Toggle Dropdown
Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 30.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 21 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру ҚАҒИДАЛАРЫ
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Әлеуметтік оңалту Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм актісінен зардап шеккендер деп танылған (бұдан әрі - зардап шеккендер) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады.
Toggle Dropdown
3. Зардап шеккендерді әлеуметтік оңалту қажетті тегін құқықтық көмек көрсетуді, медициналық және психологиялық оңалтуды (бұдан әрі - әлеуметтік оңалту) қамтиды.
Toggle Dropdown
4. Әлеуметтік оңалтуды терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар)
Toggle Dropdown
терроризм актісі жасалған орын немесе зардап шеккендердің тұратын жерлері бойынша республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және осы қаражат шегінде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Шет мемлекеттің аумағында жасалған терроризм актісінен зардап шеккендер деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік оңалту, егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібі
Toggle Dropdown
6. Әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру үшін адамдарды зардап шеккендер деп тану туралы қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
1
7. Әлеуметтік оңалу үшін зардап шегуші немесе оның атынан әрекет ететін жақын туысы (заңды өкілі) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіретін уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы) зардап шегушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмiрi (ЖСН), тұрғылықты мекенжайы және өзі қалайтын әлеуметтік оңалтудың түрі көрсетілген өтінішпен жүгінеді.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы екі жұмыс күні ішінде зардап шеккен адамға немесе оның атынан жүгінген жақын туысқанына (заңды өкіліне) талап етілетін әлеуметтік оңалтудың түрін алу қажет мемлекеттік органның (ұйымның) атауы, орналасқан жері, зардап шеккен адам көрінетін нақты қызметкер, қызметтік телефоны, факсының нөмірі, электронды поштасының мекенжайы (қажет болған жағдайда) көрсетілген өтінішті қарау нәтижесі туралы жазбаша жауап жолдайды.
Toggle Dropdown
9. Зардап шеккендерге құқықтық көмекті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары кешіктірмей жазбаша, ауызша және электронды түрде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары зардап шеккендерге қажетті құжаттарды алуға көмек көрсетеді.
Toggle Dropdown
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы зардап шеккен адамның құқықтық көмек алу жөніндегі өтінішінің көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына жолдайды.
Toggle Dropdown
Құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына мынадай құжаттар ұсынылады:
Toggle Dropdown
1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) терроризм актісінен зардап шеккен деп тану туралы қаулының көшірмесі.
Toggle Dropdown
Жазбаша немесе электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электронды құжатпен жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары зардап шеккендерге бес жұмыс күні ішінде өтінішті қарау нәтижесі туралы жауап жолдайды.
Toggle Dropdown
11. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органының басшысы терроризм актісінен зардап шеккендерге құқықтық көмек көрсету бойынша өткізілген іс-шаралардың қорытындысы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының бастығына хабарлайды.
Toggle Dropdown
12. Зардап шеккендерді психологиялық оңалту терроризм актісі(актілері) жасалған орын бойынша кешіктірілмей жүзеге асырылады және оларға тиісті бейіндегі мамандардың (психологтардың) көмек ұсынуынан тұрады.
Toggle Dropdown
Психологиялық оңалтуды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы ведомствоаралық жұмыс тобын құрады.
Toggle Dropdown
Ведомствоаралық жұмыс тобына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың психологиялық қызмет бөлімшесінің мамандары мен штаттық психологтары, денсаулық сақтау ұйымдарының, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұйымдарының, арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері) мамандары енгізіледі.
Toggle Dropdown
Психологиялық оңалту жөніндегі ведомствоаралық топтың басшысы болып терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы бастығының орынбасары тағайындалады.
Toggle Dropdown
13. Психологиялық оңалтуды алу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органына осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген өтінішпен қоса мынадай құжаттар ұсынылады:
Toggle Dropdown
1) терроризм актісінен зардап шеккен адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
Toggle Dropdown
2) адамды терроризм актісінен зардап шеккен деп тану туралы қаулының көшірмесі.
Toggle Dropdown
14. Психолог-маман зардап шеккенге психологиялық кеңес беруді жүзеге асырады және қажет болған жағдайда қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды, оның ішінде балаларды медициналық оңалтуды көрсететін медициналық ұйымдарда одан әрі емделу үшін денсаулық сақтау ұйымына жүгінуді ұсынады.
Toggle Dropdown
15. Ведомствоаралық жұмыс тобының басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының басшысына психологиялық оңалту бойынша жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
16. Денсаулық сақтау ұйымдары терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығымен бекітілген медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32263 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.