• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 10.11.2001 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасында меншiктiң барлық нысанының күзетi саласындағы қызметтi реттеу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 4 тамыз 1993 ж. N 671

1
Құқық тәртiбi мен заңдылықты нығайту, меншiктiң барлық нысандарын қылмыстық қол сұғушылықтан сенiмдi түрде қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының жанындағы күзет қызметi туралы Ереже (N 1 қосымша); 
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мiндеттi түрде қорғауына жататын мемлекеттiк объектiлердiң Тiзбесi (N 2 қосымша) бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне өз құзыры шегiнде мемлекеттiк емес күзет құрамаларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру жүктелсiн. 
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi аталған бақылауды жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлесiн, мүдделi министрлiктермен және ведомстволардың келiсiмiн алып, бекiтсiн. 
3. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар осы қаулымен бекiтiлген Тiзбеге қатаң сәйкес мемлекеттiк объектiлердiң iшкi iстер органдарының күзетуiне берiлуiн қамтамасыз етсiн. 
4. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1966 жылғы 12 мамырдағы "Қазақ ССР Қоғамдық тәртiптi сақтау министрлiгiнiң милиция органдары жанындағы ведомстводан тыс күзет жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" N 334 қаулысы;
"СССР Министрлер Советiнiң "Халық шаруашылығы объектiлерiн
күзетудi одан әрi реттеу және оларды күзеттiң техникалық 
құралдарымен жарақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1987 жылғы
4  тамыздағы N 877 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақ ССР 
Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 11 қыркүйектегi N 419 қаулысы
күшiн жойған деп танылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 4 тамыздағы
                                           N 671 қаулысына
                                            N 1 қосымша
     
            Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының
                  жанындағы күзет қызметi туралы
                             Ереже
     
                   I. Жалпы ережелер
     
1.1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары жанындағы күзет қызметi (бұдан әрi - күзет қызметi) ұйымдардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың, соның iшiнде шетелдiктердiң де, және азаматтардың материалдық және ақшалай құндылықтарына қылмыстық қол сұғудан объектiлердi, оқшауланған үй-жайлар мен пәтерлердi күзету арқылы қорғауға, шарттық негiзде өзге де күзет қызметiн көрсетуге арналған. 
1.2. Күзет қызметiнiң бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi. 
1.3. Күзет қызметi құрылымы жағынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жанындағы Бас күзет басқармасынан, iшкi iстердiң аумақтық органдары жанындағы басқармалардан, бөлiмдерден, бөлiмшелерден тұрады. Күзет қызметiнiң құрылымдық бөлiмшелерi заңды ұйымдар болып табылады, олар өз атынан шарттар жасай алады, төрелiк және халық соттарында талапкер әрi жауапкер бола алады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, дербес балансы, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде ағымдық есепшоттары болады, қаржы-шаруашылық қызметiн өзiн-өзi өтеу және өзiн-өзi қаржыландыру принциптерiнде ұйымдастырады. 
1.4. Күзет қызметi өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн және жергiлiктi өкiмет органдарының шешiмдерiн және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ведомстволық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
1.5. Күзет қызметi өзiнiң құзыры шеңберiнде қаржы-шаруашылық және шарттық қызметтiң мәселелерiн дербес шешедi. 
1.6. Күзет қызметiнiң бөлiмшелерiн қаржыландыру шарттар бойынша меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, азаматтардан келiп түсетiн арнайы (бюджеттен тыс) қаражаттың, сондай-ақ қызметтiң басқа да түрлерiнен алынатын табыстардың есебiнен жүзеге асырылады. 
Объектiлердi қорғағаны үшiн және басқа да қызметтердi көрсеткенi үшiн ақы төлеу тарифтер бойынша да, экономикалық жағынан негiзделген шығындар ескерiлген шартты бағалар бойынша да жүзеге асырыла алады. 
1.7. Күзет қызметiнiң бөлiмшелерi зейнетақы қорына ақша аударуды және әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi есеп айырысуды белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. 
Күзет қызметiнiң қарамағында қалатын қаражат алынуға жатпайды. Ол есепшотқа жиналады да материалдық-техникалық базаны дамытуға, әлеуметтiк бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады. 
Пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы есебiнен резерв қорына ақша аударылады, содан келтiрiлген зиянның орны толтырылады. 
1.8. Күзет қызметi өзiне жүктелген мiндеттердi Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң құрылымдық бөлiмшелерiмен, басқа да құқық қорғау органдарымен, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, еңбек ұжымдарымен және халықпен өзара iс-қимыл жасай отырып шешедi. 
2.1. Iшкi iстер органдары жанындағы күзет қызметi қалаларда, жұмысшы поселкелерiнде, аудан орталықтарында ұйымдастырылады және милиция, әскерлендiрiлген әрi күзет бөлiмшелерiнен, сондай-ақ инженер-техникалық, басқару және қызмет көрсету қызметкерлерiнен тұрады. 
2.2. Республика аумағында күзет қызметiнiң бөлiмшелерiн құруды, қайта құруды және жоюды Iшкi iстер министрлiгi жүзеге асырады. 
2.3. Күзет қызметi бөлiмшелерiнiң құрылымын, штатын, материалдық құндылықтардың тиесiлi нормасын және сметалық қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi жанындағы Бас күзет басқармасы бекiтедi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiледi. 
- күзетiлетiн объектiлерден келiп түскен дабыл белгiсiне жедел құлақ асуды жүзеге асыратын және құқық бұзушыларды ұстайтын бөлiмшелер мен милиция нарядтары; 
- белгi беру құралдарын монтаждау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырумен және орындаумен, оларға техникалық қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын инженер-техник қызметкерлер мен күзет-өрт белгi беру электромонтерлерi; 
- объектiлердi қорғау милиция нарядының күшiмен ұйымдастыру мүмкiн болмаған, бiрақ бұларда бақылау-өткiзу режимiн қамтамасыз етудiң қажеттiгi бар жағдайда бұларды күзететiн әскерилендiрiлген және күзет бөлiмшелерi кiредi. 
Әскерилендiрiлген күзеттiң жеке құрамы басшы (аға, орта, кiшi) және қатардағы құрамға бөлiнедi. Лауазымдардың номенклатурасын Iшкi iстер министрлiгi белгiлейдi. 
Әскерилендiрiлген бөлiмшелер иiр ойықты ату қаруымен, тегiс оқпанды күзет (қажет болған жағдайда) құралымен, ал жекелеген жағдайда иiр ойықты атыс құралымен қаруланады. 
Қару-жарақ пен оқ-дәрiнi беру, сақтау және есепке алу белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 
2.5. Күзеттiң түрi, оның адам саны, орналасуы, бекеттердiң саны және күзеткенi үшiн ақы төлеуi әрбiр нақтылы объектi үшiн шартты негiзде белгiленедi. 
2.6. Күзет қызметiндегi милиция қызметкерлерiне Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының Қатардағы және басшы құрамының қызмет өтеуi туралы ережесi қолданылады. 
- шарттар негiзiнде меншiктiң барлық нысандарындағы объектiлердi қылмыстық қол сұғудан қорғауды, сондай-ақ шарттарда көзделген күзет қызметiн көрсетудi ұйымдастыру; 
- Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың заңды мүдделерiн қорғау және қолда бар шарттарға сәйкес бағалы жүктердi апарысу жөнiндегi арнайы бөлiмшелердi құру; 
- меншiктiң барлық нысандарындағы объектiлердi күзетудi реттеу мен жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру; 
- министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң және лауазымды адамдардың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бекiтiлген және мүлiктiк қылмысты болғызбауға бағытталған ережелердi, нормалар мен стандарттарды сақтауына бақылау жасауды ұйымдастыру; 
- меншiктi қылмыстық қол сұғудан қорғауды қамтамасыз ету талаптарын белгiлейтiн ережелердi, нормалар мен стандарттарды, сондай-ақ күзет қызметiн реттейтiн үлгi - нұсқауларды, шарттарды, техникалық талаптарды және өзге де құжаттарды әзiрлеу мен келiсу; 
- күзет құралдары мен автоматтандырылған жүйелерiн жасау, оларды өнеркәсiптiк игеру, өндiру, сапасына бақылау жасау, пайдалану тактикасы, оларды енгiзу мен пайдалану қызметi саласындағы бiртұтас техникалық саясатты қамтамасыз ету; 
- халықаралық талаптар мен нормалардың негiзiнде күзеттiк белгi беру құралдарының мемлекеттiк стандарттары кешенiн жасау. Белгi беру құралдарын стандарттау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 
- объектiлердi қорғауды ұйымдастыру мәселелерi бойынша, соның iшiнде жобалау кезеңiнде кеңес беру, кәсiпорындарды, ғимараттарды, үйлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияларға қатысу; 
- күзетiлетiн объектiлердi белгi беру құралдарымен жабдықтау жөнiндегi монтаждау жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалау жасалуын, оларды пайдалануға қабылдауды, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудi жүзеге асыру. Осы жұмыстарды күзетiлмейтiн объектiлерде шарттық негiзде жүргiзу; 
- күзеттiң техникалық құралдарын бiрлесiп әзiрлеу, өндiру, монтаждау және қызмет көрсету саласында шетелдiк фирмалармен iскерлiк ынтымақтастықты дамыту; 
- күзеттiң техникалық құралдарының шетелдiк үлгiлерiн сынауды және оларды республикада қолдануға сертификаттар берудi қамтамасыз ету; 
- ведомстволық нормалар мен құжаттардың жобалары бойынша қорытындылар әзiрлеу мiндеттерi жүктеледi. 
3.2. Күзетiлетiн объектiлерде, күзет нарядтары қамтитын аймақтарда құқық бұзушылықтардан сақтандыру. 
3.3. Шетелдiк өкiлдiктер мен фирмалар орналасқан, шет ел азаматтары тұрып жатқан объектiлердегi күзеттiң техникалық құралдарына қызмет көрсету. 
- негiзгi қорларды, автомотокөлiктi, жабдықтарды, есептеу техникасы құралдарын, күзет-өрт белгi беру аппаратурасын, құралдары мен басқа да мүлiктi қоса алғанда, сатып алуға; 
- кәсiпорындар, соның iшiнде күзеттiң техникалық құралдарын жасауға және сериялап шығаруға, объектiлердi белгi беру құралдарымен жабдықтау жөнiндегi монтаждау-iске қосу жұмыстарына және меншiк иелерiне күзет жөнiндегi басқа да қызметтер көрсетуге мамандандырылған бiрлескен кәсiпорындар құруға; 
- күзет-өрт белгiсiн беру аппаратурасын, техникалық құралдар мен басқа да материалдарды бөтен ұйымдарға шартты бағалар бойынша сатуға; 
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнiң мекемелерiнде есепшоттар ашуға және несиелер алуға; 
- қалған еркiн қаражатты материалдық көтермелеу мен тұрғын үй құрылысы үшiн, әлеуметтiк-мәдени шараларға жұмсауға; 
- аукциондарға, түрлi биржалық сауда-саттықтарына қатысуға; 
- материалдық және ақшалай құндылықтардың сақталуы үшiн жауапты кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың басшыларына, басқа да лауазымды адамдарға күзетiлетiн объектiлерден ұрлауға және жымқырып кетуге жағдай туғызатын ереже бұзушылықты жою жөнiндегi орындауға мiндеттi ұйғарымдарды жiберуге, шаралар қолданылмаған жағдайда кiнәлi адамдарды қолданылып жүрген заңдарда көзделген жауапкершiлiкке тартуға құқы бар. 
             V. Күзет қызметкерлерiнiң мiндеттерi,                            құқықтары мен жауапкершiлiгi 
- меншiктiң барлық нысандарындағы объектiлердi талан-таражға түсуден және бөгде адамдардың кiрiп кетуiнен сақтауды қамтамасыз етуге; 
- қызмет өткерген жерлердi қылмыс жасаудан және басқа да құқық бұзушылықтан сақтандыруға және жолын кесуге; 
- күзетiлетiн объектiлерде iшкi iстер органдарымен, әкiмшiлiкпен, қоғамдық ұйымдармен ұрлықтың және жымқырып кетудiң алдын алу, құқық бұзушыларды ұстау жөнiндегi шараларды, материалдық құндылықтардың сақталу жағдайына тексерудi өз бетiмен жүргiзуге және соларға қатысуға; 
- күзетiлетiн объектiлердегi өрттi немесе тұтанып жатқанын аңғарған кезде бұл туралы өрт күзетiнiң бөлiмшесiне хабарлауға; 
- күзетiлген объектiлерге хауiп төндiретiн табиғат апаттарына қарсы күреске қатысуға, жапа шеккен адамдарға алғашқы жәрдем көрсетуге; 
5.2. Күзет қызметкерлерiнiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде: 
- күзетiлетiн объектiлердiң қызметкерлерiнен рұқсат беру мен объектiнiң iшкi режимдерiн сақтауды, күзет наряды қызмет атқаратын жерлерде азаматтардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап етуге; 
- күзетiлетiн объектiлерге қылмыстық қол сұғумен және басқа да құқық бұзушылықпен байланысты әрекеттер жасаған адамдарды ұстауға, жеке басын анықтау үшiн күзеттiң қызмет бөлмесiне жеткiзуге, хаттамалар жасауға және iшкi iстер органдарына тапсыруға; 
- көлiк құралдарын қарап шығуға және күзетiлетiн объектiнiң аумағына әкелiнетiн, одан әкетiлетiн жүктердiң товар-көлiк құжаттарына сәйкестiгiн тексеруге; 
- ұрлық жолын кесу және ұрланған заттарды қайтарып алу мақсатымен көлiк құралдарын және күзетiлетiн объектiнiң үйiнде немесе аумағында жүрген азаматтарды заңда белгiленген тәртiппен қарап шығуға; 
- ұрланған мүлiктi табу мен тартып алу үшiн нормативтiк актiлерде көзделген техникалық құралдарды пайдалануға, құқыққа қарсы әрекеттердi бейнелеу үшiн фотосуретке түсiрудi, таспаға жазып алуды, кино-бейне түсiрiмiн қолдануға; 
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қаруды және арнайы құралдарды қолдануға, қызмет және күзет иттерiн пайдалануға; 
- жеке басының хауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жекелей қорғаныс және белсендi қорғану құралдарын пайдалануға құқықтары бар. 
5.3. Өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны үшiн қызметтiң кiнәлi қызметкерлерi заңда белгiленген тәртiппен қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық және тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады. 
6.1. Күзет қызметiнiң меншiк иелерiмен өзара қарым-қатынасы және тараптардың жауапкершiлiгi қолданылып жүрген заңдармен, осы Ережемен, сондай-ақ жасалатын шарттармен реттеледi. 
6.2. Объектiлердi тиiсiнше техникалық жағынан нығайтуды қамтамасыз ету, оларды белгi беру құралдарымен жабдықтау және осы құралдарды жөндеу меншiк иелерiнiң есебiнен жүргiзiледi. 
Күзетiлетiн объектiлерде меншiк иелерi құрал-жабдықтары бар қызмет және қосалқы бөлме жайларды тегiн бередi, сондай-ақ радио мен телефон байланысын, сумен жабдықтауды, жарық берудi, осы бөлме-жайларды жөндеудi және күзет қызметiнiң хауiпсiз еңбек жағдайын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк мекемелердi, шетелдiк елшiлiктердi және дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi бөлiмшелерге бұған қоса автокөлiк тегiн бөлiнедi. 
             VII. Әлеуметтiк-тұрмыстық және                   материалдық-техникалық қамтамасыз ету 
7.1. Iшкi iстер органдары жанындағы күзет қызметi бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi мен олардың отбасыларының мүшелерi емхана, аурухана, санаторий, демалыс үйлерi, пионер лагерьлерi, балабақшалар қызметiн күзетiлетiн объектiлердiң жұмысшыларымен және қызметшiлерiмен бiрдей жалпы негiзде пайдаланады. 
7.2. Жағдайы денсаулыққа зиянды объектiлерде қызмет атқаратын iшкi iстер органдары жанындағы күзет қызметi бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi осы объектiлердiң жұмысшылары мен қызметшiлерi үшiн көзделген тиiстi жеңiлдiктер мен артықшылықтарды күзет қызметiнiң қаражаты есебiнен пайдаланады. 
7.3. Милицияның қатардағы және басшы құрамының арнайы атағы жоқ күзет қызметiнiң қызметкерлерiне iшкi iстер органдарында үздiксiз жұмыс iстегенi үшiн проценттiк үстеме тағайындалады. 
7.4. Әкiмшiлiктi және орталықтандырылған күзет пункттерiн орналастыру үшiн, материалдық-техникалық құралдарды, қарулар мен автомотокөлiктi сақтау үшiн күзет қызметiнiң бөлiмшелерiне қызметтiк үй-жайларын жергiлiктi атқару органдары бөледi. 
7.5. Күзет қызметiнiң бөлiмшелерiне арналған қызмет ғимараттары мен үй-жайларын салу Республика Iшкi iстер министрлiгiнiң күрделi қаржысы есебiнен, сондай-ақ басқа ұйымдардың үлестiк қатысуы есебiнен жүзеге асырыла алады. 
7.6. Күзет қызметкерлерiне тұрғын үй алаңы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген үй заңдарына сәйкес берiледi. 
7.7. Күзет қару-жарақпен және оқ-дәрiмен, арнайы киiммен және көлiкпен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi мен Бас күзет басқармасы арқылы қамтамасыз етiледi. 
Күзет қызметiнiң бөлшек сауда бағасы бойынша материалдық құндылықтарды сатып алуға, сондай-ақ басқа ұйымдармен оларды ауыстырып алуға құқы бар. 
7.1. және 7.2. тармақтары объектiлердi тiкелей                  күзету iсiмен айналысатын қызметкерлерге қатысты.
                                Қазақстан Республикасы 
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 4 тамыздағы
                                           N 671 қаулысына
                                            N 2 қосымша
     Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының         мiндеттi түрде қорғауына жататын мемлекеттiк объектiлердiң 
                       Тiзбесi         Қазақстан Республикасының жоғары және жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының ғимараттары. 
Шетелдiк елшiлiктер, дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтар. 
Кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың ақша кассалары. 
Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қопарғыш заттар мен материалдарды өндiретiн және сақтайтын объектiлер. 
Микробиология және дәрi-дәрмек өнеркәсiбiнiң, сондай-ақ есiрткiлi, улағыш заттарды, қатты әсер ететiн улар мен химикаттарды, жүйкенi қоздыратын, радиоактивтi заттар мен препараттарды ұқсату мен сақтау жөнiндегi объектiлер. 
Бағалы металдарды қазып алу, өңдеу, пайдалану және сақтау, олардан жасалатын бұйымдарды және басқа валюталық құндылықтарды сақтау кәсiпорындары. 
Тарихи-мәдени құндылықтар сақталатын музейлер, кiтапханалар мен басқа мәдени-ағарту мекемелерi, архивтер, халықаралық және мемлекеттiк маңызы бар архитектуралық-мемориалдық кешендер. 
Iрi гидротехникалық құрылыстар, су қоймаларының бөлгiштерi, тоннельдер, су өткiзу станциялары және тiршiлiктi қамтамасыз ететiн басқа да объектiлер. 
Республика аумағында орналасқан жұмылдырушылық резервтiң қоймалары. 
Киностудиялар, телевизия және радио орталықтары, телефон станциялары, телеграфтар, почтампттар, байланыс тораптары. 
Ғылым академиясының, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң, Өнеркәсiп министрлiгiнiң, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Сауда министрлiгiнiң, Көлiк министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк комитеттердiң, компаниялардың, концерндердiң, корпорациялардың, бiрлестiктердiң, қауымдастықтардың, одақтар мен трестердiң объектiлерi.