Bestprofi Logo

Қаулы № 496 от 2008-05-26г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 800 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

"Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 496 Қаулысы

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған "Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 496 қаулысымен бекітілген

Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламенті 1. Қолданылу аясы

1. Осы "Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашада, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген.

2. Осы техникалық регламент қолданылатын барлық өнімдер және олардың Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) жіктемесі бойынша олардың коды осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

3. Осы Техникалық регламенттің талаптары:

1) арнайы сипаттамаларды қоспағанда, балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдеріне, сондай-ақ құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар азық-түліктер мен шикізатқа;

2) үйде өндіру, үйде пайдалануға арналған өңдеу және (немесе) сақтау процесінде алынған нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерге қолданылмайды.

4. Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сәйкестендіру СЭҚ ТН кодтарын визуальді қарау, тұтыну орамында және ілеспе құжаттамада ұсынылған ақпарат негізінде жүргізіледі.

Нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өткізілетін атаулар олардың түрін дәл көрсетуге және ең аз дегенде мыналарды қамтуға тиіс:

2) сәйкестендіру көрсеткіштерінің тізбесі (нақты өнім түріне берілген техникалық және (немесе) нормативтік құжаттамада көрсетіледі);

5. Өнімдерді сәйкестендіру үшін ақпараттар жеткіліксіз болған кезде органолептикалық бағалау мен өнімнің нақты түрлеріне нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарда көзделген физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сынақ жүргізеді.

6. Өндіріс процестеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік қызметті жүзеге асыратын объектілерге ғана қолданылады.

7. Осы техникалық регламентте тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

нан-тоқаш өнімдері - нан пісіруге арналған негізгі шикізаттан немесе нан пісіруге арналған негізгі және қосымша шикізаттан жасалатын тамақ өнімдері. Бұл өнімдер нанды, тоқашты, тоқаш өнімдерін, ылғалдылығы төмен нан-тоқаш өнімдерін қамтиды.

нан - қалыптағы бидай наны үшін кемінде екі жүз грамм, бидай наны үшін үш жүз грамм және қара бидай наны үшін үш жүз грамм салмағы бар нан-тоқаш өнімдері;

нан-тоқаш өнімдері - нан-тоқаш қалыптарында пісірілетін нан-тоқаш өнімдері;

жалпақ нан-тоқаш өнімдері - нан пісіретін қалыптарда, пісіру камерасының жалпақ табасында немесе аспа табада пісірілетін нан-тоқаш өнімдері.

майға иленген нан-тоқаш өнімдері - рецептура бойынша құрамына он төрт пайыз немесе одан астам қант және (немесе) май қосып пісірілетін нан-тоқаш өнімдері;

ылғалдығы төмен нан-тоқаш өнімдері - ылғалдығы кемінде он тоғыз пайыз нан-тоқаш өнімдері: дөңгелек тоқаш өнімдері, кептірілген нандар, кесіліп қуырылған нандар, қытырлақ нан, таяқша тәрізді тоқаштар және т.б.;

ұлттық нан-тоқаш өнімдері - әдеттегі нан-тоқаш өнімдерден рецептурасы жекелеген ұлттық дәстүрлерге тән шикізат түрлерін пайдаланумен және (немесе) өзіне тән пішіні және (немесе) пісіру тәсілімен ерекшеленетін нан-тоқаш өнімдері (лаваш, тандыр шелпегі және басқалар);

жартылай дайын нан-тоқаш өнімдері - нан пісіруге арналған негізгі шикізаттан немесе дайын бұйымдарды өткізуге және өңдеуге арналған қосымша нан пісіруге арналған шикізаттан дайындалған, оның ішінде мұздатылған жартылай фабрикаттар;

кондитерлік өнім - тәтті дәмі басым, нысаны, құрамы, консистенциясы, құрылымы мен хош иісі бойынша әртүрлі тамақ өнімі;

ұннан жасалған кондитерлік өнім - рецептуралық компоненті ұн болып табылатын кондитерлік өнім (печенье, прәніктер, кекстер, бисквитті рулеттер, галеттер, крекерлер, вафли және басқалары);

ұннан жасалған аспаздық өнім - көптеген жағдайда қоспасымен берілген қалыпта қамырдан жасалатын аспаздық өнім, оның ішінде пирожкилер, бауырсақтар, кулебяктар, беляштар, пончик, пицца және басқа да осыған ұқсас өнімдер;

қоспа - өндіруге дайындықтан өткен шикізаттың бір түрінен немесе бірнеше қоспасынан дайындалған және қамырдың ішіне немесе үстіне бөлгенде не болмаса піскеннен кейін жағылатын нан-тоқаш өнімдерінің құрамдас бөлігі;

тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мониторинг - заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, халықтың денсаулығы мен тіршілік ету жағдайын қадағалаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығының арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындаудың мемлекеттік жүйесі;

нан-тоқаш, ұннан жасалатын аспаздық және кондитерлік өнімдерді өндіру (дайындау) процесі - шикізатты өндіруге дайындау, жартылай фабрикаттарды дайындау, ашытқы өнімдері үшін бөлшектеу, ашытып қою, өнімнің түріне байланысты пісіру, салқындату, әрлеу, орау, өлшеп орау және (немесе) таңбалау;

тез бұзылатын тамақ өнімдері - қатаң реттелетін мерзімде арнайы тасымалдау, сақтау және өткізу жағдайларын қажет ететін тамақ өнімдері;

сақтау шарттары - алдын ала белгіленген арнайы сақтау тәртібі (қоршаған орта ауасының ылғалдылығы, белгілі бір жарық түсіру режимі, қоршаған орта ауасының температурасы);

бураттар - ұнды елеуге және металл магнитті қоспаларды тұтуға арналған технологиялық жабдық;

қуаттылығы шамалы ұйым (наубайханалар мен цехтар) - өнімділігі тәулігіне үш тоннаға дейін нан және нан-тоқаш өнімдерін; тәулігіне бес жүз килограмға дейін - кремсіз кондитерлік өнімдерді, тәулігіне үш жүз килограмға дейін - кремді кондитерлік өнімдерді өндіретін объектілер;

санитарлық жарамсыздық - технологиялық операциялардың, тасымалдау мен оны тікелей мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмайтын жағдайға әкелетін жинақтау барысындағы бұзылыстардың салдарынан пайда болған өнімнің органолептикалық және тұтыну қасиеттерінің өзгеруі;

жұмыртқаның жарылуы (соғылуы) - ішіндегісінің ағып, қабығы және қабық қауызы тұтастығының бұзылуы;

нан-тоқаш өнімдеріне арналған негізгі шикізат - нан-тоқаш өнімдерінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылатын шикізат: ұн, астық өнімдері, нан пісіруге арналған ашытқы немесе химиялық қопсытқыштар, тұз және су;

астық өнімдері - бидай кебектерін қоса алғанда, нан-тоқаш өнімдеріне арналған негізгі өнімдер, бидайдың ұсақталған жармасы, бидай (азық-түліктік астық) және т.б.

нан-тоқаш өнімдеріне арналған қосымша шикізат - тағамдық құндылықты арттыру, нан-тоқаш өнімдерінің ерекше органолептикалық және физикалық-химиялық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін рецептура бойынша қолданылатын шикізат;

сату мерзімі - нақты атауы бар өнімдер үшін нормативтік немесе техникалық құжаттармен (технологиялық нұсқаулықтармен) белгіленген нан-тоқаш өнімдерін пештен алған сәттен бастап оны сатуға дейінгі уақыт аралығы;

барынша ұстау мерзімі - нан-тоқаш өнімдерін пештен алған сәттен бастап сатуға беруге дейін оны ұстау уақытының аралығы.

3. Үй-жайларға және инженерлік жабдықтарға қойылатын талаптар

8. Нанды, нан-тоқаш, ұннан жасалатын аспаздық және кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі объектіні орналастыру, салу және қайта жаңарту санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болғанда жүзеге асырылады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание