Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3822
Осы редакция 25.05.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі есептерді қарауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2 қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2005 жылғы 30 шілдедегі
N 269 қаулысының
1-қосымшасы
Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк
тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесi
Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң), "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
20 ақпандағы Заңына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялардың (бұдан әрі - облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеудің, облигацияларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қараудың және бекітудің шарттары мен тәртібін айқындайды.
1. Облигациялардың шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегiндегi
облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
1. Эмитент облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
Эмитент агенттік облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында белгіленген мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға оның өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Жай акцияларына айырбасталатын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде айырбасталатын бағалы қағаздардың түрі, саны, облигациялары айырбасталатын акцияларды орналастыру бағасы, сондай-ақ айырбастау нәтижесінде сатып алынған облигация қайта орналастыруға жатпайтыны туралы ақпарат көрсетіледі.
Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта Acrobat Reader форматында және электронды тасымалдауышта мемлекеттiк және орыс тiлiнде (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әр қайсысында мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi акциялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама) проспектiсi бар.
Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама) ажырамас бөлігі болып табылады:
аудиторлық есептермен расталған соңғы екi қаржы жылының ішінде эмитенттің жылдық қаржы есептіліктің көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің және эмитенттің есептік саясатының көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсан аяғындағы жағдай бойынша эмитенттiң қаржылық есептiлiгiнің көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
облигацияларды ұстаушылар өкiлдерiмен жасалған шарттардың көшірмелері;
эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған нарықта облигацияларды орналастыруды жоспарлайтын эмитенттер үшін қор биржасының ресми тізіміне енгізу және тұрғылықты орны мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен бірге жасалған шарттардың көшірмелері (егер шартты жасау Заңның талаптарында көзделсе);
эмитенттің кірісін жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастыру құқықтық нысанда құрылған эмитенттер үшін қатысушылары арасында бөлу тәртібі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа концессиялық шарттың және кепiлдiк шарттың көшiрмелерi инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.
Оригинатордың соңғы жыл үшiн аудиторлық есебi, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секъюритилендiрудiң осы мәмiлесi бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiндегi мәліметтер, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікке сәйкес көрсетiлетін эмитенттiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоспағанда (Ереженiң 1 және 2-қосымшаларының 5-тарауында көрсетiлген), уәкiлеттi органға құжаттарды тапсыру күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнiне келтiрiледі.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусымға дейiнгi кезеңде аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есеп болмаған жағдайда (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады) қоғам соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екi жыл үшiн аудит жасалған қаржылық есептi уәкiлеттi органға ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептi қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есептi бекiткен күннен бастап бiр ай iшiнде ұсынады).
1-1. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент левереджiнiң мөлшерi (банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарын қоспағанда) (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес) уәкiлеттi органға құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның қорытындысы бойынша 2-ден аспайды.
1-2. Агенттік облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуі эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайында жүзеге асырылады:
1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару талаптарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді) уақтылы орындамау немесе орындамау жағдайларының болмауы;
2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистингі жағдайларының болмауы;
3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсынудың алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша левереджінің мөлшері 2-ден аспайды.
1-3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-5. Егер эмитент қайта ұйымдастыру арқылы қайта құрылу жағдайда облигациялар (облигация бағдарламасы) шығарылымының проспектісі құқықтық мирасқоры эмитент болып табылатын заңды тұлғалардың қаржылық есептілігі қоса берілген, қайта құрылу нәтижесінде қайта туындаған заңды тұлғалардың тіркеу күніне дейін екі жылға дейінгі кезеңнің мәліметтерінен тұрады.
2. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң талаптарына сәйкес тiркеген облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент:
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
2) облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымының осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектiсiн қағаз тасымалдағышта (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) бiр данада мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялық бағдарламалар шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар;
3) эмиссиялық органның облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн.
2-1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-2. Осы Ереженің мақсаты үшін "Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағаларынан өзге, сондай-ақ уәкілетті органмен "Moody's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының рейтингтік бағалары танылады (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер).
2-3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингі не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті облигациялар шығарылымын (шетел валютасында номиниирленген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу мынадай талаптар орындалған жағдайда жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органның және шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі тиісті уәкілетті органының (бұдан әрі – резидент еместің уәкілетті органы) арасында ақпаратпен алмасу туралы келісімнің болуы;
2) резидент емес эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «(ең жоғары санат) рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуіне және олардың сонда болуына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің орындауы;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облигациялар шығаруға резидент емес уәкілетті органның рұқсатының болуы не Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті елінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы резидент емес уәкілетті органның хаты (Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті қаржы ұйымы болып табылған жағдайда);