Toggle Dropdown
1
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет керсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 440 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 30.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 440 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасының талаптарына және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарына сәйкес әзірленген.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаларға азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру тәртібін (бұдан әрі - Сертификат) белгілейді.
Toggle Dropdown
3. Сертификат иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілмейді.
Toggle Dropdown
4. Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы Сертификат қолданылу аясы мен мерзімі көрсетіліп, екі жыл мерзімге беріледі. Қолданылу мерзімі өткен соң Сертификат жарамсыз деп есептеледі.
Toggle Dropdown
5. Сертификаттауды, Сертификаттар беруді, оларды есепке алуды, сондай-ақ сертификаттау талаптарының сақталуын бақылауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
6. Сертификатталған авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулыққа сәйкес орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне байланысты ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізеді.
Toggle Dropdown
7. Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) өтінім - өтінім берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға сертификаттау рәсімін өту үшін берген жазбаша өтініші;
Toggle Dropdown
2) өтінім беруші - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның Сертификатын алу үшін өтініш жасаған заңды тұлға;
Toggle Dropdown
3) сертификаттық талаптар - азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
Toggle Dropdown
4) техникалық қызмет көрсететін ұйымның қызметі жөніндегі нұсқау - техникалық қызмет көрсететін ұйымның құрылымы және оның басшылығының міңдеттері, орындалатын жұмыстардың аясы, өндірістік база, техникалық қызмет көрсету рәсімдері мен сапаны қамтамасыз ету жүйелері туралы толық ақпарат қамтылған құжат;
Toggle Dropdown
5) техникалық қызмет көрсету - бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын, жекелеп, сонымен қатар бірге орындалатын тексеруді, ауыстыруды, ақауларды жоюды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ түрлендіруді немесе жөндеуді іс жүзінде жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
6) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – АТ ТҚ және Ж) – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі
Toggle Dropdown
8) авиациялық техниканы жөндеу - авиациялық техниканың жарамдылығы мен жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені.
Toggle Dropdown
2. Азаматтық авиацияның АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымды сертификаттауды жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
8. Сертификаттауды жүргізудің мынадай тәртібі белгіленеді:
Toggle Dropdown
1) өтінім берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаға 3-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттармен қоса осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда өтінім беруі;
Toggle Dropdown
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өтінім бойынша алдын ала бағалауы және шешім қабылдауы;
Toggle Dropdown
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган комиссиясының сертификаттық тексеру жүргізуі;
Toggle Dropdown
4) шешім қабылдау және сертификат беру (беруден бас тарту).
Toggle Dropdown
9. Өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға сертификаттауға арналған өтінімді:
Toggle Dropdown
1) жоспарлы сертификаттау кезінде (бастапқы немесе бұрын берілген сертификаттың қолданылу мерзімі өткен соң);
Toggle Dropdown
2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның қызмет аясын кеңейту қажет болған кезде береді. Өтінімге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес құжаттар қоса беріледі. Сертификаттық рәсімдер аяқталғаннан кейін өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқалары оларды алмастыратын көшірмелерді ұсыну шартымен өтінім берушіге кері қайтарып беруге жатады.
Toggle Dropdown
10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінімді алдын ала бағалауды жүргізеді және өтінім берушіге осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес өтінім бойынша шешімді хабарлайды. Өтінімді алдын ала бағалау құжаттарда ұсынылған рәсімдермен, практикамен және әдістермен жалпы танысуды және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеруді қамтиды.
Toggle Dropdown
11. Егер өтінім немесе оған қоса берілген құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтінім кері қайтару себептерін жазбаша көрсете отырып, кері қайтаруға жатады.
Toggle Dropdown
12. Өтінім бойынша лер болмаған кезде (лер жойылғаннан кейін) өтінім бойынша шешімнің негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия құрады. Комиссияның құрамы, жұмыс мерзімі және сертификаттау объектісі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен белгіленеді. Комиссияның құрамына төраға мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның функцияларына әуе кемелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұшуға жарамды күйде ұстау мәселелері жататын қызметкерлерінің кем дегенде екі мүшесі енгізіледі.
Toggle Dropdown
13. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттық тексеру осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес өтінім берілген қызмет салалары мен АТ ТҚ және Ж ұйымының сипаттамаларына қатысты жүргізіледі.
Toggle Dropdown
14. Сертификаттық тексеру жүргізу кезінде:
Toggle Dropdown
1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұйымының сипаттамасы (көрсеткіштері) тексеріледі және осы орталықтың сертификаттық талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін тексеру рәсімдері іске асырылады;
Toggle Dropdown
2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің толықтығы мен сапасы;
Toggle Dropdown
3) сапаның тұрақтылығы тексеріледі.
Toggle Dropdown
15. Сертификаттық тексеру мерзімі өтінім уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. Қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтінім берушіге хабарланады.
Toggle Dropdown
16. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
17. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша комиссия осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес екі данада өтінім беруші объектілерінің нақты жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және Сертификатты беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды көрсетілген сертификаттық тексеру актісін жасайды, оған соңында комиссияның барлық мүшелері қол қояды және өтінім берушіге танысу үшін ұсынылады.
Toggle Dropdown
18. Сертификаттық тексеру кезінде Сертификат беруге кедергі болмайтын сәйкессіздіктер анықталған жағдайда өтінім беруші күні мен осы сәйкессіздіктерді жоюға жауапты адамдар көрсетілген сертификаттау кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды. Іс-шаралар жоспарын өтінім беруші бекітеді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жібереді. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға олардың жойылғаны туралы анықтама ұсынады.
Toggle Dropdown
3. Сертификат беру немесе беруден бас тарту
Toggle Dropdown
19. Сертификат беру немесе беруден бас тарту үшін сертификаттық тексеру актісі негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
19-1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
20. Сертификатты ресімдеу мен беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексеру актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүргізеді.