• Мое избранное
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылауды жүзеге асыру кезіндегі бақылаушы органдардың өзара іс-қимылының және оларды орналастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.06.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiндегi бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының және оларды орналастырудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 353-І, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2174.

Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 11 маусымынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2017 жылғы № 108, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.04.2017 жылғы № 194, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.04.2017 жылғы № 157, ҚР Қаржы министрінің 26.01.2017 жылғы № 56, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 24.04.2017 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.11.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегi N 1358 қаулысын орындау үшiн, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде автокөлiк құралдарына бақылау жүргiзудi реттеу және халықаралық келiсiмдер мен Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiнде бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiмiзге қалдырамыз.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 
төрағасы
Қазақстан Республикасының 
Көлік және коммуникациялар министрі
Қазақстан Республикасының 
Кедендік бақылау агенттігінің 
төрағасы
Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық қауіпсіздік комитеті
 төрағасының
 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217
 Қазақстан Республикасының
 Көлік және коммуникациялар
 министрінің
 2002 жылғы 23 қазандағы N 353-І
 Қазақстан Республикасының
 Кедендік бақылау агенттігі
 төрағасының
 2002 жылғы 10 қазандағы N 47
 Қазақстан Республикасының
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3
 Қазақстан Республикасының
 Денсаулық сақтау министрінің
 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34
 бұйрықтарымен бекітілген
Нұсқаулық жаңа редакцияда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 197 н/с, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 700, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 қарашадағы № 685, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 258, ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 16 қарашадағы № 397 бірлескен бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу
 пункттерiнде бақылаушы органдардың өзара iс-қимылдары және
 оларды үйлестіру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылаушы органдардың өзара iс-қимылдары және оларды үйлестіру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі - шекара қызметі), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - кеден органдарының), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі - көліктік бақылау органдары), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі  - малдәрiгерлiк-фитосанитарлық бақылау органдары), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары) (бұдан әрі - бақылаушы органдар) аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен автокөлiк құралдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде (бұдан әрi - автомобильдiк өткiзу пункттерi) шетелдiк және қазақстандық тасымалдаушылардың жүк автомобильдерi мен автобустарына бақылауды жүзеге асыру кезiндегi бірлескен іс-қимылдарын жан-жақты қамтиды және осы іс-қимылдарды кеден органдарының үйлестіруін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі барлық бақылаушы органдар Бірыңғай бақылау-өткізу пункттері салынғанға дейін кеден органдарының ғимаратында болуы тиіс.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы жол жүретін көлік құралдарын бақылауды бақылаушы органдар өткізу пунктінде "бірыңғай аялдама" және "бір терезе" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
4. Шекара қызметі органдарын қоспағанда көліктік бақылау органдарының, малдәрiгерлiк-фитосанитарлық бақылау органдарының және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының іс-қимылдарын үйлестіру (жұмысын ұйымдастыру) өткізу пунктінде орналасқан кеден органына жүктеледі.
5. Бақылаушы органдар өз функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атқарады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
6. Өткізу пункттеріндегі бақылаушы органдардың жұмыс тәртібі осы органдармен келісіледі, ал оның орындалуын бақылауды кеден органы жүргізеді.
7. Көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде өткізу пунктінде шекара қызметі белгіленген нысан бойынша (осы Нұсқаулыққа 1 -қосымша) мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонын (бұдан әрі - талон) 2 данада береді. Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде талонды кеден органы береді. Бақылау аяқталғаннан кейін бір талон өткізу пунктіндегі кеден органында қалдырылады.
Талондарды жасау, сақтау және есепке алу кеден органдарына жүктеледі, осыған байланысты шекара қызметі мен кеден органдары шекара қызметіне берілген және ол тасымалдаушылар мен көлік құралдарды жүргізушілерге берген сандар бойынша салыстырулар жүргізеді.
8. Шекара қызметі талонға белгі қойғаннан кейін тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға тауар мен көлік құралдарға жолдама құжаттарды және талонды кеден органының лауазымды адамына өткізу пунктінде мемлекеттік бақылаудан өткізу талондарын тіркеу журналында тіркеу үшін береді (осы Нұсқаулыққа 2 -қосымша).
9. Кеден органының лауазымды адамы құжаттар ұсынылған кезде олардың тізімдемеге сәйкестігін тексереді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес тексеру және тиісті белгілерді қою үшін басқа бақылаушы органдардың лауазымды адамдарына береді.
10. Бақылаушы органдардың лауазымды адамдары құжаттарды тексерген кезде бақылаудың басталу мен аяқталу уақытын белгілейді.
Мемлекеттік бақылаудың кез келген түрін жүргізген кезде мерзімдерді негізсіз созуға жол берілмейді. Мерзімдер осындай бақылауды өткізу үшін қажетті уақытқа дәлме-дәл сәйкес болу қажет.
11. Көліктік бақылау бекеттері жоқ өткізу пункттерінде кеден органының лауазымды адамы бақылаудың осындай түрі жоқтығы туралы белгі қояды.
Бұл жағдайда көліктік бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен тыс көліктік бақылаудың бірінші ішкі бекетінде жүргізіледі. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының кедендік бақылау саласында заңнаманы бұзушылықтар анықталған жағдайда, көліктік бақылау саласындағы лауазымды адам өткізу пунктіндегі кеден органына хабарлайды.
12. Кеден органдары бақылаушы органдарымен бірлесіп өткізу пункті арқылы өткен автокөлік құралдардың саны бойынша салыстыруларды күн сайын жүргізеді, сондай-ақ Автокөлік құралдарды есептеу мен бақылау журналдары жүргізіледі.
Өткізу пунктінде көліктік бақылау органы болмаған жағдайда, онымен салыстыру аптасына бір реттен кем емес жүзеге асырылады.
13. Тасымалдаушылар мен автокөлік құралдарды жүргізушілердің халықаралық келісімдер мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталған кезде бұзушылықты анықтаған бақылаушы орган бұл туралы басқа да бақылаушы органдарға хабардар етеді, сондай-ақ автокөлік құралдарды есепке алу мен бақылау журналдарында қабылданған шешім туралы жазады.
Бұл ретте, талонның екі данасы қайтарып алынады және кеден органында сақтауға қалдырылады.
Сонымен бірге кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданады.
14. Құжаттамалық бақылауды жүргізу аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды адамы көлік құралдар мен тауарларды бірлесіп тексеруді ұйымдастырады, бұл ретте Бірлесіп тексеру актілерінің есебін жүргізу журналында (осы Нұсқаулыққа 4 -қосымша) тіркеуге жататын бірлесіп тексеру актісі (осы Нұсқаулыққа 3 -қосымша) толтырылады.
15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автокөлік құралы мен тауар Қазақстан Республикасының шегінен тыс қайтару көзделген жағдайларда, мұндай шешім барлық бақылаушы органдармен бірге келісім бойынша қабылданады және белгіленген нысан (осы Нұсқаулыққа 5 -қосымша) бойынша 2 данада жасалған Көлік құрал мен тауарды қайтару актісі толтырылады.
                           Қазақстан Республикасының  
                        Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу
                              пункттерiнде бақылаушы
                        органдардың өзара iс-қимылдары
                              және оларды үйлестіру
                               жөніндегі нұсқаулыққа
                                    1-қосымша
            N___ өту пунктінде мемлекеттік 
                 бақылаудан өту талоны
Өткiзу пунктi ____________________200 жылдың "__" _________________
 Автокөлiк құралы __________________________________________________
 Автокөлiк құралының тiркелу нөмiрi __________ тiркеме______________
 Автокөлiк құралының қозғалыс бағыты _______________________________
 Жүктiң атауы және салмағы (жолаушылардың саны) ____________________
 
Шекаралық бақылау
________сағ ________ мин
(бақылаудың басталуы)
________сағ ________ мин
(бақылаудың аяқталуы)
қабылданған шешім __________
_________ қолы
Мөртабан
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
________сағ ________ мин
(бақылаудың басталуы)
________сағ ________ мин
(бақылаудың аяқталуы)
қабылданған шешім _________
_________ қолы
Мөртабан
Малдәрігерлік бақылау
________сағ ________ мин
(бақылаудың басталуы)
________сағ ________ мин
(бақылаудың аяқталуы)
қабылданған шешім __________
_________ қолы
Мөртабан
Фитосанитарлық бақылау
________сағ ________ мин
(бақылаудың басталуы)
________сағ ________ мин
(бақылаудың аяқталуы)
қабылданған шешім _________
_________ қолы
Мөртабан
Кедендік бақылау
________сағ ________ мин
(бақылаудың басталуы)
________сағ ________ мин
(бақылаудың аяқталуы)
қабылданған шешім __________
_________ қолы
Мөртабан
Көліктік бақылау
________сағ ________ мин
(бақылаудың басталуы)
________сағ ________ мин
(бақылаудың аяқталуы)
қабылданған шешім _________
_________ қолы
Мөртабан
                            Қазақстан Республикасының
                            Мемлекеттiк шекарасы арқылы
                          өткiзу пункттерiнде бақылаушы
                          органдардың өзара iс-қимылдары
                              және оларды үйлестіру
                              жөніндегі нұсқаулыққа
                                      2-қосымша
Өткізу пунктінде мемлекеттік бақылаудан  
          өткізу талондарын тіркеу журналы
 
N р/б Көлік құралдың
мемлекеттік
нөмірі
Тасымалдаушы
туралы мәлі-
меттер
Тіркеуді жүзеге
асырған лауазымды
адамның Т.А.Ә.

                             Қазақстан Республикасының
                            Мемлекеттiк шекарасы арқылы
                          өткiзу пункттерiнде бақылаушы
                          органдардың өзара iс-қимылдары
                              және оларды үйлестіру
                              жөніндегі нұсқаулыққа
                                      3-қосымша
      Тауарлар мен көлік құралдарды 
                  бірлесіп тексеру актісі
            N 00000/00000/000000
Осы                                                      акті
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
   (бақылау органдары қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы)
қатысуымен
 ____________________________________________________________________
кеден органының лауазымды адамы (адамдары) жасады
 Жүк жөнелтуші __________________________________________________қай
жерден (қайда)
 _________________________________________________(жүк алушыға) _____
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
құжаттар бойынша жіберген тауардың (көлік құралдың) партиясын
тексеру жүргізілді
 ____________________________________________________________________
Тексеру орны
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ________________орындардан тауарлардың партиясы ұсынылды. Құжаттар бойынша жалпы салмағы _____________кг.
      Тексеру нәтижесінде мыналар анықталды:
      Тауардың іс жүзіндегі таза салмағы ___кг, жалпы салмағы___кг.
Мынадай тәсілмен анықталды:
[ ] іс жүзінде өлшеу
       [ ] ____орындарды өлшеумен бір орынның орташа салмағын анықтау
[ ] есептік
[ ] өзге де
       N ____________,____________ дана қамтамасыз етулермен келген
       N№N___________________________________________________көлік
құралдар/контейнерлер
Қамтамасыз етулер:  [ ] бұзылған          [ ] бұзылмаған

 (тексеруді жүргізудің себептері, тауарларды сәйкестендіру және тексерудің басқа да мәліметтері)
 
Алулар жүргізілген жоқ.
Жүк орындары біздің
қатысуымызбен оралды.
N_____________ актісі бойынша
сынамалар мен үлгілерді алу
жүргізілді
_____ дана мөлшерінде N_______кедендік қамтамасыз етулер жатқызылды.
 ____________________________________________________________________
 (лауазымы, тегі, атының, әкесі атының бастапқы әріптері, қолы жеке
                   нөмірлік мөрі)
 ____________________________________________________________________
 ________________________________ лауазымды адам (адамдар) қатысты
Декларанттың, немесе тауарға, немесе тасымалдаушыға немесе куәгерлерге қатысты уәкілеттіктері барлардың лауазымы, тегі, аты-жөнінің бастапқы әріптері, қолы
Тексерудің аяқталу уақыты
 ________________________________________________________
 ______/______ парақ
Тауарлар мен көлік құралдарды тексеру актісінің
                екінші данасын ______ алды.
*Элемент 00000 / 00000 / 000000
          1       2       3, бұл жерде
1 - Қазақстан Республикасы кеден органдарының жіктеуішіне сәйкес кедендік ресімдеуді жүргізетін кеден органының цифрлық коды;
2 - күні, айы және үстіміздегі жылдың соңғы екі цифры;
3 - өсуі бойынша қалыптастырылатын Тексеру актілерін тіркеу журналы бойынша реттік нөмірі. Бұл ретте, жаңа жылдың басында нөмірлеу жаңадан басталады.
            N_________бірлесіп тексеру актісіне 
                        қосымша парақ
Тексеру нәтижесінде мыналар анықталды:
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
Лауазымды адам (дар) (лауазымы, тегі, атының, әкесі атының бастапқы
 ____________________________________________________________________
    әріптері, қолы, жеке нөмірлік мөрі)
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
Қатысқандар
 ____________________________________________________________________
 (Декларанттың немесе тауарларға қатысты уәкілеттіктері бар өзге де
адамдардың, немесе
 ____________________________________________________________________
тасымалдаушының, немесе куәгерлердің қолдары)
                            Қазақстан Республикасының
                            Мемлекеттiк шекарасы арқылы
                          өткiзу пункттерiнде бақылаушы
                          органдардың өзара iс-қимылдары
                              және оларды үйлестіру
                              жөніндегі нұсқаулыққа
                                      4-қосымша
Өткізу пунктінде мемлекеттік бақылаудан 
            өткізу талондарын тіркеу журналы 
 
N р/б Тексеру актісі-
нің
нөмірі
Көлік
құралының
мемлекеттік
нөмірі
Тасымалдаушы
туралы
мәліметтер
Тіркеуді
жүзеге
асырған
лауазымды
адамның
Т.А.Ә.

                              Қазақстан Республикасының
                            Мемлекеттiк шекарасы арқылы
                          өткiзу пункттерiнде бақылаушы
                          органдардың өзара iс-қимылдары
                              және оларды үйлестіру
                              жөніндегі нұсқаулыққа
                                      5-қосымша
         Көлік құралы мен тауарды 
                      қайтару актісі
Күні
 ________
Өткізу пункті
 ____________________________________________________________________
 Тасымалдаушының атауы ______________________________________________
 Автокөлік құралдың N _______________________________________________
Тауардың атауы (салмағы, саны)
 ____________________________________________________________________
 алушы ______________________________________________________________
қайтару
 себебі______________________________________________________________
бақылаушы органдардың қолдары (лауазымды адамдардың Т.А.Ә., лауазымы, органның атауы, мөрі)