• Мое избранное
Су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесін құру туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Су ресурстарын басқару және жердi қалпына келтiру жобасын iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру кеңесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 шілде N 818

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Редакция 19.07.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөнiндегi келiсiмдердi (Кәдiмгi операциялар және Арнайы операциялар) (Cy қорларына иелiк жасау және жердi қалпына келтiрудi басқару жобасы) iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 20 мамырдағы N 541 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Су ресурстарын басқару және жердi қалпына келтiру жобасын iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру кеңесi мынадай құрамда құрылсын:
Есімов               - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 
Ахметжан Смағұлұлы     министрі, төраға
Айтжанов             - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 
Дулат Нулиұлы          вице-министрi, төрағаның орынбасары
Ақшолақов            - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы 
Мейрам Төлеутайұлы     министрлiгі Сыртқы байланыстар және инвестициялар басқармасы бастығының орынбасары, хатшы
Кеңес мүшелерi:
Қараманов            - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда 
Асқар Ұзақбайұлы       министрлiгі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары
Ерғожин              - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі 
Дәулет Еділұлы                    
Құсайынов            - Қазақстан Республикасының Экономика және Марат Әпсеметұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Бірәлиев             - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны 
Әлжан Хамидолаұлы      қорғау вице-министрі       
құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.06.2005. № 628, 19.07.2007. № 812 қаулыларымен. (23.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі