• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 28.07.2024 г

Отправить по почте

Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 125 Қаулысы

«Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2015 жылғы № 407 Бұйрығын қараңыз
Осы Қаулы 2024 жылғы 28 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.07.2024 жылғы № 553 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 11 ақпандағы
 N 125 қаулысымен
 бекітілген
Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне (бұдан әрі - өндіріс объектілері) есептік нөмірлер беру тәртібін белгілейді.
2. Есептік нөмірлер беруге Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық өндіріс объектілері жатады.
3. Ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне (бұдан әрі - ветеринарлық объект) есептік нөмірлер беруді және олардың Тізілімін жүргізуді ветеринария саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2009 жылғы № 2038 Қаулысымен (11.02.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
4. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне (бұдан әрі - санитарлық объект) есептік нөмірлер беруді және олардың Тізілімін жүргізуді халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2009 жылғы № 2038 Қаулысымен (11.02.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1) ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі - тамаққа тиісті өңдеусіз пайдаланылмайтын, жануардан алынатын тамақ өнімдері мен шикізатты, сондай-ақ азық және азық қоспаларын өндіретін (дайындайтын) кәсіпорын; 
2) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі - ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерін қоспағанда, тамақ өнімдерін өндіретін (дайындайтын) кәсіпорын; 
3) өндіріс субъектісі - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 
4) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар - өз құзыреттері шегінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (ветеринария және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар);
5) есептік нөмір - өндіру объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код.
2. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру тәртібі
6. Санитариялық объектілерге есептік нөмірлер беру олардың Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2009 жылғы № 2038 Қаулысымен (11.02.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
6-1. Ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Ереже 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.12.2009 жылғы № 2038 Қаулысына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
6-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.09.2015 жылғы № 803 Қаулысына сәйкес (08.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2015 жылы № 199 (28677) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 08.12.2009 № 2038 Қаулысымен (11.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
8. Санитарлық объектіге санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны оны тексеру нәтижелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының тиісті аумақтардағы және көліктегі аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) береді.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2009 жылғы № 2038 Қаулысымен (11.02.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
9. Есептік нөмір алу үшін өндіріс субъектісі аумақтық бөлімшеге мыналарды ұсынады:
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2009 жылғы № 2038 Қаулысымен (11.02.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1) есептік нөмірді алуға өтініш; 
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 
3) өндірілетін тамақ өнімдерінің тізімі.
10. Аумақтық бөлімше өтініш түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде өндіріс объектісін зерттеуді жүзеге асырады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2009 жылғы № 2038 Қаулысымен (11.02.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
11. Оң қорытынды болған кезде аумақтық бөлімше уәкілетті органға өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге өтінім жібереді.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2009 жылғы № 2038 Қаулысымен (11.02.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
Теріс қорытынды болған кезде аумақтық бөлімше өндіріс субъектісіне себептері көрсетілген дәлелді бас тарту жібереді.
12. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган өтінім түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өндіріс объектілеріне есептік нөмір береді және Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілері есептік нөмірлерінің тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізеді. Тізілімге енгізілгеннен кейін одан үзінді көшірме беріледі.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2009 № 2038 Қаулысымен (11.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
13. Өндіріс объектісіне берілетін есептік нөмір: 
өндіріс объектісінің қызмет түрін; 
өндіріс объектісінің реттік нөмірін қамтиды.
14. Тізілімнен үзінді аумақтық бөлімшеге жіберіледі, ол түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өндіріс объектісінің заңды мекен-жайына жіберіледі немесе қолына беріледі.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2009 № 2038 Қаулысымен (11.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
15. Өндіріс объектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда бір ай ішінде өндіріс субъектісі аумақтық бөлімшеге тиісті құжаттарды қоса бере отырып, есептік нөмірді қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2009 № 2038 Қаулысымен (11.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
16. Техникалық регламентпен анықталған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінде және (немесе) олардың орамасында (ыдысында) міндетті түрде өндіріс объектісінің есептік нөмірі көрсетіледі.