Toggle Dropdown
7
Өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 26 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 79-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою қағидалары бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 11 қаңтардағы
№ 26 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 79-бабына сәйкес әзірленді және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника – жалған, тіркелмеген, жарамдылық мерзімі өткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника;
Toggle Dropdown
2) жалған дәрілік зат – құрамы, қасиеттері және басқа да сипаттамалары бойынша өндірушінің бірегей немесе өндірілген дәрілік затына (генерикке) сәйкес келмейтін, заңға қайшы және қасақана жасанды затбелгімен жабдықталған дәрілік зат;
Toggle Dropdown
3) тіркелмеген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника – Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтпеген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника;
Toggle Dropdown
4) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның жарамдылық мерзімі – мерзімі өткеннен кейін дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымды медициналық қолдануға болмайтын күні;
Toggle Dropdown
5) өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою – одан әрі пайдалану және адам мен жануарлардың қолжетімділігі мүмкін болмайтын дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға әсер ету (термикалық, химиялық, механикалық немесе өзгеше) рәсімі.
Toggle Dropdown
1
2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою тәртібі
Toggle Dropdown
1
3. Жалған, тіркелмеген, жарамдылық мерзімі өткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп саналады және олар тұрған субъектілердің жоюына жатады.
Toggle Dropdown
4. Өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жоятын орынды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен жазбаша келісу бойынша ол тұрған субъектілер айқындайды.
Toggle Dropdown
5. Өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының міндетті талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника төменде көрсетілген әдістермен жойылады:
Toggle Dropdown
1) медициналық техника егер оны өндіруші-ұйым әзірлеген медициналық техниканың пайдалану құжатында өзгеше белгіленбесе, тесуді, жыртуды қоса алғанда, демонтаждау, бөлшектеу, механикалық зақымдау жолымен, осындай зақымдаулар медициналық техниканы кейіннен қайта қалпына келтіру және оны бастапқы түрінде пайдалану мүмкіндігін болдырмайды деген шартпен басқа да зақымдау тәсілдерімен жойылады;
Toggle Dropdown
2) медициналық мақсаттағы бұйымдар, егер оны өндіруші ұйым әзірлеген медициналық мақсаттағы бұйымды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта өзгеше белгіленбесе, өртеу жолымен жойылады;
Toggle Dropdown
3) сұйық дәрі түрлері (ампулалардағы, пакеттердегі және сауыттардағы инъекцияларға арналған ерітінділер, микстуралар, тамшылар, аэрозольдық баллондардағы сұйықтықтар) кейіннен сұйықты 1:100 арақатынаста сумен араластыру және алынған ерітіндіні өнеркәсіптік кәрізге төгу (аэрозольдық баллондарға алдын ала саңылау жасалады), жаншу жолымен жойылады, ампулалардың, аэрозольдық баллондардың, пакеттердің және сауыттардың қалдықтары шығарылады және қалдықтарды жою жөніндегі стандарттың талаптарына сәйкес жойылады;
Toggle Dropdown
4) суда еритін дәрілік заттардың субстанциясынан тұратын қатты дәрі түрлері (ұнтақтар, таблеткалар, капсулалар) ұнтақ күйге жеткенше ұсақтағаннан кейін суға еріте отырып, 1:100 арақатынаста сумен араластыру және суспензияны (немесе ерітіндіні) өнеркәсіптік кәрізге төгу жолымен жоюға жатады;
Toggle Dropdown
5) суда ерімейтін дәрілік заттардың субстанциясынан тұратын қатты дәрі түрлері (ұнтақтар, таблеткалар, капсулалар), жұмсақ дәрі түрлері (майлар, суппозиторийлер), дәрілік заттардың трансдермальдық түрлері, сондай-ақ фармацевтикалық субстанциялар өртеу жолымен жойылады;
Toggle Dropdown
6) медициналық иммунобиологиялық препараттар залалсыздандырылып және 30 минут бойы (сібір жарасына қарсы вакцинаны 2 сағат) қайнату немесе Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралына салып қою жолымен жойылады.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды жою есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Құрамында радиоактивті элементтері бар медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар атом энергиясын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылады.
Toggle Dropdown
9. Отқа қауіпті, жарылу қаупі бар дәрілік заттар, радиофармацевтикалық препараттар, сондай-ақ құрамында жоғары радионуклеидтер бар дәрілік өсімдік шикізаты оларды жоюға тиісті лицензиясы бар ұйымның қарамағындағы арнайы технология бойынша ерекше жағдайларда жойылады.
Toggle Dropdown
10. Өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жойған кезде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою туралы акті жасалады.
Toggle Dropdown
11. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жоюды жүргізген субъектілер үш жұмыс күн ішінде өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою туралы актінің көшірмесін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жолдайды.
Toggle Dropdown
12. Егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника кедендік рәсімдеу кезеңінде өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп танылса, мұндай дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасынынан тыс жерге әкетілуге жатады немесе Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес тауарларды жоюдың кедендік режиміне қойылады.
Toggle Dropdown
13. Қарамағында өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника бар субъектілер осы Қағидалардың сақталуына және орындалуына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Toggle Dropdown
Өткізуге және медициналық
қолдануға жарамсыз дәрілік
заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы
жою қағидаларына
қосымша
Toggle Dropdown
Сатуға және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою туралы акті
Toggle Dropdown
20 ___ жылғы «___» ___________ сағ. ________ _____________
Toggle Dropdown
күні, уақыты жою орны
Toggle Dropdown
Біз:__________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
жоюға қатысқан тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы
Toggle Dropdown
төменде көрсетілген сомасы ________ теңге, саны ____ атаудағы өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жойдық, ол туралы осы акті жасалды:
Toggle Dropdown
| № | Дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың атауы | Дәрілік түрі, дозасы | Сериясы (моделі) | Өлшем бірлігі | Саны | Бағасы (теңге) | Сомасы (теңге) | Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндірушінің атауы | Жоюға негіздеме | Жою әдісі |
| | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Қолдары:___________ жоюға қатысқан тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты