түрде хабарлап отырады.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде (бұдан әрі - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды:
Президенттiң Үкiметке тапсырма берiлген кесiмдерiн;
Үкiметтiң қаулылары мен хаттамалық шешiмдерiн, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн;
Президенттiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының оларда орындалу мерзiмi көрсетiлген, соның iшiнде - "шұғыл" белгiсiмен немесе оны бақылауға алу туралы нұсқау болса, не "баяндалсын", "ұсыныс енгiзiлсiн" және т.б. белгiлерi бар тапсырмаларын;
Парламент депутаттарының сауалдарын бақылауға қояды.
4. Бақылаудағы құжаттар олардың орындалуын бақылау үшiн Кеңсе Басшысы бекiткен осы бөлiмшелер мен олардың функционалдық мiндеттерi туралы ережелерге сәйкес немесе Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (бұдан әрi - Басшылық) тапсырмаларына сәйкес Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне бекiтiп берiледi.
Қандай да болмасын iс-шаралар жоспарын бекiтетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң орындалуын бақылау, тұтастай алғанда, осы қаулыны немесе өкiмдi орындаушыға (қаулы немесе өкiм жобасының Кеңседе өтуi үшiн жауап беретiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiне) жүктеледi.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.04.2005. № 358 қаулысымен. (31.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары осы бөлiмшеге бекiтiлген әрбiр бақылаудағы құжатқа тұтас құжаттың не оның жекелеген тармақтарының орындалуын бақылау оған жүктелетiн бөлiмшенiң қызметкерiн (бұдан әрi - орындаушы) айқындайды.
6. Бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенiң бақылаудағы нақты құжаттар оған бекiтiп берiлген құрылымдық бөлiмшесi мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бақылау секторы (бұдан әрi - бақылау секторы) жүзеге асырады.
7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерi мен тапсырмаларынан басқа) орындалу мерзiмi нақты көрсетiлмесе, онда мұндай құжаттар тапсырма берілген күнiнен бастап бiр ай мерзiмде, ал "шұғыл" немесе "жеделдетiлсiн" белгiсi болса - он күн мерзiмде орындалады.
Егер Мемлекет басшысының кесiмдерi мен тапсырмаларында нақты орындалу мерзiмi мен орындалуы үшiн жауапты адамдар белгiленбесе, онда орындалу мерзiмi мен орындаушыларды Президент Әкiмшiлiгi белгiлеуi және орындаушыларға жеткiзуi мүмкiн.
Мемлекет басшысының жеке тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзгеше белгiленбесе, тапсырма берiлген күннен бастап екi апта мерзiмде орындалуы тиiс.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.04.2005. № 358 қаулысымен. (31.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Егер Басшылық тапсырманы Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшесiне берсе, онда орындалуын бақылау және үйлестiру жөнiндегi жұмысты тапсырмада бiрiншi көрсетiлген құрылымдық бөлiмше не оның атауының жанында "(шақыру)" белгiсi бар бөлiмше жүзеге асырады.
9. Егер бақылаудағы құжаттарда Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшесiнiң құзыретiне жататын тапсырма болса, онда құжаттың орындалуын тұтас бақылау бекiтiлген құрылымдық бөлiмше үш күндiк мерзiмде нақты тармақтарын орындау бекiтiлетiн Кеңсенiң басқа құрылымдық бөлiмшелерiмен (әрбiр тармақ бойынша Кеңсенiң нақты құрылымдық бөлiмшесiндегi орындаушы мен орындау күнi көрсетiледi) келiседi және жасайды, оны Кеңсе Басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам бекiтедi. Бекiтiлген бекiменiң көшiрмелерi iске қосылған құрылымдық бөлiмшелерге, қызметтiк хат-хабар секторына және бақылау секторына жiберiледi.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.04.2005. № 358 қаулысымен. (31.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
9-1. Бақылау секторы Үкiмет Регламентiнде көзделген әр түрлi iс-шаралар жоспарларын бекiтудi көздейтiн енгiзілетiн Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын тiркеу алдындағы тексеру барысында жобалардың мәтiндерiнде және iс-шаралар жоспарларында келiспеушілiктердi, оның iшiнде негiзделмеген орындау мерзiмiн, аяқталу нысанының дұрыс еместiгiн және орындаушыларды дұрыс белгілемеудi анықтаған кезде бұл жобалар әзiрлеушiге тiркеусiз қайтарылады.
Кеңседе тiркелген көрсетілген жобалар Басшылықтың қарауына енгiзілгенге дейiн бақылау секторымен келiсілуге (бұрыштама соғылуға) тиiс. Басшылық кеңесшілерiне (көмекшiлерiне) және қабылдау бөлмелерiнiң аға мамандарына мұндай жобаларды бақылау секторының келiсiмiнсiз (бұрыштамасынсыз) қабылдауға тыйым салынады.
9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.04.2005. № 358 қаулысымен.
10. Орындаушы Президенттiң және Yкiметтің бақылауға алынған әрбiр кесiмiне, Премьер-Министрдiң өкiмiне жинақтаушы папка (ic) ашады, және тiркеу-бақылау кәртiшкесiн толтырады.
Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртiппен топталады:
бақылаудағы кесiмнiң (қаулының, өкiмнiң) көшiрмесi;
құжатты бақылаудан алу туралы анықтама;
бақылаудағы құжаттың және оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртiппен орналастырылады).
Президенттiң кесiмдерiн, Үкiметтiң қаулыларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн орындау жөнiндегi құжаттар бар iстер көшiрiлуi және олар толық шешiлiп, бақылаудан алынғанға дейiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнде сақталуы мүмкiн, одан кейiн мұрағатқа тапсырылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |