• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 09.04.2002 г

Отправить по почте

20

Нұсқауды бекіту туралы Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2000 жылғы 5 шілдедегі N 661 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 28 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1237

"Қазақстан Республикасының салық салу мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 қарашадағы N 485-І Заңына сәйкес
1. Осы бұйрыққа қоса берiлген "Сатылуы, сондай-ақ гранттар есебiнен жүзеге асырылатын импортталған тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетудi) қосымша құн салығынан босату тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Нұсқауы бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Әдiстеме департаментi (Yсенова Н.Д.): - аталған нұсқау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлсiн. - келiсiлген Нұсқауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберiлсiн. Министр Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі Мемлекеттік кріс Министрінің 2000 жылғы 28 шілдеде 2000 жылғы 5 шілдедегі Келісілді N 661 бұйрығымен бекітілді Гранттар қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сатылуын, сондай-ақ тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібі туралы Нұсқау 1.Жалпы ережелер 
1. "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы"  Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 1-тармағы 24) тармақшасы мен 71-бабы 10) тармақшасына сәйкес осы Нұсқау әзiрлендi және мемлекеттер, мемлекеттер үкiметi және халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлетiн гранттар қаражаттары есебiнен жүзеге асырылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) сатылуы, сондай-ақ тауарлар импорты бойынша айналымдарды қосылған құн салығын төлеуден босату тәртiбiн айқындайды. 
2. Грант қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi), сондай-ақ тауарлар импортын сату бойынша айналымдар грант туралы шарт негiзiнде салық заңдарына сәйкес қосылған құн салығынан босатылады. 
3. Грант - Қазақстан Республикасының Үкiметiне, заңды тұлғаларға (соның iшiнде резидент еместерге), олардың филиалдары, өкiлеттiктер және өзге де оқшауландырылған құрылымдық бөлiмшелерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға айқындалған мақсаттарына (мiндеттерiне) жету үшiн мемлекеттерi, мемлекеттер үкiметтерi, мемлекеттiк, халықаралық және қоғамдық ұйымдар мен Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларынан тегiн негiзде берiлетiн мүлiктер. 
4. Грант туралы шарт - мұндай келiсiм бiр құжатта немесе өзара байланысқан бiрнеше құжаттарда, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан сақталатынына қарамастан жазба нысанда және халықаралық құқықтарды реттейтiн шетел мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шарт (келiсiм). 
6. Өкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы атынан грант туралы шартта сөз сөйлейтiн және егер грант туралы шартта өзгелер көзделмесе атқарушы агенттi тағайындаушы мемлекеттiк орган. 
1) грант туралы шартты iске асыру мақсатында айқындалатын тұлға; 
2) грант мақсатын iске асыру үшiн өкiлеттi орган тағайындайтын тұлға. 
8. Жеткiзушi - атқарушы агентпен шарт (келiсiм-шарт) негiзiнде грантты атқару шеңберiнде атқарушы агентке тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сататын тұлға. 
9. Импорттаушы - грант шеңберiнде тауарларды импорттайтын тұлға. 
   3. Мемлекеттер, мемлекеттер үкiметi және халықаралық           ұйымдар желiсi бойынша берiлетiн гранттар қаражаттары есебiнен          жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату                  бойынша айналымды қосылған құн салығынан босату 
10. Грант есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату бойынша айналымды қосылған құн салығынан босатылғанын растаушы осы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) жеткiзушiлерi мыналар болып табылады: 
1) тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулерде атқарушы агентпен жеткiзушiнiң жасаған шарты (келiсiм-шарты); 
2) атқарушы агентпен белгіленген тәртiпте ресiмделген жұмыстарының (қызмет көрсетулерiнiң) орындалған және қабылданған кесiмдерi. 
11. Егер атқарушы агент грант туралы шартта көрсетiлмесе, онда жеткiзушiнiң тағайындалуы туралы өкiлеттi органның растауы болуы қажет. 
12. Егер грант туралы шартта атқарушы агент қаралған жағдайда, жеткiзушiде грант туралы шарттың көшiрмесi болуы қажет. 
4. Мемлекеттер, мемлекеттер үкiметi және халықаралық ұйымдар желiсi         бойынша берiлетiн гранттар қаражаттары есебiнен жүзеге асырылатын                 тауарлар импортын қосылған күн салығынан босату 
13. Грант шеңберiнде импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату үшiн кеден органына: 
2) грант туралы шартқа қолма-қол сiлтемесi бар тауар тасымалдау немесе тауарға ілеспе құжаттар тапсырылады. 
14. Егер грант шеңберiнде өкiлеттi органға немесе атқарушы агентке тауар тiкелей әкелiнсе, импорттаушыға қосылған құн салығынан босату үшiн кеден органына әкелiнетiн тауардың мәртебесiне растау тапсыруы қажет. 
15. Грант шеңберiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн және қосылған құн салығын төлемейтiн еркiн айналыс үшiн шығарылған тауарлар салық жеңiлдiктерi ұсынылуына байланысты, сол мақсатта ғана пайдалануы мүмкін. Өзгеде мақсаттарда аталған тауарларды импорттаушылар пайдаланған жағдайда, импортталатын тауарларды кедендік ресімдеу кезінде төленбеген қосылған құн салығы "Импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС" жеке субесебіне есептелетін бюджетке төлеуге жатады. Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А