Toggle Dropdown
4
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 40 Қаулысы
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 54-бабының 5) тармақшасына, 409-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары;
Toggle Dropdown
2) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 қаңтардағы
№ 40 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Осы Қағидалар бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне өткізу тәртібін анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бажсыз сауда дүкендерінде тауарлар бөлшек саудада өткізіледі.
Toggle Dropdown
3. Астанада тауарларды өткізу шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, мұндай тұлғаның Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелгенін растайтын құжатты ұсынған кезде және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынған таратуға шек қойылған қызметтік ақпаратында тауарларды өткізу кезінде осы тұлға туралы деректер болған жағдайда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып, сондай-ақ салық заңнамасының шот- фактураны жазу және оны тауарларды сатып алушыға беру бойынша талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Сатып алушыға берілетін бақылау-касса машинасының чегі немесе тауарға, жұмысқа, көрсетілген қызметке төленген сомаға тауарлық чек (сауда автоматтарында қолданылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда) тауарды сату фактісін растайтын құжат болып табылады. Мұндай құжаттардың көшірмесі бажсыз сауда дүкендерінде сақталады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 қаңтардағы
№ 40 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары
Toggle Dropdown
Осы қосымша шарттар "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 54-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын белгілейді.
Toggle Dropdown
Кодекстің 409-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары мыналар болып табылады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тұлғаның аккредитацияланғанын растайтын құжатты сканерлеу үшін құрылғының болуы;
Toggle Dropdown
2) бажсыз сауда дүкенінің аумағына жеке тұлғалардың кіруіне бақылау-өткізу режимінің болуы;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратын пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің рұқсатының болуы;
Toggle Dropdown
4) бажсыз сауда дүкені аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуы шектеулі ақпаратына қол жеткізу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады