Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 1559 Қаулысы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 15 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 1, 7-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 15 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1033 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 443-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 1559 қаулысымен бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.08.2011 № 982 (31.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiне сәйкес әзiрлендi және денсаулық сақтау саласында аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Ережеде, мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
денсаулық сақтау субъектілері – жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын денсаулық сақтау ұйымы, сондай-ақ жеке тұлға;
медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілері қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке тұлға;
аккредиттелетін субъект – медициналық ұйым, денсаулық сақтау ұйымы, жеке тұлғалар;
аккредиттеуші орган – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
халық медицинасы (емшілік) – емдік заттар, сондай-ақ емдік және гигиеналық тәсілдер мен дағдылар туралы халықтың жинаған эмпиризмдік мәліметтерінің жиынтығы және оларды денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу мен емдеу үшін практикалық қолдану.
3. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуге:
көрсетiлетiн медициналық және фармацевтикалық қызметтердiң денсаулық сақтау саласындағы белгiленген талаптар мен стандарттарға сәйкестiгiн тану мақсатында медициналық ұйымдар;
емші сертификатын беру бойынша қызметпен айналысуға үміткер денсаулық сақтау ұйымдары;
денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке тұлғалар жатқызылады.
4. Аккредиттеу ерiктi сипатта болады және аккредиттелетiн субъектiнiң қаражаты есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынбаған өзге де қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
5. Денсаулық сақтау саласында аккредиттеудi жүзеге асыратын орган (ұйым) аккредиттеу жөнiндегi тиiстi комиссияны (бұдан әрi – Комиссия) құрады және емші сертификатын беру бойынша қызметпен айналысуға аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдарының, денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдар мен тәуелсiз сарапшылардың дерекқорын құрады.
6. Медициналық ұйымдарды аккредиттеудi аккредиттеуші орган не денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргiзедi.
7. Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ереже аккредиттеуші органның шешімімен бекiтiледi.
2. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке тұлғаларды аккредиттеуді жүргізу тәртібі
8. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалауды жүргiзуге аккредиттеуден өту кезiнде жеке тұлғалар аккредиттеушi органға мынадай құжаттарды:
1) уәкiлеттi орган бекiткен мамандықтар номенклатурасына сәйкес мәлімделген аккредиттеу саласын көрсете отырып, аккредиттеушi орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеуден өтуге арналған өтiнiшті;
2) жеке куәлiгiнiң көшiрмесiн;
3) салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн;
4) жоғары кәсiптiк бiлiмi туралы дипломның көшiрмесiн;
5) ғылыми дәрежелерiнің, атақтарының (олар болған кезде) болуы туралы құжаттардың көшiрмелерiн;
6) бiрiншi немесе жоғары бiлiктiлiк санаттарының берiлгенi туралы сертификаттардың көшiрмелерiн;
7) практикалық денсаулық сақтауда мамандығы бойынша кемiнде 7 жыл жұмыс өтiлiнiң болуын растайтын еңбек кiтапшасының көшiрмесiн;
8) жұмыс орнынан (негiзгi) мiнездеме немесе кәсiптiк медицина қауымдастықтарының немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың немесе медициналық бiлiм беру ұйымдарының (кемiнде екеу) ұсынымдарын;
9) соңғы 5 жыл iшiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және медициналық бiлiм беру ұйымдарында жалпы көлемi кемiнде 216 сағат бiлiктiлiгiн арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы, оның iшiнде сараптама жүргiзу мәселелерi бойынша немесе сараптама қызметiнiң негiздерi бойынша құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.
9. Аккредиттеуші орган құжаттарды алған сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде жазбаша уәждемемен өтінішті одан әрі қараудан бас тартылады.
10. Құжаттарды қарау мерзiмi денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеуден өткiзуге өтiнiш тiркелген сәттен бастап аккредиттеушi орган тиiстi шешiм шығарғанға дейiн 30 күнтiзбелiк күннен аспайды.
11. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу конкурстық iрiктеу (тестiлеу және әңгiмелесу) арқылы олардың бiлiктiлiгiн кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi.
12. Кешендi бағалаудың қорытындылары бойынша аккредиттеушi орган аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Кешендi бағалауды жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
13. Аккредиттеуден өткен субъектiге аккредиттеушi орган бекiтетiн нысан бойынша 3 жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк берiледi.
14. Мынадай жағдайларда аккредиттеу туралы куәлiк беруден:
1) ұсынылған құжаттарда бұрмаланған немесе жалған ақпарат болғанда;
2) кешендi бағалаудың (тестiлеу және әңгiмелесу) қанағаттанғысыз нәтижелерi болғанда;
3) азаматтардың және заңды тұлғалардың жеке тұлғаның қызметiне мемлекеттiк органдарға комиссиялық тексеру актiлерiмен расталған негiзгi шағымдары болғанда;