• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 29.04.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2715
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру брокерлеріне жіберсін.
3. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Төраға Қазақстан Республикасының қаржы  
 рыногын және қаржылық ұйымдарды  
 реттеу мен қадағалау жөніндегі  
 агенттігі Басқармасының      
 2004 жылғы 19 қаңтардағы     
 N 6 қаулысымен           
 Бекітілген            
Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру брокерлері қызметінің шарттарын айқындайды. 
 кіріспе өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 82 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) қайта сақтандыру ковернотасы - қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға қабылдаған тәуекел үлесіне қатысты қайта сақтандыру ұйымының міндеттемесін растайтын және қайта сақтандыру шартының негізгі талаптары көрсетілген, қайта сақтандыру ұйымының толық атауын көрсете отырып қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыруға қабылдаған тәуекел үлесі (сақтандыру сомасының бір бөлігі) туралы қайта сақтандыру ұйымы белгі қоятын (уәкілетті тұлғаның қолы не мөрі) әрбір жеке қайта сақтандыру шартына қатысты сақтандыру брокері ресімдейтін құжат. Қайта сақтандыру ковернотасы халықаралық сақтандыру рыногының қабылданған іскерлік айналым тәжірибесіне сәйкес жасалады;