• Мое избранное
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босатудың жыл сайынғы мөлшерiн белгiлеу Ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босатудың жыл сайынғы мөлшерiн белгiлеу Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 13 ақпандағы N 79 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 4 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5159 болып енгізілді.

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.12.2015 жылғы № 18-06/1085 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 11.12.2015 жылғы № 18-02/178 Бұйрығын қараңыз
"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы  N 1287 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босатудың жыл сайынғы мөлшерiн белгiлеу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2008 жылғы 13 ақпандағы
 N 79 бұйрығымен
 бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерін белгілеу ережесі 
1. Жалпы ережелер 
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерін белгілеу ережесі (бұдан әрі - Ереже)»"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы  N 1287  және "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы  N 141  қаулыларын іске асыру мақсатында әзірленді және басты мақсатта пайдалану үшін кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін кесу және басқа да мақсаттарда пайдалану үшін кесу бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүрек босатудың жыл сайынғы көлемдерін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Піскен сүректердің қорларынан (кеспеағаш қоры) құрылатын басты мақсатта пайдалану үшін кесу кезінде сүрек дайындау көлемі қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректерді бөліп көрсетіп, мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жыл сайын бөлек-бөлек белгіленеді. 
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану үшін кесу тәртібімен сүрек дайындау орман орналастыру кезінде айқындалатын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітетін есепті кеспеағаш шегінде жүзеге асырылады.
3. Аралық мақсатта пайдалану үшін кесу кезінде сүрек дайындау көлемі қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректерді бөліп көрсетіп, мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша орманға күтім жасау үшін кесудің, іріктеп санитариялық мақсатта кесудің, құндылығы аз және қорғаныштық функцияларын жоғалтып бара жатқан екпелерді қайта жаңартуға байланысты кесудің белгіленген нормаларын басшылыққа ала отырып, орман орналастыру материалдары бойынша айқындалады.
4. Басқа мақсаттарда пайдалану үшін кесу кезінде сүрек дайындау көлемі қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректерді бөліп көрсетіп, мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жаппай санитариялық мақсатта кесу, құрылыс объектілері үшін орман алқаптарын тазарту, орман жолын тарту және басқа да орман шаруашылығы іс-шараларын орындау жөніндегі жұмыстардың көлемімен айқындалады.
5. Орман орналастыру жобаларына енгізілмеген санитариялық мақсатта пайдалану үшін кесу "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы" (бұдан әрі - Ағаш кесу ережесі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы  N 141  қаулысына сәйкес ұсынылып отырған іс-шараларды негіздеп, табиғи және антропогендік сипаттағы жағдайлардың туындау фактілері бойынша тағайындалады.
6. Орман жолдарын тартуға және өртке қарсы орлар қазуға байланысты ағаш кесу орман орналастыру материалдары және (немесе) ормандарды өртке қарсы жабдықтаудың бас жоспарлары бойынша тағайындалады.
7. Облыстар әкімдіктерінің Табиғи ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменттері (басқармалары) (бұдан әрі - департамент), сондай-ақ уәкілетті органның және өзге де орталық мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерінің жиынтық материалдарын қалыптастырудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
2. Облыстардың әкімдерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерін қалыптастыру 
8. Облыстар әкімдіктерінің қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер кеспеағаштар бөлу материалдарының және ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде департаменттерге жіберілетін орман пайдаланушылардың жазбаша өтінімдерінің негізінде өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерінің жиынтық материалдарын қалыптастырады.
9. Облыс әкімдігінің қарауындағы мемлекеттік орман иеленуші беретін жиынтық материалдар мынадай құжаттарды қамтиды: 
1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған департамент атына жолданған ілеспе хат; 
2) жылдық кеспеағаштың жиынтық ведомосы; 
3) осы Ереженің  1-4-қосымшаларына  сәйкес ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемдері; 
4) осы Ереженің  5-7-қосымшаларына  сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемдері; 
5) Ағаш кесу ережесіне сәйкес іріктеп санитариялық мақсатта кесуге белгіленген екпелерді комиссияның тексеру немесе зерттеу актісі. 
Орман пайдаланушының өтінімі осы Ереженің  8-қосымшасына  сәйкес ресімделеді.
10. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген материалдардан басқа, жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу көлемдерін қарау және бекіту үшін Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесіне сәйкес: 
1) кесуге белгіленген екпелерді комиссияның тексеру немесе зерттеу актісі; 
2) осы Ереженің  9-қосымшасына  сәйкес биологиялық тұрақтылығынан айырылған екпелерде отырғызылған сынақ алқаптарының жиынтық ведомосы; 
3) осы Ереженің  10-қосымшасына  сәйкес жаппай санитариялық мақсатта кесуді қажет ететін екпелердің жиынтық ведомосы; 
4) телімдерді, олардың алқаптарын көрсетіп және сынақ алқаптарын енгізіп, жаппай санитариялық мақсатта пайдалану үшін кесуге белгіленген учаскелерге планшеттен алынған көшірме беріледі. 
11. Мемлекеттік орман қорының мына санаттарында: 
1) ерекше қорғалатын орман аумақтарында, оның ішінде: 
мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ормандарында; 
мемлекеттік қорық аймақтарының ормандарында; 
мемлекеттік табиғат орман ескерткіштерінде; 
генетикалық орман резерваттарын қоса алғанда, ғылыми маңызы бар орман учаскелерінде; 
ерекше құнды орман алқаптарында; 
жаңғақ кәсіпшілігі аймақтарында; 
орман жемістері екпелерінде; 
субальпілік ормандарда; 
2) мемлекеттік қорғаныштық орман жолақтарында; 
3) қалалық ормандар мен орман парктерінде; 
4) елді мекендер мен сауықтыру-емдеу мекемелерінің жасыл желекті аймақтарында; 
5) эрозияға қарсы ормандарда; 
6) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектілері жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған жиектерінде және басқа да мақсаттарда пайдалану үшін ағаш кесу, құндылығы аз және қорғаныштық, су қорғау және басқа да экологиялық функцияларынан айырылып бара жатқан екпелерді қайта жаңартуға байланысты ағаш кесу көлемдерін қарау және бекіту үшін, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріледі.
12. Департамент уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) мемлекеттік орман иеленушілер бойынша материалдарды тексеру үшін ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін жібереді.
13. Департаменттің аумақтық органға беретін материалдары мыналарды қамтиды: 
1) департаменттің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған ілеспе хат: 
2) осы Ереженің  1-4-қосымшаларына  сәйкес ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемдері; 
3) осы Ереженің  5-7-қосымшаларына  сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемдері; 
4) осы Ереженің 10-тармағына сәйкес берілетін жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу бойынша материалдар.
14. Аумақтық орган өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшеріне берілген материалдарға тексеру жүргізеді және оларды ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұсынады.
3. Уәкілетті органның және өзге де орталық мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерін қалыптастыру 
15. Уәкілетті органның және өзге де орталық мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер кеспеағаш бөлу материалдарының және орман пайдаланушылардың жазбаша өтінімдерінің негізінде қалыптасқан өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерінің материалдарын тексеру үшін аумақтық органға ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін жібереді.
16. Мемлекеттік орман иеленушілер беретін материалдар мынадай құжаттарды қамтиды: 
1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған аумақтық органның атына жолданған ілеспе хат; 
2) жылдық кеспеағаштың жиынтық ведомосы; 
3) осы Ереженің  1-4-қосымшаларына  сәйкес ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемдері; 
4) осы Ереженің  5-7-қосымшаларына  сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемдері; 
5) Ағаш кесу ережесіне сәйкес іріктеп санитариялық мақсатта кесуге белгіленген екпелерді комиссияның тексеру немесе зерттеу актісі. 
Орман пайдаланушының өтінімі осы Ереженің  8-қосымшасына  сәйкес ресімделеді.
17. Жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу көлемдерін қарау және бекіту үшін материалдар осы Ереженің 10-тармағына сәйкес беріледі.
18. Өзге мақсаттарда ағаш кесудің, құндылығы аз және қорғаныштық, су қорғау және басқа да экологиялық функцияларынан айырылып бара жатқан екпелерді қайта жаңартуға байланысты ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерінің материалдары осы Ереженің 11-тармағына сәйкес беріледі.
19. Аумақтық орган жиынтық материалдарды уәкілетті органға ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 1 қазанына дейін жібереді. 
Аумақтық орган беретін жиынтық материалдар мынадай құжаттарды қамтиды: 
1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған уәкілетті органның атына жолданған ілеспе хат; 
2) осы Ереженің  1-4-қосымшаларына  сәйкес ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемдері; 
3) осы Ереженің  5-7-қосымшаларына  сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемдері; 
4) жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу бойынша материалдар осы Ереженің 10-тармағына сәйкес беріледі.
   4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған  
  сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерін уәкілетті органның  
  қарауы және бекітуі 
20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы  N 1287  қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесінің 15-тармағына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер бойынша басты, аралық мақсаттарда және өзге де мақсаттарда пайдалану үшін ағаш кесу көлемдерін уәкілетті орган бекітеді және ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде мемлекеттік орман иеленушілерге жеткізіледі.
21. Берілген материалдар осы Ережеге сәйкес келмесе, ескертпелерді жою туралы материалдарды уәкілетті орган департаменттерге және уәкілетті орган мен өзге орталық мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілерге пысықтау үшін қайтарады.
22. Пысықталған материалдар оларды уәкілетті орган департаменттерге және уәкілетті орган мен өзге орталық мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілерге қайтарған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қайта беріледі.
Мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiнде өсiп тұрған
сүректi босатудың жыл
сайынғы мөлшерiн белгiлеу
ережесіне 1-қосымша
  _________________облысы 200__ жылы мемлекеттік орман қоры  
    учаскелерінде ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берілген  
   егiс-топырақ қорғаныштық ормандар санатында басты мақсатында  
                ағаш кесу кезінде сүрек дайындау  
                              Көлемі 
                                           алымында, алқап га 
                                            бөлгішінде қор, м  3 
N
р/с
Орман пайдала-
нушының
атауы
Мемлекет-
тік орман
иеленуші-
нің атауы
Орман-
шылық
атауы
Тұқымдар тобымен басты мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі Барлы-
ғы
қылқан
жапы-
рақты
жұмсақ
жапырақ-
ты
қатты
жапырақ-
ты сек-
сеуіл
1 2 3 4 5 6 7 8
               
               
  Жиыны:            
Мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiнде өсiп тұрған
сүректi босатудың жыл
сайынғы мөлшерiн белгiлеу
ережесіне 2-қосымша
   _________________облысы 200__ жылы мемлекеттік орман қоры  
      учаскелерінде орман пайдалануға берілген күтіп-баптау  
           мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындау  
                               Көлемі 
                                           алымында, алқап га 
                                            бөлгішінде қор, м  3 
N
р/с
Орман
пайдала-
нушының
атауы
Мемлекеттік
орман иеле-
нушінің
атауы
Орманшылық
атауы
 
қылқан жапырақты
жарық-
тандыру
тазар-
ту
сире-ту өтпелі ағаш кесу
1 2 3 4 5 6 7 8
Мемлекеттік орман қорының санаты
               
  Жиыны:            
кестенің жалғасы
Тұқымдар тобымен күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі Бар-
лығы
жұмсақ жапырақты қатты жапырақты сексеуіл
жарық-
тан-
дыру
тазар-
ту
сирету өтпелі ағаш кесу жарық-
тан-
дыру
тазар-
ту
сирету өтпелі
ағаш
кесу
9 10 11 12 13 14 15 16 17
 
                 
                 
Мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiнде өсiп тұрған
сүректi босатудың жыл
сайынғы мөлшерiн белгiлеу
ережесіне 3-қосымша
    _______________облысы 200__ жылы мемлекеттік орман қоры  
        учаскелерінде орман пайдалануға берілген санитарлық  
         мақсатта іріктеп ағаш кесу кезінде сүрек дайындау  
                           Көлемі 
                                           алымында, алқап га 
                                            бөлгішінде қор, м  3 
N
р/с
Орман пайдала-
нушының
атауы
Мемлекет-
тік орман
иеленуші-
нің атауы
Орман-
шылық
атауы
Тұқымдар тобымен санитарлық мақсатта іріктеп ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі Бар-
лығы
қылқан
жапырақты
жұмсақ
жапырақ-
ты
қатты
жапырақты сексеуіл
1 2 3 4 5 6 7 8
  Мемлекеттік орман қорының санаты  
               
  Жиыны:            
Мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiнде өсiп тұрған
сүректi босатудың жыл
сайынғы мөлшерiн белгiлеу
ережесіне 4-қосымша
       _____________облысы 200___ жылы мемлекеттік орман қоры  
         учаскелерінде орман пайдалануға берілген өзге де ағаш  
                   кесулер кезінде сүрек дайындау  
                               Көлемі  
                                          алымында, алқап га 
                                          бөлгішінде қор, м  3 
N
р/с
Орман пайдала-
нушының
атауы
Мемлекет-
тік орман
иеленуші-
нің атауы
Орман-
шылық
атауы
Тұқымдар тобымен өзге де ағаш кесулер кезінде сүрек дайындау көлемі Бар-
лығы
қылқан
жапы-
рақты
жұмсақ
жапырақ-
ты
қатты
жапырақ-
ты сек-
сеуіл
1 2 3 4 5 6 7 8
  Мемлекеттік орман қорының санаты  
  санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесу  
               
  Жиыны:            
  су тораптарын, құбыр өткізгіштерді жолдар салумен байланысты орман алқаптарын тазарту  
  Жиыны:            
  орман соқпақтарын салу, өртке қарсы жыралар жасау кезінде орман алқаптарын тазарту  
               
               
  Жиыны:            
  өтімді үйінділерді жинау  
               
  Жиыны:            
  Барлығы:            
Мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiнде өсiп тұрған
сүректi босатудың жыл
сайынғы мөлшерiн белгiлеу
ережесіне 5-қосымша
       ___________облысы 200__ жылы____________басқаруындағы  
     мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман иеленушілердің  
      орындауымен күтіп-баптау мақсатта ағаш кесу кезінде сүрек  
                         дайындау Көлемі 
                                          алымында, алқап га 
                                            бөлгішінде қор, м  3 
N
р/с
Мемлекеттік
орман
иеленушінің
атауы
Тұқымдар тобымен күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі
қылқан жапырақты жұмсақ жапырақты
жарық-
тандыру
тазарту сирету өтпелі
ағаш
кесу
жарықтандыру
1 2 3 4 5 6 7
  Мемлекеттік орман қорының санаты
             
  Жиыны:          
кестенің жалғасы
Тұқымдар тобымен күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі Барлы-
ғы
жұмсақ жапырақты қатты жапырақты сексеуіл
тазар-
ту
сирету өтпелі
ағаш
кесу
жарық-
тан-
дыру
тазар-
ту
сирету өтпелі
ағаш
кесу
8 9 10 11 12 13 14 15
Мемлекеттік орман қорының санаты  
               
               
Мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiнде өсiп тұрған
сүректi босатудың жыл
сайынғы мөлшерiн белгiлеу
ережесіне 6-қосымша
   __________  облысы 200___ жылы _______________басқаруындағы  
    мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман иеленушілердің  
     орындауымен санитарлық мақсатта іріктеп ағаш кесу кезінде  
                         сүрек дайындау  
                            Көлемі 
                                     алымында, алқап га 
                                       бөлгішінде қор, м  3 
N
р/с
Мемлекеттік орман
иеленушінің атауы
Тұқымдар тобымен санитарлық мақсатта іріктеп ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі Барлы-
ғы
қылқан
жапырақты
жұмсақ
жапырақты
қатты
жапырақты
сексеуіл
1 2 3 4 5 6
  Мемлекеттік орман қорының санаты  
           
           
           
  Жиыны:        
Мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiнде өсiп тұрған
сүректi босатудың жыл
сайынғы мөлшерiн белгiлеу
ережесіне 7-қосымша
   ___________облысы 200___ жылы _______________басқаруындағы  
     мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман иеленушілердің  
      орындауымен өзге де ағаш кесулер кезінде сүрек дайындау  
                            Көлемі 
                                           алымында, алқап га 
                                            бөлгішінде қор, м  3 
N
р/с
Мемлекеттік
орман
иеленушінің
атауы
Тұқымдар тобымен өзге де ағаш кесулер кезінде сүрек дайындау көлемі Барлығы
қылқан
жапырақты
жұмсақ
жапырақты
Қатты
жапырақты
сексеуіл
1 2 3 4 5 6
  Мемлекеттік орман қорының санаты
  санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесу
  Жиыны:        
  су тораптарын, құбыр өткізгіштерді жолдар салумен
байланысты орман алқаптарын тазарту
  Жиыны:        
  орман соқпақтарын салу, өртке қарсы жыралар жасау кезінде орман алқаптарын тазарту
           
  Жиыны:        
өтімді үйінділерді жинау
           
  Жиыны:        
  Барлығы:        
Мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiнде өсiп тұрған
сүректi босатудың жыл
сайынғы мөлшерiн белгiлеу
ережесіне 8-қосымша
           Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  
      өсіп тұрған сүректі жыл сайын босатуға тапсырыс 
      200 __ жылғы "___"____________N ___ ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына сәйкес ағаш кесу түрлері бойынша* 
 ____________________________________________________________________ 
              (орманшылықтың және мекеменің атауы) 
 ____________________________________________________________________
жыл сайын сүрек босатудың мынадай көлемдерін енгізуді өтінемін:
1) басты мақсатта пайдалану үшін кесу бойынша (Ережеге 1-қосымшаның нысаны бойынша); 
2) аралық мақсатта пайдалану үшін кесу бойынша (Ережеге 2, 3-қосымшалардың нысандары бойынша); 
3) өзге мақсаттарда пайдалану үшін кесу бойынша (Ережеге 4-қосымшаның нысаны бойынша).
Орман пайдаланушы (жеке тұлға)______________________________________ 
                               (тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні)
немесе
Орман пайдаланушы (заңды тұлға)_____________________________________ 
                                   (басшы, тегі, аты, әкесінің аты, 
                                            қолы, мөрі, күні)
*Ағаш кесу түрлері бойынша көлемдер Ережеге қосымшаларға көрсетілген нысандар бойынша беріледі.
Мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiнде өсiп тұрған
сүректi босатудың жыл
сайынғы мөлшерiн белгiлеу
ережесіне 9-қосымша
           ______________________________облысы  
              (мемлекеттік орман иеленуші)
      Екпе ағаштан құралған биологиялық тұрақтылықты жоғалтып  
                   алған жиынтық ақпарат тізім 
Орман-
шылық
сынау
көлем-
нің N
Орамның N Телімнің
N
Сынаудағы
ағаш саны,
дана
Зиянкес және ауру атауының
көрсетумен
сүрекдіңнің
әлсіреу себебі
1 2 3 4 5 6
           
кестенің жалғасы
Санат жағдайындағы ағаш бөліп тарату,
сынаудағы көлемнің %
Ағаш
кесуге
жатады, %
порода I II III IV V VI
7 8 9 10 11 12 13 14
Мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiнде өсiп тұрған
сүректi босатудың жыл
сайынғы мөлшерiн белгiлеу
ережесіне 10-қосымша
             ____________________________облысы  
                (мемлекеттік орман иеленуші)
    Санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесу талап ететін екпе  
             ағаштан құралған жиынтық ақпарат тізім 
Орман-
шылық
Орам-
ның N
Телім-
нің N
Көлем,
га
Телімнің қысқа таксациялық
сипаттама
        құрам жасы толысуы бонитеті
1 2 3 4 5 6 7 8
кестенің жалғасы
  Сүрек қоры Орман түрі Жаңарудың қамтама-
сыздандыру
сүрекдің-
нің
әлсіреу
себебі
орта биік-
тігі, м
орта диаме-
трі,
см
1 га телім-
нің
барлы-
ғында
оның ішінде өтім-
ділік
9 10 11 12 13 14 15 16