• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 9 және 2004 жылғы 4 наурыздағы N 268 Қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 15.10.2007 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 9 және 2004 жылғы 4 наурыздағы N 268 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 794 Қаулысы

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 948 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Хьюстон бастамасы" кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 9  қаулысына:
"Хьюстон бастамасы" кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Орынбаев               - Қазақстан Республикасы Президентінің 
Ербол Тұрмаханұлы        Әкімшілігі Басшысының орынбасары - 
                  Экономикалық саясат басқармасының бастығы,                            төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазыбаев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және   Айдар Қалымтайұлы        сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау                            жөніндегі комитетінің төрағасы, комиссия                            хатшысы
Манақбай               - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"  
Толымбек                 акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы                            (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан: Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы, Мисников Владимир Андреевич, Ибадуллаев Азамат Амалұлы шығарылсын;
2) "Лицензиялау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 268 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 11, 143-құжат):
Лицензиялау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына енгізілсін:
Қазыбаев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және   Айдар Қалымтайұлы        сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау                            жөніндегі комитетінің төрағасы;
көрсетілген құрамнан Мисников Владимир Андреевич шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі