2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1672 Қаулысы
Осы редакция 31.12.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1672 қаулысымен бекітілген
"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін бұдан әрі - МНТБ) беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттерде тіркелген және 2 айдан артық мерзімге Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген көлік құралдарын қоса алғанда, көлік құралдары бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
өтініш иесі қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ең жоғарғы шекті уақыт: 6 сағаттан аспайды;
қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты: 40 минуттан аспайды;
құжаттарды алу кезінде кезек күтудің уақыты ең жоғарғы шекті уақыты: 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж белгіленген, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес:
көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - КҚТК) беру үшін - мемлекеттік баж төленетін күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 125 пайызын;
автомобильге МТНБ бергені үшін - АЕК-тің 280 пайызын;
мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне МТНБ бергені үшін - АЕК-тің 140 пайызын;
"Транзит" көлік құралын екінші жерге жеткізу үшін нөмерлік белгі бергені үшін АЕК-тің 35 пайызын құрайды.
Бұдан басқа, Кодексте көлік құралдарын тіркеу үшін, сондай-ақ КҚТК телнұсқасын алу кезінде тіркелетін (қайта тіркелетін) әрбір көлік құралы үшін АЕК-тің төрттен бір бөлігін құрайтын мемлекеттік алым көзделген.
Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2010 № 349 Қаулысымен. (26.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері электрондық үкіметтің порталында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) мен облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) веб-сайттарында, ресми ақпарат көздерінде, ТЕБ-дегі үлгілер ілінген стендтерде, ақпараттық тақталарда орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет аптасына алты күн көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады (дүйсенбі - жұмада сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбіде 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 13.30-ға дейін).
11. ТЕБ-нің үй-жайлары, әдетте ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек кіретін есігі, қабылдауды күтуге арналған орындары, орындықтары, үстелдері (тіректері) бар, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері ілінген стендтермен жабдықталған залы болады. Дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызмет тікелей өтініш иесі тұратын жерде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш иесі ТЕБ қызметкеріне мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |