• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1342 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 485 қаулысы

Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан метрология институты Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынды (ҚазМетрИн)" құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1342  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1-тармақта: 
екiншi абзацтағы "мемлекеттiк кәсiпорынға қатысты субъектiнiң функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк меншiк құқығын" деген сөздер алынып тасталсын; 
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"Мемлекеттiк кәсiпорын мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталық болып анықталсын."; 
2-тармақта: 
үшiншi абзацтағы ", сату және уақытша пайдалануға беру" деген сөздер алынып тасталсын; 
төртiншi абзацтағы "метрология бойынша оларды тiркеу" деген сөздер "өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету мен сертификаттау саласында аккредиттеу" деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"метрология саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау; 
шамалар бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн мемлекеттiк эталондардан кәсiпорын эталондарына беру; 
өлшемдер бiрлiгін қамтамасыз ету мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету; 
уақыт пен жиiлiктiң, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандартты үлгiлерiнiң, заттар мен материалдардың физикалық константалары және қасиеттерi туралы стандартты анықтамалық деректердiң мемлекеттiк қызметтерiнiң iс-әрекетiне байланысты жұмыстарды жүргiзу.".
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі