Toggle Dropdown
Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 66 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5670 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
Осы редакция 28.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Toggle Dropdown
4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрайым Е. Бахмутова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы
27 наурыздағы N 66 қаулысымен
бекітілді
Toggle Dropdown
Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық
Toggle Dropdown
Осы Нұсқаулық ислам банктеріне (бұдан әрі - банктер) арналған пруденциалдық нормативтерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілейді.
Toggle Dropdown
1-тарау. Банктің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері
Toggle Dropdown
1. Пруденциалдық нормативтер құрамына мыналар кіреді:
Toggle Dropdown
банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері;
Toggle Dropdown
меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті;
Toggle Dropdown
бір заемшыға тәуекелдің барынша жоғары мөлшері;
Toggle Dropdown
өтімділік коэффициенті;
Toggle Dropdown
ашық валюталық позиция лимиттері;
Toggle Dropdown
негізгі қаражатқа және басқа қаржылық емес активтерге банк инвестициясының ең жоғарғы мөлшерінің коэффициенті;
Toggle Dropdown
банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру.
Toggle Dropdown
Банктің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басқармасы (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер мұндай сатып алулар уәкілетті орган белгілеген кез келген пруденциалдық нормативтер мен басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға алып келмейтін талап қою сақталған жағдайында ғана сатып алуы мүмкін.
Toggle Dropdown
2-тарау. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті
Toggle Dropdown
3. Меншікті капитал бірінші деңгейдегі және екінші деңгейдегі капитал сомасы (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшермен енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.
Toggle Dropdown
Банк инвестициясы банктің заңды тұлғалардың акциясына (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне) салымын, банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына және/немесе әріптестік талабымен қатысу арқылы өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру арқылы банк сатып алған акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлесін қоспағандағы, заңды тұлға акциясына салымын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) білдіреді.
Toggle Dropdown
Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін " Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағасынан өзге, сондай-ақ уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингтік бағалары танылады (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер).
Toggle Dropdown
4. Бірінші деңгейдегі капитал мынадай сома ретінде есептеледі:
Toggle Dropdown
сатып алынған меншікті акцияларды шегергендегі төленген жарғы капиталы;
Toggle Dropdown
қосымша капитал;
Toggle Dropdown
өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);
Toggle Dropdown
мыналарды алып тастағанда:
Toggle Dropdown
1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есеп беру үшін 1998 жылы шілдеде күшіне енген Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары комитетінің Басқармасы бекіткен 38 "Материалдық емес активтер" тиісті Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрі - 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандарты) және банктің негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер;
Toggle Dropdown
өткен жылдардың шығындары.
Toggle Dropdown
5. Екінші деңгейдегі капитал мына жағдайда сома ретінде есептеледі:
Toggle Dropdown
ағымдағы жыл кірістерінің мөлшері ағымдағы жыл шығыстары мөлшерінен асып кеткен жағдайда;
Toggle Dropdown
ағымдағы жыл шығыстарының ағымдағы жыл кірістерінің мөлшерінен асып кеткен жағдайда;
Toggle Dropdown
негізгі қаражат пен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшері;
Toggle Dropdown
кастодиан шартының талаптары негізінде қабылданған, инвестицияланбаған қаражат қалдықтарын шегергендегі тәуекелді ескеріп, мөлшерленген активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомадағы жалпы банктік тәуекелдерге резервтер (провизиялар) мөлшері.
Toggle Dropdown
6. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай үш коэффициентпен сипатталады:
Toggle Dropdown
1) бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестициясын шегергендегі және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне енгізілген, бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капитал үлесі шегінде алынған банк инвестициясының сомасына кемітілген банк активтерінің мөлшеріне және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне (k1-1) енгізілген бірінші деңгейдегі капиталдың қатынасымен;
Toggle Dropdown
2) бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасына бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған және меншікті капиталдың есебіне екінші деңгейдегі капитал бөлігіне мына сомада енгізілетін банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың қатынасымен:
Toggle Dropdown
екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің (провизиялардың) сомасына кемітілген кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелермен;
Toggle Dropdown
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелермен;
Toggle Dropdown
операциялық тәуекелмен;
Toggle Dropdown
мыналарды шегергендегі:
Toggle Dropdown
инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер (k1-2);
Toggle Dropdown
3) меншікті капиталдың мына сомаға қатынасы: