Баспасөз-релиз
Отправить по почте
Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 178 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8141 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 11.04.2016 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес
Баспасөз-релиз
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, «Автоматизациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес және «Электрондық мемлекеттiк қызметтiң үлгi регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» электрондық мемлекеттік қызметтерінің регламенттері бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 317 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7296 болып тіркелген);
2) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 418 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7362 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жария етуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Д. Мыңбай
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
________________ А. Жұмағалиев
2012 жылғы 19 қараша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 178 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1278 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматизациялау дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
5. Осы регламентте қолданылған ұғымдар мен қысқартулар:
1) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;
2) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, iздеу, тарату, тапсыру және беру үшiн арналған жүйе (бұдан әрi – АЖ);
3) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
4) бизнес-сәйкестендіргіш нөмір – қызметін бірлесіп жүзеге асырушы жеке кәсіпкер және заңды тұлға (бөлімше және өкілдік) үшін қалыптасқан бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
5) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе – бұл нотариаттық қызметті автоматтандыруға және әділет органдары мен нотариаттық палаталардың өзара іс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – БНАЖ);
6) жеке сәйкестендіргіш нөмір – жеке кәсіпкерге жеке кәсіпкер ретінде өз қызметін іске асырушы, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін қалыптасқан бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
7) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры – автоматты жинауға, сақтауға және ақпараттарды өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіргіш нөмірінің Ұлттық реестрін құру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);
8) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры – автоматты жинауға, сақтауға және ақпараттарды өңдеуге, Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында бизнес-сәйкестендіргіш нөмірінің Ұлттық реестрін құру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДҚ);
9) құрылымдық-функционалды бірлік – қызмет көрсету процесінде қатысатын бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері, мекемелер немесе басқа да ұйымдар және ақпараттық жүйе тізімі (бұдан әрі – ҚФБ);
10) пайдаланушы – ақпараттық жүйеге оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект (алушы, қызмет көрсетуші);
11) транзакциялық қызмет – электрондық сандық қолтаңбаны қолданып, өзара ақпаратты алмасу арқылы электрондық ақпараттық қорды қолданушыға ұсыну қызметі;
12) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – халыққа (жеке және заңды тұлғаларға), сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволардың Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет ұсыну үрдісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО АЖ);
13) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);
14) электрондық құжат – электронды-сандық пішінде ұсынылған ақпараттар және электрондық сандық қолтаңба арқылы дәлелденген құжат;
15) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электронды пішінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
16) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың «электрондық үкімет» төлемдерін жүзеге асыру кезінде және жеке банктік операцияларды жүзеге асыратын мекемелер мен екінші дәрежелі банктердің ақпараттық жүйесі арасындағы әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін арналған автоматты ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮТШ);
17) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электронды қызметті жүзеге асыру шеңберінде «электронды үкімет» ақпараттық жүйесін интеграциялау үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);
18) электрондық цифрлы қолтаңба – электрондық құжаттың нақтылығын және оған тиесілі мазмұнының айнымастығын дәлелдейтін және электрондық сандық қолтаңба құралдары арқылы құрылған электрондық сандық белгілердің жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетушінің қызмет тәртібі
6. ЭҮП арқылы қызмет көрсетушінің реттік іс-әрекеті (ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өзара функционалды әрекет етудің № 1-диаграммасы) осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |