Toggle Dropdown
6
Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну ережесін, оның түрлері мен көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 02.04.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 9) тармақшасына, 51-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну қағидалары, оның түрлері мен көлемі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 17 маусымдағы
№ 608 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
4
Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну қағидалары, оның түрлері мен көлемі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну қағидалары, оның түрлері мен көлемі (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдайлар туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидалар төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну тәртібін, оның түрлері мен көлемін айқындайды.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) апаттар медицинасы қызметі – зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайлар аймағында, төтенше жағдай енгізілген аумақта санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау мен қалпына келтіру арқылы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының алдын алуға және оларды жоюға арналған күштер мен құралдардың жиынтығы; медициналық-санитариялық жағдайды қадағалау және бақылау бөлімшелері (апаттар медицинасының кезекші – диспетчерлік пункттері), азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі, денсаулық сақтау жүйесінің шұғыл медициналық көмек ұйымдары, зардап шеккендерге консультациялық-диагностикалық, стационарлық көмек көрсетуге, қалпына келтіру мен медициналық оңалтуға арналған медициналық ұйымдар, қан қызметі, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары, азаматтық қорғау медициналық қызметінің мекемелері мен құралымдары, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарын жоюға арналған өзге де күштер мен құралдар кіреді;
Toggle Dropdown
2) апаттар медицинасының құрамалары – төтенше жағдайлар аймақтарында, төтенше жағдай енгізілген аумақта жұмыс істеуге арналған жасақтар, топтар, бригадалар және шұғыл медициналық көмек көрсету мен медициналық эвакуациялау үшін құрылатын басқа да бөлімшелер;
Toggle Dropdown
3) төтенше жағдайлар кезінде халыққа шұғыл медициналық көмек – төтенше жағдайлар кезінде тікелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның төтенше жағдай режимі енгізілген шекараларында жүзеге асырылатын мақсаты бойынша эвакуациялауды ұштастыра отырып, емдеу-алдын алу іс-шараларының кешенін ұсыну нысаны;
Toggle Dropdown
4) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдары – төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде туындаған жағдайды сипаттайтын және халыққа медициналық көмектің мазмұнын, көлемі мен ұйымдастырылуын айқындайтын факторлар мен шарттардың жиынтығы. Оның негізгі элементтері: халықтың санитариялық шығындарының шамасы мен құрылымы, олардың қалыптасу заңдылықтары; зақымданғандардың (науқастардың) медициналық көмекке мұқтаждығы, төтенше жағдайлар аймағының (ауданының), төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтың санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемиялық жай-күйі, медициналық-санитариялық қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдардың қажеттілігі және олардың болуы; медициналық күштер мен құралдардың жай-күйі; төтенше жағдайларды жою кезінде медициналық және авариялық-құтқару құрамаларының жұмыс жағдайы, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жағдайы және басқалар болып табылады;
Toggle Dropdown
5) төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмектің түрі – медициналық көмек көрсететін тұлғалардың біліктілігімен өткізілетін орны және қолда бар медициналық жарақтардың болуымен айқындалатын емдеу–алдын алу іс-шараларының тізбесі;
Toggle Dropdown
6) шұғыл медициналық көмектің көлемі – тіршілік көрсеткіштері бойынша төтенше жағдай аймағындағы, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтағы жағдайдың шарттарына және медициналық эвакуациялау кезеңінің мүмкіндіктеріне байланысты медициналық көмек түрінің шеңберінде орындалатын толық немесе қысқартылған емдеу-алдын алу іс-шараларының жиынтығы.
Toggle Dropdown
2. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну тәртібі
Toggle Dropdown
4. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде халыққа медициналық көмек төтенше жағдайдың санатына, сондай-ақ олардың медициналық-санитариялық салдарының сипаты мен ауқымына байланысты ұсынылады.
Toggle Dropdown
5. Объектілік төтенше жағдайлар кезінде зақымданғандарға (науқастарға) медициналық көмек көрсетуді күнделікті қызмет режимінде денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
6. Жергілікті, өңірлік және жаһандық төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай режимі енгізілген кезде апаттар медицинасы қызметінің күштері мен құралдары қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
7. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кездегі медициналық көмек тағайындалуы бойынша медициналық эвакуациялауды үйлестіре отырып, зақымданушыларды (науқастарды) зақымдану сипатына, ауырлық дәрежесіне қарай кезеңдік емдеу әдісімен ұсынылады.
Toggle Dropdown
8. Бірінші кезеңде тікелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның шекараларында, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта шұғыл медициналық көмекті азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметінің, авариялық-құтқару бөлімшелерінің, азаматтық қорғаудың апат медицинасы мен медициналық қызметінің құралымдары, сондай-ақ өзінің жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалған аумақтық медициналық ұйымдардың күштері көрсетеді.
Toggle Dropdown
1
9. Екінші кезеңде медициналық көмек төтенше жағдай аймағынан тыс жерде, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ көлік ұйымдарының персоналы мен материалдық-техникалық құралдары тартылуы және пайдаланылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
11. Денсаулық сақтау ұйымдарында шұғыл медициналық көмек іс-шараларын жүргізу үшін алдын ала ұдайы әзірліктегі апаттар медицинасының құралымдары құрылады және ұсталады. Апаттар медицинасының құралымдарын құру тәртібін және жұмыс ережесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Toggle Dropdown
12. Төтенше жағдай аймағынан, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтан зақымданғандарды (науқастарды) қабылдауды, одан әрі медициналық көмек көрсетуді, емдеу мен медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
13. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кездегі медициналық көмектің түрлері мен көлемі
Toggle Dropdown
14. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде зақымданушыларға (науқастарға) медициналық көмек оны көрсету орнына, оны көрсететін тұлғалардың біліктілігіне және медициналық мүлікпен қамтамасыз етілуіне байланысты дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек түрінде ұсынылады.
Toggle Dropdown
15. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмектің көлемі, төтенше жағдай режимін енгізу төтенше жағдай аймағында қалыптасқан медициналық-санитариялық және дағдарысты жағдайға байланысты белгіленген медициналық көмек түрлері шеңберінде көмектің көлемі тиімділігі мейлінше дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шаралардың негізінде медициналық айғақтар бойынша айқындалады.
Toggle Dropdown
16. Тікелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның шекараларында, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта мынадай медициналық көмек көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1) дәрігерге дейінгі – орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері, парамедиктер, құтқарушылар, шұғыл қызметтің басқа да қызметкерлері, сондай-ақ өзіндік және өзара көмек көрсету тәртібінде өзге де тұлғалар;
Toggle Dropdown
2) білікті – жедел медициналық көмек бөлімшелерінің, азаматтық қорғау апаттар медицинасы мен медициналық қызметтері құралымдарының күштері, далалық жылжымалы медициналық әскери бөлімдер мен бөлімшелер, сондай-ақ өздерінің жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалған денсаулық сақтау ұйымдары;
Toggle Dropdown
3) мамандандырылған – апаттар медицинасының мамандандырылған құрамалары, сондай-ақ көп бейінді денсаулық сақтау ұйымдары.