• Мое избранное
Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.09.2008 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2509

Күші жойылды ҚР Ұлттық банкі төрағасының 22.09.2008 № 79 Қаулысымен. (20.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 20.07.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы 6-тармағының 1) және 2-1) тармақшаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
: кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 109 қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары бекітілсін. 
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi. 
3. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері мен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының кәсіби ұйымдастырушылары 2003 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей шоттардың ұсынылып отырған үлгі жоспарына сәйкес қолданылатын ақпарат жүйесін пысықтау бойынша жұмысты жүргізетін және аяқтайтын болсын. 
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлері мен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының кәсіби ұйымдастырушыларына жiберсiн. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.
Ұлттық Банк 
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2003 жылғы 1 қыркүйектегі
 N 324 қаулысымен
 бекітілген
: Жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтінге өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 109 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген   
  субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің  
  үлгі шот жоспары 
1-тарау. Жалпы ережелер 
1. Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің осы үлгі шот жоспары (бұдан әрі - Шоттар жоспары) " Бухгалтерлiк есепке алу  мен қаржылық есеп беру туралы" және " Секьюритилендіру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы есебін жасау үшін бухгалтерлік шоттарда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, арнайы қаржы компаниялары мен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының кәсіби ұйымдастырушылары (бұдан әрі - ұйымдар) жүргізетін операцияларды көрсету тәртібін айқындайды. 
: 1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 109 қаулысымен.
2. Осы Шоттар жоспарында Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру мәселелері жөніндегі заңдарында көзделген ұғымдар қолданылады.
3. Осы Шоттар жоспары бухгалтерлік есепте қаржы-шаруашылық операцияларын топтау кестесін білдіреді. 
Осы Шоттар жоспарында шоттар тобының атауы және кейін талдама шоттар кодына оларды бөлу арқылы синтетикалық шоттардың аты келтірілген. Талдама есеп ұйымдар көрсететін қызметтердің түріне байланысты жүргізіледі. 
Осы Шоттар жоспарында қосалқы шоттардың мынадай коды пайдаланылады: 
1) 01-19 "Жалпы шоттар", мұнда қызмет түріне байланыссыз қаржы рыногының барлық субъектілері жасайтын операциялар көрсетіледі; 
2) 20-39 "Банк қызметіне байланысты операциялар", мұнда Қазақстан Республикасының банктік заңдарына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасайтын операциялар көрсетіледі; 
3) 40-59 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері жасайтын операциялар көрсетіледі; 
4) 60-79 "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар қызметіне байланысты операциялар", мұнда жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар жасайтын операциялар көрсетіледі; 
5) 80-89 "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметіне байланысты операциялар", мұнда бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары жасайтын операциялар көрсетіледі; 
6) 90-99 "Арнайы қаржы компанияларының қызметіне байланысты операциялар", мұнда арнайы қаржы компаниялары жасайтын операциялар көрсетіледі. 
: 3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 109 қаулысымен.
4. Алғашқы алты класс шоттары ұйымның бухгалтерлік балансында көрсетіледі. 
Жетінші және сегізінші класс шоттары ұйымдардың пайда және зиян туралы есебінде көрсетіледі. 
Тоғызыншы класс шоттары дайын өнімдерді өндіру, жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуге ұйымдардың шығыстарын есепке алуға арналған. 
Оныншы және он бірінші класс шоттары баланстан тыс шоттарға жатады: оныншы класс шоттары ұйымдардың шартты және ықтимал талаптарын және міндеттемелерін есепке алуға арналған; он бірінші класс шоттары меморандум шоттары болып табылады. 
Он екінші кластың шоттары клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерін есепке алуға арналған. 
: 4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қаңтардағы № 3, 20(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).07.2007. № 85 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2-тарау. Қазақстан Республикасы қаржы рыногының  
  жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік  
  есептің үлгі шот  
  жоспары 
: 2-тарау өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қаңтардағы № 3, 2006 жылғы 27 қазандағы № 109, 20.07.2007. № 85 Қаулыларымен (27.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
____________________________________________________________________ 
 Шот  |Шот. |Қосал.| 
 топ. |тар  |  қы  |            Шоттың атауы 
 тары |     |шоттар| 
 ____________________________________________________________________ 
               1-класс. Айналымнан тыс активтер  
  ______________________________________________________________ 
10      Материалдық емес активтер
101          Лицензиялық келісімдер 
102          Бағдарламалық қамтамасыз ету 
103          Патенттер 
105          Гудвилл 
106          Басқа да материалдық емес активтер
11      Материалдық емес активтердің амортизациясы
111          Материалдық емес активтердің амортизациясы - 
           лицензиялық келісімдер 
112          Материалдық емес активтердің амортизациясы - 
           бағдарламалық қамтамасыз ету 
113          Материалдық емес активтердің амортизациясы -