Toggle Dropdown
1
Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 779 Қаулысы
Toggle Dropdown
"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1
1. Қоса беріліп отырған азаматтық әуе кемелерінің жарамдылығы нормалары белгіленсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Үкіметінің
Toggle Dropdown
2007 жылғы 6 қыркүйектегі
Toggle Dropdown
N 779 қаулысымен
Toggle Dropdown
бекітілген
Toggle Dropdown
4
Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары
Toggle Dropdown
1-бөлім. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
Осы әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының авиация техникасының осы заманғы жетістіктерін және оны пайдалану тәжірибесін ескере отырып, азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында әзірленді және әуе кемелерінің конструкциясына, өлшемдері мен ұшу сапасына және оның компоненттеріне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.
Toggle Dropdown
Осы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының Нормалары мемлекеттік және салалық стандарттарды, техникалық тапсырмалар мен азаматтық авиация техникасы жөніндегі техникалық шарттарды әзірлеу кезінде мемлекеттік техникалық талаптар болып табылады. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларының талаптары авиация техникасын жобалау, өндіру, сынау, сертификаттау және жөндеу кезінде олардың меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (ведомстволарының), кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің орындауы үшін міндетті.
Toggle Dropdown
1. Негізгі айқындамалар
Toggle Dropdown
1. Осы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының Нормаларында мынадай терминдер мен айқындамалар қабылданды:
Toggle Dropdown
1) азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының Нормалары (бұдан әрі - Нормалар) - ұшу қауіпсіздігіне қамтамасыз етуге бағытталған әуе кемесінің конструкциясына, өлшемдері мен ұшу сапасына және оның компоненттеріне қойылатын мемлекеттік техникалық талаптар бар құжат;
Toggle Dropdown
2) уәкілетті орган - өз құзырет шеңберінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді және әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы;
Toggle Dropdown
3) азаматтық ұшақтардың ұшу жарамдылығының нормалары жөніндегі комиссия - уәкілетті органның Қазақстан Республикасында әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын үнемі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін консультативті-кеңесу органы;
Toggle Dropdown
4) әуе кемесі (бұдан әрі - ӘК) - жер (су) бетінен тойтарылған ауамен өзара әрекеттен айырмасы бар, оның ауамен өзара әрекеті есебінен атмосферада қалықтайтын ұшу аппараты;
Toggle Dropdown
5) азаматтық авиация техникасының үлгісі - ӘК, қозғалтқыш немесе өзге де авиациялық жабдық;
Toggle Dropdown
6) тапсырыс беруші - азаматтық ӘК-ге тапсырыс беруші және (немесе) оны пайдаланушы Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары;
Toggle Dropdown
7) орындаушы (дайындаушы) - ұшақтарды, қозғалтқыштар мен жабдықтарды жобалауды, тәжірибе үшін жасауды және сериялық шығаруды жүзеге асырушы ұйым, кәсіпорын;
Toggle Dropdown
8) сертификаттау - ӘК типінің, оның қозғалтқыштары мен жабдығының осы Нормаларға сәйкестілігін белгілеу;
Toggle Dropdown
9) типтің ұшу жарамдылығының сертификаты - азаматтық ӘК типінің, қозғалтқышының, жабдығының осы Нормаларға сәйкестілігін куәландыратын құжат;
Toggle Dropdown
10) сәйкестілік кестесі - талаптарына ӘК-сі түрлерінің, қозғалтқышының, жабдығының осы Нормалардың сәйкестілігі туралы куәландыратын негізгі құжат;
Toggle Dropdown
11) ұшу жарамдылығының сертификаты - уәкілетті орган азаматтық әуе кемелерінің Нормаларға сәйкестігін куәландыратын типтің ұшу жарамдылығының сертификаты негізінде берген құжаты;
Toggle Dropdown
12) ұшу жарамдылығының экспорттық куәлігі - ӘК данасының дайындаушы мемлекеттің немесе ӘК тізілімде тұрған тіркеу мемлекетінің ұшу жарамдылығы нормаларының талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
Toggle Dropdown
13) бұйымдардың жарамдылығы туралы куәлік - қозғалтқыш немесе жабдық типінің осы Нормаларға сәйкестілігін куәландыратын құжат;
Toggle Dropdown
14) типтік конструкция - осы Нормаларға сәйкестілігі зауыт, мемлекеттік пен пайдалану сынақтарының нәтижелері бойынша белгіленген ұшақтың конструкциясы;
Toggle Dropdown
15) ұшу жарамдылығы - азаматтық әуе кемесінің азаматтық ӘК-нің ұшу-техникалық сипаттамаларына, өлшемдеріне және ұшу сапаларына жауап беретін техникалық жай-күйі;
Toggle Dropdown
16) әуе кемесінің ұшуы - ӘК-нің ұшу кезінде екпіндеуінен бастап (тік ұшу кезінде жер немесе су бетінен көтерілуі) жүрісі аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдаусыз босату) немесе тік қону кезінде жер (су) бетіне жанасқанға дейінгі жер (су) бетімен және әуе кеңістігіндегі қозғалысы;
Toggle Dropdown
17) ерекше жағдай - қолайсыз факторлардың немесе олардың үйлесімдерінде ықпал етуі нәтижесінде ұшуда туындайтын және ұшу қауіпсіздігін төмендетуге әкелетін жағдай;
Toggle Dropdown
18) ұшу жағдайларының қиындауы - экипажға психофизиологиялық жүктелімнің елеусіз көтерілуімен немесе орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларының немесе ұшу сипаттамаларының елеусіз нашарлауын сипаттайтын ерекше мән-жай;
Toggle Dropdown
19) күрделі жағдай - экипажға психофизиологиялық жүктелімнің елеулі көтерілуімен немесе орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларының немесе ұшу сипаттамаларының елеулі нашарлауын не пайдалану шектеулерінен тыс ұшудың бір немесе бірнеше өлшемдерінің, бірақ шекті шектеулерге және/немесе есептік жағдайларға жетпей шығуын сипаттайтын күрделі жағдай;
Toggle Dropdown
20) авариялық жағдай - экипажға психофизиологиялық жүктелімнің елеулі көтерілуімен немесе орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларының немесе ұшу сипаттамаларының елеулі нашарлауын сипаттайтын не шекті шектеулерді және/немесе есептік жағдайларға жетуге әкелетін ерекше жағдай;
Toggle Dropdown
21) апаттық жағдай - ол туындаған кезде адамдардың қаза болуын алдын алу нақты мүмкін болмайтын ерекше жағдай;
Toggle Dropdown
22) пайдаланудың күтілетін жағдайлары - осы Нормаларда айқындалған есептік жағдайлар, пайдалану шектеулері мен оны сертификаттау кезінде ӘК-нің осы типі үшін белгіленген ұшудың ұсынылатын режимдері;
Toggle Dropdown
23) шекті шектеулер - қандай да болмасын жағдайларда олардан тыс шығуға жол берілмейтін ұшу режимдерінің шектеулері;
Toggle Dropdown
24) пайдалану шектеулері - ұшақты пайдалану процесінде олардың шектерінен әдейі шығуға жол берілмейтін өлшемдердің жағдайлары, режимдері мен мәндері;
Toggle Dropdown
25) ұсынылатын ұшу режимдері - ӘК-ні ұшу пайдалануы жөніндегі Басшылықта белгіленген пайдалану шектеулері шегіндегі ұшу режимдері;
Toggle Dropdown
26) ұшақтың функционалдық жүйесі - тапсырылған жалпы функцияларды орындауға арналған өзара байланысты бұйымдар жиынтығы;
Toggle Dropdown
27) істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығу) - осы жай-күйге әкелген себептерге қарамастан оның функциясының белгілі бір бұзылуымен сипатталатын жалпы жүйенің жұмысқа қабілетсіз жай-күйінің түрі.
Toggle Dropdown
2. Нормалардың ережелерін сыныптау
Toggle Dropdown
2. Осы Нормалар мынадай міндетті Нормаларды, ұсынымдар мен көмекші мәліметтерді қамтиды:
Toggle Dropdown
1) міндетті Нормалар (бұдан әрі - Нормалар) - ұшақтың, қозғалтқыш пен жабдықтың, олардың конструкцияларының сипаттамаларына, материалдарға, сынақтарына, қолданыстағы Нормаларды пайдалану тәртібіне қойылатын талаптар. Нормаларды біркелкі қолдану мен бір мәнді түсіндіру ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті, ал оларды сақтау - міндетті шарт ретінде танылады;
Toggle Dropdown
2) ұсынымдар - ұшақтың, қозғалтқыш пен жабдықтың, олардың конструкцияларының сипаттамаларына, материалдарға, сынақтарына жататын ережелер.
Toggle Dropdown
Ұсынымдарды біркелкі қолдану ұшуларды қамтамасыз ету үшін қалаулы, ал оларды сақтау - ұсынылатын шарттар ретінде танылады;
Toggle Dropdown
3) көмекші мәліметтер - Нормалар мен ұсыныстар болып табылмайтын және әртүрлі нақты деректер мен анықтамалық ақпаратты қамтитын көмекші мәліметтер.