Осы редакция 25.06.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Су ресурстарын басқару және жердi қалпына келтiру жобасын iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру кеңесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 шілде N 818
"Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөнiндегi келiсiмдердi (Кәдiмгi операциялар және Арнайы операциялар) (Cy қорларына иелiк жасау және жердi қалпына келтiрудi басқару жобасы) iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 20 мамырдағы N 541 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Су ресурстарын басқару және жердi қалпына келтiру жобасын iске
асыру жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру кеңесi мынадай құрамда құрылсын:
Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрi, төраға
Кеңес мүшелерi:
Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы вице-министрi
Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл
Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрi
Қынатов - Қазақстан Республикасының
Марат Полатұлы Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау вице-министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Әбiлғазы Қалиақпарұлы және сауда вице-министрi
Құдайбергенұлы - Қазақстан Республикасы
Көпбосын Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрлiгiнiң
Су ресурстары жөнiндегi комитетi
төрағасының орынбасары
Шардарбек Шәрiпбек - Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда
министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.