Toggle Dropdown
"Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 30 маусымдағы N 98 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5275 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3603 тіркелген) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 390 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3949 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 152 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4401 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 13 қазандағы N 182 (988) жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 227 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4490 тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
Аталған қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесінде:
Toggle Dropdown
7-тармақтағы:
Toggle Dropdown
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"1) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде маркет-мейкерлердің ешқайсысының да бағаланатын акциялары бойынша сұраныс пен ұсыныс арасындағы міндетті баға белгілеудің барынша төмен көлеміне қолдау көрсету және спрэд талаптары, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарымен осы акциялардың маркет-мейкерлері үшін белгіленген басқа міндетті талаптары бұзылған жоқ;";
Toggle Dropdown
2) тармақшадағы "жиырма бес" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
3) тармақша алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"4) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде осы акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында ашық сауда-саттық әдісімен кем дегенде он мәміле жасалды;
Toggle Dropdown
5) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде қор биржасының оннан кем емес мүшесі осы акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында ашық сауда-саттық әдісімен мәмілелер жасады.".
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
Toggle Dropdown
4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрайым Е. Бахмутова