Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы N 669 қаулысы
Редакция 22.02.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 25 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының газ саласын 2015 жылға дейiн дамытудың тұжырымдамасының негiзгi бағыттары мен ережелерiн тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары мен мүдделi ұйымдары Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жыл сайын жарты жылдық пен жылдың қорытындылары бойынша Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi В.С.Школьникке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 18 маусымдағы
N 669 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының газ саласын
дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған
Бағдарламасы
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының газ саласын
атауы дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған
бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама).
Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасының Энергетика және
үшiн негіздеме минералдық ресурстар министрлігі әзiрлеген
және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002
жылғы 11 қаңтардағы N 25 қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының газ
саласын дамытудың 2015 жылға дейiнгi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003
жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен
бекiткен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының
Негiзгi әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі
Iске асыру мерзiмi 2004-2010 жылдар:
I кезең - 2004-2006 жылдар
II кезең - 2007-2010 жылдар
Бағдарламаның мақсаты Газ жөнiнде iшкi рыноктың сұранымдарын
анағұрлым толық қамтамасыз ету үшiн iлеспе
газды тасымалдау мен өңдеу жөнiндегі
қуаттылықтарды дамыту есебiнен халықаралық
транзиттің көлемiн ұлғайтудан және газдың
ішкі ресурстарын үнемдi пайдаланудан
әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiктi арттыру
және энергетикалық тәуелсiздiкке қол
жеткiзу, табиғи және сұйытылған газды,
сондай-ақ олардан өңделген өнiмдерiн сатудан
экспорттың әлеуетті өсiру.
Бағдарламаның Газ қорлары бойынша ресурстық әлеуеттi өсiру
мiндеттерi және iлеспе газды кәдеге жарату жөнiндегi
iс-шараларды енгiзе отырып, жаңа газ және
мұнай-газ кен орындарын өңдеумен оны өндiру
бойынша қуаттылықтарды дамыту.