Toggle Dropdown
4
Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2267 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ онда өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 ақпандағы № 218 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 118-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2267 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу ережесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, «Тағам өнімінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді (бұдан әрі - өнім) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
1
2. Халықтың пайдалануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануға арналған өнімдерді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу тәртібі
Toggle Dropdown
2. Инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті өнімдердің әкелінуінен Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын және аумағын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу барысында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық бақылауға жататын өнімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, өндірілетін, қолданылатын және өткізілетін өнімдерді санитариялық-эпидемиологиялық тексеруді жүргізеді.
Toggle Dropdown
3. Санитариялық-эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамы санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін толтырады.
Toggle Dropdown
4. Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнім:
Toggle Dropdown
1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмегенде;
Toggle Dropdown
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қауіпсіздікті куәландыратын құжат болмағанда;
Toggle Dropdown
3) санитариялық паспорты болмағанда (мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын объектіні, көлік құралын пайдаланған немесе қолданған кезде);
Toggle Dropdown
4) өнімнің жасандылығы анықталғанда;
Toggle Dropdown
5) жарамдылық және (немесе) сақтау мерзімі белгіленбегенде, жарамдылық және (немесе) сақтау мерзімі аяқталғанда;
Toggle Dropdown
6) жәндіктер, кеміргіштер және олардың сол өнімде болған іздері анықталғанда;
Toggle Dropdown
7) инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болу және таралу қаупі төнгенде, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижесі бойынша ол халықтың денсаулығы мен тіршілік ету ортасы үшін қауіпті деп танылғанда Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, қолдануға және өткізуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
5. Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді өндіруге:
Toggle Dropdown
1) өндіріс объектілері мен технологиялары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмегенде;
Toggle Dropdown
2) өндіріс объектісінің санитариялық паспорты болмағанда;
Toggle Dropdown
3) өнімдерді өндірудің технологиялық процесін сақтау үшін қажетті өндірістік және технологиялық жабдық, аппаратура, мүкәммал болмағанда;
Toggle Dropdown
4) халық үшін әлеуетті қауіп төндіретін, өндіріске алғаш рет енгізілетін және бұрын пайдаланылмаған заттар мен олардың негізінде дайындалатын материалдар мен препараттардың мемлекеттік тіркеуі болмағанда;
Toggle Dropdown
5) жаңа өнім өндіруге, технологияға, жабдыққа санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмағанда;
Toggle Dropdown
6) тыйым салынған тағамдық қоспаларды, ингредиенттер мен шикізаттарды пайдаланғанда;
Toggle Dropdown
7) инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болу және таралу қаупі төнгенде;
Toggle Dropdown
8) мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін өндіріс объектісінде ветеринариялық-санитариялық қорытынды болмағанда тыйым салынады.
Toggle Dropdown
6. Осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында санамаланған бұзушылықтар анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісінің негізінде бас мемлекеттік санитариялық дәрігер дереу халықтың пайдалануы мен қолдануына, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу туралы қаулы шығарады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген қаулы шығарылғаннан кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамы үш күн ішінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес сотқа талап өтініш береді.