Toggle Dropdown
Азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 203 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 203 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидасы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу тәртібін анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу тәртібі
Toggle Dropdown
2. «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысымен көзделген тәртіппен азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің тұрақты мониторингі нәтижесінде айқындалған азық-түлік қауіпсіздігіне қатер туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ақпарат ұсынады.
Toggle Dropdown
3. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты негізінде уәкілетті орган егін алаңдарының құрылымын, өндіру және қайта өңдеу көлемін, сондай-ақ тамақ шикізатының нақты түрі (немесе түрлері) қорларының болуын ескере отырып, биоотын өндірісі үшін пайдалануға жоспарланған мониторингі деректерін талдауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Республика аумағында азық-түлік қауіпсіздігі қатерінің туындағаны туралы куәландыратын факторларды айқындау кезінде уәкілетті орган белгіленген тәртіппен кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Toggle Dropdown
5. Кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталар көлемі күтілетін өндіріс көлемінен, ауыспалы қорлардың және азық-түлік мұқтаждарына, жем мен тұқымға ауыл шаруашылығы өнімінің ішкі тұтыну көлемінен анықталады және мынадай формула бойынша есептеледі:
Toggle Dropdown
КК = (КӨ + АҚ) - IT, мұнда:
Toggle Dropdown
КК - тамақ шикізатына квота көлемі, мың тонна;
Toggle Dropdown
КӨ - ауыл шаруашылығы өнімінің ағымдағы жылы күтілетін өндірісі, мың тонна;
Toggle Dropdown
АҚ - ауыл шаруашылығы өнімнің ауыспалы қоры, мың тонна;
Toggle Dropdown
IT - ауыл шаруашылығы өнімінің (азық-түліктік қажеттілік, жем мен тұқым) ішкі тұтынылуы, мың тонна.
Toggle Dropdown
6. Кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталар көлемі барлық биоотын өндіру зауыттарының жалпы жиынтық өндірістік қуатындағы үлестеріне барабар биоотын өндіру жөніндегі зауыттардың арасында бөлінеді.
Toggle Dropdown
8. Тамақ шикізатына квоталар кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын импорттық тамақ шикізатына қолданылмайды.