• Мое избранное
Қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін регламенттейтін заңнаманы қолдану практикасы туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін регламенттейтін заңнаманы қолдану практикасы туралы 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

Тақырыбы мен кіріспе өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008. № 3 Нормативтік қаулысымен. (24.04.1992 жылғы редакцияны қараңыз)
Тақырыбы мен кіріспе өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «80» деген цифрлар «76» деген цифрлармен ауыстырылды және «процессуалдық», «хұқығы», «хұқықты», «хұқықтары», «хұқыққа», «хұқықтарын», «хұқығынан», «хұқығына» сөздері «процестік», құқығы», «құқылы», «құқықтары», «құқыққа», «құқықтарын», «құқығынан», «құқығына» сөздерімен ауыстырылды ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысына сәйкес (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Нормативтік Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбiрленген адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн регламенттейтін заңнаманы соттардың қолдану практикасын талқылап және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы кепiлдiк берген жәбiрленушінің жеке басына, оның саяси, еңбек, тұрғын үй және басқа жеке және мүлiктiк құқықтары мен мүдделерiне қоғамға қауiптi қолсұғушылықтарды қарау жөніндегі қызметiнде жәбiрленушiлердiң құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету деңгейiн төмендететiн елеулі кемшiлiктер бар екенiне соттардың назар аудару қажет.
1-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Соттар жәбірленушілердің өздеріне жүктелген шақыру бойынша келу және шынайы айғақтар беру жөніндегі міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуі, олардың құқықтарын қатаң және дәйектілікпен сақтау iс бойынша ақиқатты анықтап, заңды, негізді және әдiл шешiм қабылдауға ықпал ететінін ескеруi қажет.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қоғамға қауiптi iс-әрекеттен моральдық, тәндік немесе мүлiктік зиянды тiкелей шеккен адам бұл іс-әрекетті жасаған адамның анықталған-анықталмағанына, жауаптылыққа тартылған-тартылмағанына қарамастан жәбiрленушi болып танылады. Аяқталмаған қылмыстық әрекет туралы iстер бойынша (қылмыстық құқық бұзушылыққа дайындалу, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға оқталу) адамға моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян нақты келтiрiлген кезде ол жәбiрленушi деп танылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008. № 3 Нормативтік қаулысымен. (24.04.1992 жылғы редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян адамның зиянды келтiруге өзiнiң ерiктi келісімiнiң (мысалы, криминалдық абортпен байланысты, пара беру кезінде және басқалары) салдарынан пайда болса, оны жәбiрленушi деп тануға болмайды.
Қылмыстық құқық бұзушылықпен мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Мұндай жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін өкілеттігі тиісті сенімхатпен ресімделген заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.
4. Қоғамға қауiптi iс-әрекетпен зиян келтiрiлген адам тек оны жәбiрленушi, азаматтық талапкер деп тану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана тиiстi процестік құқықтарға ие болады және оған заңда белгiленген мiндеттер жүктеледi. Сондықтан сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап адамды жәбiрленушi деп тану, оған құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде білікті заң көмегін алу, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда оларды толық және уақтылы iске асыру мақсатында оны тегін алу құқығын да түсiндiру дереу жүргiзiлуге тиіс.
4-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008 № 3, 25.06.2010 № 5 Нормативтік қаулыларымен (24.04.1992 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Адамды жәбiрленуші деп тану туралы қаулыда оған қандай зиян келтiрiлгенi көрсетiлуге тиіс. Зиянның бiрнеше түрi келтiрiлгенде, бұл мән-жай қаулыда көрсетілуге тиіс.
4-1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2011 № 1 нормативтік қаулысымен (25.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
5. Материалдық залалды, оның iшiнде асыраушысынан айырылумен, мертігумен немесе денсаулығының басқа да зақымдануымен байланысты келтiрiлген залалдың орнын толтыру туралы, жерлеуге жұмсалған шығыстар туралы, моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеу және басқалары туралы талап қойған жәбiрленушi азаматтық талапкер болып та танылуға тиіс.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңды негiзде иесінде (жалға алушы, сақтаушы және басқалары) болған материалдық құндылықтар жымқырылған, зақымданған немесе жойылған жағдайда меншік иесі де, осы құндылықтардың иесi де, азаматтық талапты қоюға құқылы.
Азаматтық талапкер болып танылған жәбiрленушi, iске прокурордың қатысуына қарамастан азаматтық талапкер құқығымен соттағы жарыссөздерге қатысуға құқылы.
5-1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың салдарынан қордан өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушіге келтірілген зиян «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 131-VI Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда, тәртіппен және мөлшерде өтеледі.
5-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысына сәйкес (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Адамда өтемақы алу құқығы ол жәбірленуші деп танылғаннан кейін тікелей бірден туындайды және оның немесе оның өкілінің қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға арыз беруі арқылы іске асырылады (2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Салдарынан адам қайтыс болған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жәбірленушінің заңда көзделген құқықтарына оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), асырап алушылары, асырап алынғандары ие болады, араларындағы қол жеткізілген уағдаластықты ескере отырып, олардың біреуі жәбірленушінің өкілі емес, жәбірленуші деп танылады. Егер жәбірленушінің құқықтарын беруді аталған адамдардың бірнешеуі талап етсе, олар да жәбірленуші деп танылуы мүмкін. Қаза тапқан адамның жақын адамдарының көзінше жасалған қасақана кісі өлтіру туралы істер бойынша бұл адамдар жәбірленуші деп танылуға тиіс.
6-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда және оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), асырап алушылары, асырап алынғандары болмаған кезде оның құқықтарын қылмыстық сот ісін жүргізуде қорғаншылар, қамқоршылар, өзі қамқорлықта немесе асырауында болған мекемелердің, ұйымдардың және адамдардың өкілдері білдіре алады. ҚПК-нің 7-бабының 11) тармағына сәйкес ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жақын туыстары болып табылады.
7. Жәбірленуші өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін дербес не қылмыстық процесті жүргізетін орган қылмыстық процеске қатысуға жіберетін өкіл арқылы жүзеге асыра алады. Бұл жағдайда қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама негізінде адвокат, сенімхат негізінде жәбірленушінің мүдделерін білдіруге заңды түрде құқылы кез келген адам, оның ішінде жақын туыстары да өкіл бола алады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысына сәйкес (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 жылғы № 6 Нормативтік қаулысымен (20.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер жәбірленуші кәмелетке толмаған адам немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін дербес қорғауға мүмкіндігі жоқ адам болып табылса, заңды өкілдің және өкілдің қатысуы міндетті. Бұл жағдайда жәбірленушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілі таңдап алған адвокат қана өкіл ретінде жіберіледі. Заңды өкілдің ұғымы ҚПК-нің 7-бабының 13) тармағында берілген.
Осы талап бұзылған кезде қандай жағдайда болмасын соттың үкімінің, қаулысының күші жойылуға жатады.
Он төрт жасқа дейінгі не он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жәбірленушіден жауап алу кезінде заңды өкілдермен қатар педагог пен психолог қатысады.
8. Жәбiрленушінің, оның заңды өкiлiнiң немесе жақын туыстарының арасынан өкiлдiң іске қатысуы келісіммен болған жәбiрленуші өкiлiнің де осы іске олармен бірге бір мезгілде қатысу мүмкiндігін жоққа шығармайды. Бұл ретте адамды жәбiрленушi деп таныған кезден бастап оған сот iс жүргiзудің кез келген сатысында келісіммен болған өкiлдiң іске қатысуға құқығы түсiндiрілуі тиіс екенін ескеру қажет.
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2010 № 5 Нормативтік қаулысымен (22.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қатысуына заңмен тыйым салынған адамдар өкiл бола алмайды.
Өкiлдер жәбiрленушiмен бірге немесе жәбірленуші болмаған кезде де іске қатысуға жіберіледі. ҚПК-нің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда өкілдердің еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жәбiрленушінің, азаматтық талапкердiң өкілдері жәбiрленушінің, азаматтық талапкердiң қатысуымен жүргiзілетін тергеу әрекеттерінің басы-қасында болуға және прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға құқылы.
Жәбiрленушi iс бойынша іс жүргізудің кез келген кезеңінде келісіммен болған өкiлден бас тартуға құқылы.
9. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, олардың өкілдерінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін берген іспен танысқысы келмейтіні туралы арызы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды аталған адамдарға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарлау және іспен танысу құқығын, өтінішхаттардың мәлімдемесін түсіндіру міндетінен босатпайды.
9-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008. № 3 Нормативтік қаулысымен). (24.04.1992 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Жекеше айыптау істері бойынша айыпталушы қарсы айып тағуға құқылы, мұндай жағдайда сот екі айыптауды бір мезгілде шешуге тиіс. Ондай жағдайда екi арыз иесі де бiр процесте тек жәбiрленушi ғана емес, сотталушы да болып есептеледi және сот олардың әрқайсысына заңда көзделген жәбiрленушінің де, сотталушының да барлық процестік құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
11-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008. № 3 Нормативтік қаулысымен. (24.04.1992 жылғы редакцияны қараңыз)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Сот сотталушыны жәбiрленушінің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін, оны масқаралайтын жалған ақпараттар мен мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында таратудан көрінген жала жабу немесе қорлау үшін кінәлі деп таныса, үкiмде жәбірленушінің беделін түсіретін мағлұматтардың жалғандығын баспасөзде жариялау қажеттігі жөніндегі мәселені шешуге міндетті.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Егер жәбiрленушi, азаматтық талапкер, олардың өкiлдерi сот іс жүргiзу тiлін білмейтін болса, олар аудармашымен қамтамасыз етiлуге тиiс. Олардың өтінішхаты бойынша олардың мүдделерін қозғайтын іс материалдары олардың ана тіліне немесе өздері білетін тілге аударылуға тиіс.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, олардың өкiлдерiне қандай да болсын заңсыз ықпал жасаудан олардың қорғану құқығы бар екендігі уақтылы түсiндiрiлуге тиіс.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, олардың өкiлдерiне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне немесе жақын туыстарына өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту, сотқа келулерiне кедергi келтіруге, айғақтар беруден бас тартуға мәжбүрлейтін не қасақана жалған айғақтар беруге, немесе өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге мәжбүрлеу туралы жеткiлiктi деректер болса, анықтау органдары, тергеушi, прокурор, сот бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, ар-намысын, абыройын және мүлкін қорғауға, сондай-ақ кiнәлi адамдарды анықтауға және оларды жауапқа тартуға заңда көрсетiлген шараларды қабылдауға міндетті.
15. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақ алынып тасталды ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысына сәйкес (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16. Қылмыстық процесті жүргізетін орган мүліктік, тәндік немесе моральдық зиян келтірілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы әрбір іс бойынша жәбірленушіге қылмыстық істе азаматтық талап қою құқығын түсіндіруге міндетті, ал мұндай талап қойылған кезде оны азаматтық талапкер деп тануға және оған тиесілі құқықтар түсіндірілуге тиіс.
16-тармақ жаңа редакцияда ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2010 № 5 (22.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Нормативтік қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
16-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Жәбірленушіге қоғамдық қауіпті іс-әрекетпен келтірілген материалдық залалды өтеу қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, азаматтық заңнаманың нормаларына сәйкес мүліктік зиянға жауапты адам оны азаматтық талапкерге немесе жәбірленушіге заттай (сол сападағы және түрдегі затты ұсыну, бүлінген затты түзету және т.б.) немесе жәбірленушінің мүлкін жымқыруға, жоюға байланысты келтірілген залалды толық өтеуге; зиян келтіруші жәбірленушінің мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты, асыраушысынан айырылуына байланысты - жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеуге; заңда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жоғары қауіптілік көздерінен келтірілген зиянды оның иесі өтеуге, әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиянды, егер олар зиянның өздерінің кінәсінен туындамағанын дәлелдемесе, оның қамқоршысы немесе қадағалауды жүзеге асыруға міндетті ұйым өтеуге; он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған келтірген зиян үшін, оның мүлкі немесе басқа да жеткілікті кіріс көздері болмаған жағдайда зиянның толық немесе жетіспейтін бөлігінде, егер олар зиянның олардың кінәсінен туындамағанын дәлелдемесе, заңды өкілдер өтеуге міндетті екенін соттардың назарда ұстағаны жөн.
17-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Мүлiктi жымқырумен, зақымдаумен немесе жоюмен келтiрiлген залал жәбiрленушiге оны өтеу туралы шешiм қабылданған күнге қалыптасқан баға ескеріле отырып өтеледi.
18-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қажет болған жағдайда мүлiктi жымқыру, зақымдау немесе жою арқылы келтiрiлген залалдың мөлшерiн сот сараптама қорытындысы негiзiнде анықтайды немесе залалды мамандар, сарапшылар анықтауы мүмкiн.
Сот iс бойынша іс жүргізу кезінде қалыптасқан бағаны ескерiп, өтеуге жататын залалдың мөлшерiн ұлғайтуға құқылы. Қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн бағаның өзгеруіне байланысты өндіріп алу мөлшерiнiң өзгеруi қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы мен айып көлемiне ықпал етпейді.
19. Айыптау үкімін шығарған кезде сотталғаннан жәбiрленушінің пайдасына сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотқа келісім бойынша қатысқан жәбiрленушінің өкiлiнiң еңбегiне ақы төлеумен байланысты шығыстар өндiрiлуге жатады.
19-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қылмыстық-процестік заңнамада көзделген жәбiрленушінің, оның өкiлiнiң өзге де шығыстары (процестік әрекеттер жүргiзiлетiн жерге келуге және керi қайтуға жол ақысын төлеу, тұрғын үй жалдау, тәулiктiң төлемақы және басқалары) жоғарыда аталған адамдардың пайдасына сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының, соттың қаражатынан төленедi және кiнәлi адамнан мемлекет кірісіне өндiрiледi.
20. Бiрлескен әрекеттерiмен зиян келтiрген сотталған адамдарға егер мұндай өндіріп алу тәртiбі азаматтық талапкердiң мүдделерiне сай келсе және залалды өндiріп алуды қамтамасыз етсе, сот ортақ жауаптылықты емес, үлестік жауаптылықты міндеттеуге құқылы.
20-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21. Сот жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, олардың өкiлдерiне басты сот талқылауының хаттамасымен танысуға және оған өз ескертпелерiн беруге құқылы екенiн түсiндiруге мiндеттi және бұл басты сот талқылауы хаттамасында көрсетілуге тиiс. Белгіленген мерзiмдердi бұза отырып ресімделген хаттамаға қол қойылған күн туралы аталған адамдар хабардар етілуге тиiс.
21-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22. Егер сот талқылауы процесінде қоғамға қауiптi іс-әрекетпен жәбiрленушi деп танылмаған азаматқа зиян келтiрiлгенін анықтаса, сот оны жәбiрленушi деп тану туралы қаулы шығаруға, оған құқықтарын, оның iшiнде сот талқылауы материалдарын қоса алғанда, iспен танысуға құқықтарын түсiндiруге және оның құқықтарын iске асыруын қамтамасыз етуге тиiс.
22-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008. № 3 Нормативтік қаулысымен. (24.04.1992 жылғы редакцияны қараңыз)
22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетiлген мән-жайлар кеңесу бөлмесiнде анықталса, сот тергеудi қайта бастауға мiндеттi.
23. Жәбiрленушiге бiрiншi сатыдағы сотқа оның қатысқан-қатыспағанына қарамастан, апелляциялық шағым жасау құқығы қамтамасыз етiлуге тиіс. Жәбiрленушi барлық жағдайларда шығарылған үкiм туралы оған шағым жасау тәртiбi түсiндiріліп, процеске басқа қатысушылардың шағымдары және прокурор келтірген өтінішхат, сондай-ақ iстiң апелляциялық сатыдағы сотта қаралатын күнi мен орны туралы хабарлануға тиiс.
23-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008 № 3, 25.06.2010 № 5 Нормативтік қаулыларымен (24.04.1992 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
23-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
23-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24. Апелляциялық сатыдағы сот жәбірленушіге прокурор келтірген өтінішхат немесе процестiң басқа қатысушысы берген апелляциялық шағым туралы, сонымен қатар iстiң апелляциялық тәртіппен қаралатын күнi туралы хабарланбағанын, прокурордан келіп түскен өтінішхатпен, шағыммен танысуға, оларға қарсылық беруге мүмкiндік жасалмағанын анықтаса, өзi iстей алатын жағдайларды қоспағанда (мысалы, жәбiрленушiнiң апелляциялық сатыға келуі және өзіне қажеттi құжаттармен танысуы), жiберiлген бұзушылықтарды жою үшiн iстi үкiм шығарған сотқа қайтаруға міндетті.
24-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008 № 3, 25.06.2010 № 5 Нормативтік қаулыларымен (24.04.1992 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
24-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
25. Неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігiне немесе жазаның жеңiлдiгіне байланысты үкімнің күшін жою, сол сияқты ақтау үкімінің күшін жою жәбiрленушi нақ осы көрсетiлген негiздермен апелляциялық шағым, кассациялық тәртіппен өтінішхат берген жағдайларда ғана орын алуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi үкiмге басқа негiздермен шағымданса (оған келтiрілген мүлiктiк залал мөлшерiнің қате есептелгені, басқа адамдардың жауаптылыққа тартылмағаны және т.б.), онда соттың сотталған адамның жағдайын нашарлатуға немесе ақтау үкімінің күшін жоюға құқығы жоқ.
25-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008 № 3, 25.06.2010 № 5 Нормативтік қаулыларымен (24.04.1992 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
25-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26. Жәбiрленушіні құқығынан айыру немесе оны шектеу, егер ол соттың iстi жан-жақты қарауына кедергі келтірсе және заңды, негізді үкiм шығаруына ықпал етсе, үкiмнің күшін жоюға алып келетін қылмыстық-процестік заңды елеулi бұзу деп танылуы мүмкiн.
26-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2010 № 5 Нормативтік қаулысымен (22.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
26-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осыған байланысты соттар қылмыстық істерді басты сот талқылауында қарау кезінде де, іс бойынша шыққан сот актілерін апелляциялық, тәртіппен қайта қарау кезінде де, сондай-ақ сотталған адамды жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату мәселесін қарау кезінде жәбірленуші мен оның өкілінің қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте соттар оларға іс материалдарымен соның ішінде келіп түскен шағымдармен, прокурор келтірген өтінішхаттармен және өзге де өтінішхаттармен танысу құқығын түсіндіруі, сотқа өздерінің жазбаша қарсылықтарын, арыздарын және өтінішхаттарын жолдау, ал сот отырысына жеке өзі қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда өзінің өкілін жіберуі не сотқа істі олардың қатысуынсыз қарау туралы жазбаша хабарлауы қажет.
27. Осы қаулының қабылдануына байланысты «Жәбiрленушінің қылмыстық сот өндiрiсіндегі қатысуын реттейтiн заңды соттардың қолдану практикасы туралы» 1985 жылғы 1 қарашадағы № 16 КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы қолданылмайды деп танылады.
27-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2010 № 5 Нормативтік қаулысымен (22.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
27-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
28. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы Қаулы 28-тармақпен толықтырылды ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 8 Нормативтік қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
28-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)