Осы редакция 01.08.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Дiнтану сараптамасын жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 70 Қаулысы
"Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Дiнтану сараптамасын жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
1-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Ережеге сәйкес дінтану сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне діни бірлестіктердің құрылтай және басқа да құжаттарын дінтану сараптамасына жолдасын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 30 қаңтардағы
N 70 қаулысымен
бекiтiлген
Дiнтану сараптамасын жүргiзу ережесi
Дiнтану сараптамасын жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Epeжe) "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және дiнтану сараптамасын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
1. Дiнтану сараптамасы (бұдан әрi - сараптама) дiни бiрлестiктер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн анықтау мақсатында дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде жүргiзiледi.
Сараптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленетiн басқа негiздер бойынша да жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Сараптама дiни ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, мемлекеттiк органдар өкілдерiнiң, дiнтанушылардың, заңгерлердiң және ар-ождан бостандығы құқығы саласындағы басқа да мамандардың (бұдан әрi - сарапшылар) қатысуымен жүргiзiледi.