• Мое избранное
Кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидасын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 04.12.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1120 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 4 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 775 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 122-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидасы бекітілсін.
2. «Тауарларды кедендік ресімдегені үшін кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатуға арналған құжаттар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 279-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                              К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 26 қазандағы
 № 1120 қаулысымен
 бекітілген
Кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағиданың қолданысы тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелуді немесе осы аумақтан әкетуді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға таралады.
3. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін немесе кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 281-бабында, сондай-ақ осы Қағидада көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасының кеден органына ұсынған кезде кедендік алымдарды салудан босатылады.
4. Олардың негізінде кедендік алымдарды салудан босату берілетін құжаттар тауарларды кедендік декларациялау жүргізілетін кеден органына Кодекстің 283-бабында айқындалған мерзімде кедендік декларацияны берумен бір уақытта ұсынылады.
2. Кедендік алымдарды салудан босату үшін қажетті құжаттар
5. Кодекстің 122-бабының 1-тармағының 1) - 7), 9) тармақшаларында көрсетілген тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу немесе одан әкету кезінде аталған тауарларды әкелудің (әкетудің) мәртебесі және оларды алушы туралы ақпараттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шартына сілтеменің (ол болған жағдайда Кодекстің 122-бабының 1-тармағының 5) және 9) тармақшаларында көрсетілген тауарларды әкелу кезінде) міндетті түрде болуымен тауарға ілеспе құжаттар ұсынылады.
6. Кодекстің 122-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тауарларды импорттау кезінде тауарға ілеспе құжаттардың орнына дипломатиялық немесе оларға теңестірілген консулдық мекемелердің әкелінетін тауардың мәртебесі көрсетілген тауарды әкелу туралы растауы ұсынылуы мүмкін.
7. Акцизделетіндерді қоспағанда, ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарларды импорттау кезінде осы Қағиданың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа, тауарларды ақысыз беру фактісін растайтын, оның ішінде шет тілінде жасалған құжаттар ұсынылады.
8. Акцизделетіндерді қоспағанда (арнайы медициналық мақсаттарға арналған жеңіл автомобильдерден басқа) мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желісі бойынша техникалық көмек көрсетуді қоса алғанда, ізгілік көмек мақсаттарында әкелінетін тауарларды импорттау кезінде осы Қағиданың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттар ұсынылады:
1) мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желісі бойынша ізгілік көмек мақсатында әкелінетін тауарлар үшін - Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарының көшірмелері не тауарлардың ізгілік мақсатта әкелінуін көздейтін, халықаралық ұйым мен тауарларды алушы арасында жасалған шарттардың (келісімдердің, келісімшарттардың) көшірмелері;
2) техникалық көмек ретінде әкелінетін тауарлар үшін - орындау үшін тауарлар әкелінетін жобаның (техникалық көмек көрсету жөніндегі келісімшарт) көшірмесі.
9. Мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған халықаралық ұйымдардың желісі бойынша ұсынылған гранттардың қаражаты есебінен сатып алынатын тауарларды импорттау кезінде осы Қағиданың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттар ұсынылады:
1) шетел мемлекетімен (немесе мемлекеттерімен) не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйыммен жасалған Қазақстан Республикасына грант беру туралы Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шартының (ол болған жағдайда) көшірмесі;
2) халықаралық ұйым грантты халықаралық шарт жасамай ұсынған жағдайда - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде тіркелген халықаралық ұйымның тауарды өзі ұсынған грант қаражаты есебінен импорттау туралы растауы;
3) бенефициардың (грант алушының) әкелінетін тауар туралы растауы.
10. Шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ дипломатиялық және осы өкілдіктер мен мекемелердің  әкімшілік-техникалық қызметкерлеріне қатысты тұлғалардың, олардың өздерімен бірге тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін тауарларды әкелу немесе әкету кезінде, тауарға ілеспе құжаттардан басқа шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің, консулдық мекемелердің растаулары ұсынылады.
11. Кодекстің 122-бабының 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген жағдайда кедендік алымдарды салудан босату декларанттың тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік режимімен орналастыру туралы мәлімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
12. Кодекстің 122-бабының 1-тармағының 1) - 7), 9) тармақшаларында көрсетілген тауарлар кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілуіне байланысты мақсаттарда ғана пайдалануы тиіс. Аталған тауарларды өзге мақсаттарда пайдаланған жағдайда кедендік декларациялау кезінде төленбеген кедендік декларациялағаны үшін кедендік алымдар Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге жатады.