• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3822

Атауына өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.04.2007. № 110 қаулысымен (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы редакция 24.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі есептерді қарауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Ұсынылып отырған Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.04.2007. № 110 қаулысымен (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2 қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2005 жылғы 30 шілдедегі
 N 269 қаулысының
 1-қосымшасы
Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк 
 тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесi 
Атауына өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.04.2007. № 110 қаулысымен (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң), "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 
20 ақпандағы Заңына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялардың (бұдан әрі - облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеудің, облигацияларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қараудың және бекітудің шарттары мен тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.04.2007. № 110 (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
1. Облигациялардың шығарылымын (облигациялық 
 бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегiндегi 
 облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 77 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Эмитент облигациялардың (облигациялық бағдарламаны) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
Эмитент агенттік облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында белгіленген мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға оның өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Жай акцияларына айырбасталатын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде айырбасталатын бағалы қағаздардың түрі, саны, облигациялары айырбасталатын акцияларды орналастыру бағасы, сондай-ақ айырбастау нәтижесінде сатып алынған облигация қайта орналастыруға жатпайтыны туралы ақпарат көрсетіледі.
Облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта (мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде) және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әрқайсысында мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектiсi бар.
Мыналар облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының ажырамас бөлігі болып табылады:
аудиторлық есептермен расталған соңғы екi қаржы жыл үшін эмитенттің (қайта құрылған эмитентті қоспағанда) жылдық қаржы есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің және эмитенттің есептік саясатының көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсан аяғындағы жағдай бойынша эмитенттiң қаржылық есептiлiгiнің көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
облигацияларды ұстаушылар өкiлдерiмен жасалған шарттардың көшірмелері;
эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және сонда болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен бірге жасалған, облигацияларды ұйымдастырылмаған нарықта орналастыруды жоспарлайтын эмитенттерге арналған шарттардың көшірмелері (егер осындай ұйымдармен шартты жасау Заңның талаптарында көзделсе);
жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің кірісін оның қатысушылары арасында бөлу тәртібі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, концессиялық шарттың және кепiлдiк шарттың көшiрмелерi инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.
Оригинатордың соңғы жыл үшiн аудиторлық есебi, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секъюритилендiрудiң осы мәмiлесi бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектiсiндегi мәліметтер, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікке сәйкес көрсетiлетін эмитенттiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоспағанда (осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларының 5-тарауында көрсетiлген), уәкiлеттi органға құжаттарды тапсыру күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнiне келтiрiледі.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтар мен 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептілік болмаған жағдайда (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады) қоғам соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екi жыл үшiн аудит жасалған қаржылық есептілікті уәкiлеттi органға ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептілікті қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есептілікті бекiткен күннен бастап бiр ай iшiнде ұсынады).
Осы тармақтың талаптары дауыс беруші акцияларының жүз пайызын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі иеленетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым) облигациялар (облигациялық бағдарламалар) шығарылымына қолданылмайды.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.05.2012 № 195 (24.02.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-1. Облигациялар (облигациялық бағдарламаны) шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент (банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) левереджiнiң мөлшерi 2-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге арналған левередж шамасы 5-тен аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептілік деректеріне сәйкес).
1-1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.05.2012 № 195 (24.02.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-2. Агенттік облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуі эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайында жүзеге асырылады:
1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару талаптарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді) уақтылы орындамау немесе орындамау жағдайларының болмауы; 
2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистингі жағдайларының болмауы;
3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсынудың алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша левереджінің мөлшері 2-ден аспайды.
1-2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 77 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 77 Қаулысымен (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 77 Қаулысымен (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-5. Егер эмитент қайта ұйымдастыру арқылы қайта құрылу жағдайда облигациялар (облигация бағдарламасы) шығарылымының проспектісі құқықтық мирасқоры эмитент болып табылатын заңды тұлғалардың қаржылық есептілігі қоса берілген, қайта құрылу нәтижесінде қайта туындаған заңды тұлғалардың тіркеу күніне дейін екі жылға дейінгі кезеңнің мәліметтерінен тұрады.
1-5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 77 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң талаптарына сәйкес тiркеген облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент: 
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi; 
2) облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымының осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектiсiн қағаз тасымалдағышта (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) бiр данада мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялық бағдарламалар шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар; 
3) эмиссиялық органның облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн.
#$2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 99 қаулысымен, 30.04.2007. № 110, 28.11.2008 № 181 Қаулыларымен.(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
2-1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 77 Қаулысымен (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2-2. Осы Ереженің мақсаты үшін "Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағаларынан өзге, сондай-ақ уәкілетті органмен "Moody's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының рейтингтік бағалары танылады (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер). 
2-2-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 22.08.2008. № 125 қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2-3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 25.06.2010 № 87 Қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
2-4. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигациялар (облигациялық бағдарламаны) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектісі осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта (мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде) және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде (қоғамның қаржылық есептілігiн қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әрқайсысында мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектiсi бар. Бұл ретте осы Ереженiң 1-қосымшасының 8, 10, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 36-1 және 36-4-тармақтарында көрсетілген ақпарат екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) шығару кезінде толтырылмайды.
2-4-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.05.2012 № 195 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)