• Мое избранное
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін тексеруді есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 14.11.2007 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін тексеруді есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 наурызда тіркелді. N 2744

Күші жойылды ҚР Бас Прокурорының 14.11.2007. № 46 Бұйрығымен (16.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
#$: Бұйрықтың атауына, 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.
Редакция 16.05.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу туралы статистикалық есептілікті әрі қарайғы жетілдіру және шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Заңымен сәйкестікке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы"  Заңының  11-бабы, 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып бұйырамын: 
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін тексеруді есепке алу бойынша Нұсқаулық бекітілсін. 
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Р.С.Хайруллин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
3. Бұйрық барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, Бас әскери прокурорға, Астана, Алматы қалаларының, облыстар мен оларға теңестірілгендердің прокурорларына, Комитеттің аумақтық органдарының бастықтарына жіберілсін. 
4. Күші жойылды деп танылсын: 
1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылдың 25 сәуіріндегі "Шаруашылық субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулерді алғашқы есепке алу құжаттарын тапсыру және тіркеу тәртібі туралы" Ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы N 66  бұйрығын  жою туралы" N 27 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1867-нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2002 ж., N 29., 634-бет); 
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылдың 25 сәуіріндегі "Шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді есепке алудың статистикалық кәртішкесінің нысандарын және оған қоса 1-П нысаны бойынша талон-қосымшаны, "Шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу туралы" есептің нысандарын, кәртішкелер мен шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу журналын, "Шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді есепке алудың статистикалық кәртішкесін жүргізу тәртібі туралы" N 1-П нысаны бойынша нұсқаулықты, "Шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу туралы" есепті және кәртішкелер мен шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу журналын бекіту мен іске қосу, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы N 67 бұйрығын жою туралы" N 28  бұйрығы  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1868-нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2002 ж., N 31., 654-бет). 
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін (М.Қ.Уәйісов). 
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының 
Бас Прокуроры
Шаруашылық жүргізуші субъектілер
 қызметін тексеруді есепке алу
 бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы
 Бас Прокурорының
 2004 жылдың 01 наурызындағы
 N 12 бұйрығымен бекітілген
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін   
  тексеруді есепке алу бойынша  
  Нұсқаулық 
#$: Нұсқаулықтың атауына өзгертулер енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер 
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін тексеруді есепке алу бойынша осы Нұсқаулық (әрі қарай - Нұсқаулық) " Мемлекеттік құқықтық статистика  және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орындалған және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулерді белгілейді. 
#$: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.
2. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу (әрі қарай - тексеру тағайындау жөніндегі акт) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тиісті аумақтық органдарымен (әрі қарай - Уәкілетті орган) жүзеге асырылады. 
Қалалар мен аудандардың, әскери гарнизондар мен көліктік аймақтардың аумақтарына тексерулер тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу тиісті Уәкілетті органдар бөлімшелерімен жүзеге асырылады. 
Уәкілетті органның және прокуратуралардың әскери немесе көліктік бөлімшелерінің болмауы жағдайында тексеру тағайындау туралы актілерді және ақпараттық есепке алу құжаттарын тіркеу  уәкілетті органның тиісті әскери немесе көліктік бөлімшесіне тіркеу күні немесе келесі күні берумен тиісті аумақтық уәкілетті органда жүзеге асырылады. 
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.
3. Осы есептің субъектілері, шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдар (әрі қарай - бақылаушы органдар) болып табылады. 
Аталған есепке алу объектілері бекітілген тәртіпте әділет органдарында тіркелген және (немесе) салық органдарында есепке алынған жеке және заңды тұлғалар болып табылады. 
#$: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.
4. Осы Нұсқаулық төмендегідей тексерулерді жүргізумен байланысты қатынастарға қолданылмайды: 
мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарда; 
жедел-іздестіру іс-шараларының шеңберінде; 
қозғалған қылмыстық істерді, анықтау, алдын-ала тергеу, прокурорлық қадағалау, сот төрелігін және атқарушылық іс жүргізуді, төтенше жағдайларды, соның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы, қауіпті жұқпалы аурулардың қозуын тергеу шеңберінде; 
бақылаушы орган мен шаруашылық субъектілердің арасындағы азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардан шығатын міндеттерді орындау бойынша; 
шаруашылық жүргізуші субъектісінің бастамасы бойынша; 
бақылау-өткізу пункттерінде, пункттер және бекеттерде; 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өту кезінде. 
#$: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар 
5. Осы Нұсқаулықта келесі ұғымдар пайдаланылады: 
шаруашылық субъектілер - кәсіпкерлік қызметті, қызмет көрсету мен жұмыс жүргізуді жүзеге асыратын және тауарлық айналымның қатысушылары ретінде алға шығатын заңды немесе жеке тұлғалар (филиалдар немесе өкілдіктер); 
тексеру - шаруашылық жүргізуші субъектілердің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасалатын бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын өкілетті мемлекеттік органдардың іс-әрекеті; 
тексеру тағайындау жөніндегі акт - шаруашылық жүргізуші субъектісінің қызметіне тексеру жүргізу үшін негіз болатын бақылаушы органның құқықтық актісі (қаулы, ұйғарым, бұйрық, тапсырма, жолдама және тағы да басқа); 
тексерудің қысқасы - заңмен анықталған мерзім ішінде бір шаруашылық жүргізуші субъектімен бір мәселе бойынша өткізілген тексерістер саны. 
#$: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.
6. Тексерудің түрлері: 
жоспарлы - бақылаушы органмен алдын ала жоспарланған, өткен тексерулерге қатысы бойынша заңдармен белгіленген уақытша аралықтарды ескеру арқылы жүргізілетін тексеру; 
жоспардан тыс - Президенттің, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, басқа да өкілдігі бар мемлекеттік органдардың тапсырмаларымен немесе сұранымдарымен, депутаттық сұранымдарымен, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерін бұзу туралы жүгінулерімен, өтініштерімен, шағымдарымен, хабарламаларымен және басқа да ақпараттарымен, заңдардың бұзылу, азаматтардың денсаулығы мен өмірлеріне төнген қауіп-қатердің пайда болу, авариялық жағдайлар белгілерін тікелей табумен байланысты, сондай-ақ жоспарлы іс-шаралардың нәтижесінде табылған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуына бақылау жасау мақсатында бақылаушы орган жүргізетін тексеру; 
өтініш бойынша - шаруашылық жүргізуші субъектісінің қызметіне қатысты бақылаушы органға келіп түскен жүгіну бойынша, анонимдікті қоспағанда, (арыз, шағым, өтініш) жоспардан тыс жүргізілетін тексерудің түрі; 
қарсы - тексерудегі шаруашылық жүргізуші субъектісінің келісілген міндеттері не басқа да құқықтық арақатынастары бар жеке немесе заңды тұлғаға (тұлғаға немесе өкілдікке) қатысты тапсырылған немесе алынған қосымша ақпараттың айқындылығын қайта тексеру мақсатында жоспардан тыс тәртіпте бақылаушы органмен жүргізілетін тексеру; 
рейдтік - Қазақстан Республикасы заңдарының жеке талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметін бір уақытта қамтитын тексеру; 
бірлескен - Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын сақтау мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектісінің қызметіне бірнеше бақылаушы органдармен жүргізілетін тексеру.
3. Ақпараттық есепке алу құжаттарын  
  тапсыру, тіркеу және жүргізу тәртібі 
7. Рейдтік тексерулерді қоспағанда, тексеру тағайындау туралы бір актінің негізінде, шаруашылық жүргізуші субъектінің бір тексеруі өткізілу тиіс. 
Бақылаушы орган тексеру тағайындау жөніндегі актіні шығарып, барлық қажетті реквизиттерді міндетті түрде толтыру арқылы, Нұсқаулыққа қоса берілетін 1-қосымшаға сәйкес 1-П нысанды шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін тексеруді есепке алу кәртішкесін (әрі қарай - 1-П нысанды кәртішке) жасайды. Тексеру тек осы актіде көрсетілген мәселелер бойынша жүргізіледі. 
Тексеру тағайындау жөніндегі акт пен 1-П нысанды кәртішке тексеру басталғанға дейін тексерудегі субъектінің тұрған жеріне қарай немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылу орнына қарай Уәкілетті органға тіркеу үшін тапсырылады. 
Тексеруге қатысатын тұлғалар құрамының өзгертілуі жағдайында, кешіктірілмей уәкілетті органда тіркелетін қосымша акті құрылады. 
#$: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 54 бұйрығымен, 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.
8. Бейуақытта тексеру жүргізу кезінде (түнде, демалыс немесе мереке күндері), қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіп-қатерді тез арада жоюды талап ететін пайда болған әлеуметтік-экономикалық жағдайдан туған тексерудің ерекше жағдайларында, сондай-ақ бұзушылықтардың тікелей жасалған кезінде оларды тапқан және делелдемелерді орнықтыру үшін жедел әрекеттерді жүргізу қажет болған жағдайларда тексеру тағайындау жөніндегі акт пен ақпараттық есепке алу құжаттары Уәкілетті органға тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде тапсырылады.
9. Тексеру өткізу басталғанға дейінгі уақыт тексеру тағайындау туралы актіні тапсыру мерзімі болып табылады. Тексеру аяқталғаннан соң тексеру тағайындау туралы актіде белгіленген мерзімнен кешіктірілмей оның нәтижелері туралы акті құрылады. Рейдтік тексерудің аяқталу мерзімі рейдтің аяқталған күні болып табылады. 
: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.