Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Консультации
Отправить по почте
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары
Қағида жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1772 (30.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2013 жылғы № 817 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы» заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесудің, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің, өз еркімен қоныс аударудың, көшуді ұйымдастырудың, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсетуге арналған нысаналы трансферттерді пайдаланудың және жұмыс берушілердің қатысу тәртібін айқындайды.
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) көшуге субсидиялар беру;
2) қызметтік тұрғын үй беру;
3) еңбекші жастарға жатақханалардан бөлмелер беру;
4) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту (қажет болған кезде);
5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жолымен іске асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аудандық/қалалық комиссия – ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) Бағдарламаға қатысушылар - жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4) Бағдарлама Операторы - халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
7) қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға беру) – қызметтік тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалдаушыға (жалға алушыға) уақытша пайдалануға және ақысын төлетіп пайдалануға беру;
8) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңіне Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй;
9-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
10-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) уәкілетті орган – өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
12) халықты жұмыспен қамту орталығы – жергілікті атқарушы орган жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құратын мемлекеттік мекеме;
13) экономикалық өсу орталығы – соңғы 5-10 жыл бойы экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуімен және жоғары демографиялық әлеуетімен (көші-қон сальдосы оң) сипатталатын елді мекен.
14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз халықтың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды, мемлекет Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын мемлекеттік қолдау шаралары;
3-тармақ 14-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Жаңа тұрғылықты жері бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту, сондай-ақ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделген шарттарда жүзеге асырылады.
2. Көшуге субсидия беру
5. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ оралмандардың қоныс аударуы:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1) бір ауданның ішінде;
2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың басқа облысқа қоныс аударуы республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоспағанда, уәкілетті органдар ұсынған жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде тиісті өңірлік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
7. Өңірлік комиссия шешімінің негізінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегінде тұратын адамдар қатарындағы Бағдарламаға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2013 жылғы 1 шілдеде құрылысы аяқталған қызметтік тұрғын үйлерге көшіруге жол беріледі.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылар мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, халықтың еңбекке қабілетті табысы аз санатына жатуға;
2) жұмыс берушілер жаңа тұрғылықты жері бойынша мәлімдеген қолданыстағы дерекқордағы жұмыс орындарына сәйкес келетін кәсіптік білімі не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу туралы жазбаша міндеттемесі болуға;
3) соңғы үш жылда бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұруға тиіс.
8. Бағдарламаға қатысушылардың көшуі қызметтік тұрғын үйдің берілуімен, сондай-ақ көшуге субсидияның төленуімен өз бетінше жүзеге асырылады.
Бұл ретте Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығында тұрғын үйі не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйі болған жағдайда жаңа тұрғылықты жері бойынша қызметтік тұрғын үй берілмейді.
9. Қызметтік тұрғын үй беру және көшуге субсидия тағайындау үшін Бағдарламаға қатысушы отбасының құрамын және көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйымда алдын ала ашылған жеке шотын көрсете отырып, келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішке Бағдарламаға қатысушы мен оның көшіп келген отбасы мүшелерінің мынадай құжаттары қоса беріледі:
1) халықты жұмыспен қамту орталығының (шыққан жерінің) жолдамасы;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) әлеуметтік келісімшарт;
4) Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне келген жері бойынша тұрғын үйі жоқ екені туралы жергілікті атқарушы орган берген анықтама.
10. Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне қоныс аударуға берілетін субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен және қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шартын жасағаннан кейін не тұрғын үй мәселесін дербес шешкен жағдайда, келген жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде беріледі.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарламаға қатысушының жаңа тұрғылықты жерге келмеген отбасы мүшелеріне қоныс аударуға субсидия берілмейді.
Бағдарламаға қатысушыларға қоныс аударуға субсидия:
1) бір ауданның ішінде қоныс аударушыларға - отағасына он еселенген айлық есептік көрсеткіш, әрбір отбасы мүшесіне бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға қоныс аударушыларға - отағасына жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш, әрбір отбасы мүшесіне он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) бір облыстан басқа облысқа қоныс аударушыларға - отағасына елу еселенген айлық есептік көрсеткіш, әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.
11. Келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға алу) туралы шарт жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде не тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешкен жағдайда келген жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде, осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың барлығы болған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшуге берілетін субсидияны тағайындау туралы шешім шығарады.
10Бір елді мекен шегінде көшетін Бағдарламаға қатысушыларға көшуге субсидия төленбейді.
12. Көшуге берілетін субсидияны тағайындау туралы шешімде Бағдарламаға қатысушының отбасы құрамы, оларға берілетін тиісті төлемдердің мөлшері және көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған жеке шотының нөмірі көрсетіледі.
13. Халықты жұмыспен қамту орталығы қоныс аударуға берілетін субсидияны тағайындау туралы шешім шығарғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей қоныс аударуға субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға тиісті төлемдерді аударады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
14. Әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаға қатысушы (отбасымен бірге) келген жерінен алты айдың ішінде кеткен жағдайда көшуге берілетін субсидияның алынған сомасы бюджетке өтеледі.
Әскери қызметке шақырылған, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін ауруларды, жұмыс берушінің өтінімі бойынша оқуға жіберілген жағдайларды қоспағанда, Бағдарламаға қатысушы отбасы мүшелерінің біреуі келген жерінен бір жыл ішінде кеткен жағдайда, отбасының кетіп қалған мүшесі алған, көшуге берілген субсидия сомасы бюджетке қайтарылады.
15. Бағдарламаға қатысушыларға келген жерлерінде олардың қалауы бойынша қызметтік тұрғын үй беріледі.
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Берілетін қызметтік тұрғын үйдің ауданы отбасының құрамына қарай бірге тұратын отбасы мүшесінің біреуіне он сегіз шаршы метрден не отбасына жүз шаршы метрден аспауға және бір бөлмелі пәтерден не отбасылық үлгідегі жатақхананың бір бөлмесінен кем болмауға тиіс.
Жатақханадан бөлмелер жиырма тоғыз жасқа толмаған еңбекші жастарға (соның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айрылған балаларға) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан жүзеге асырылады.
Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде, жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады.
Қызметтік тұрғын үйлер, көшіруді және жұмысқа орналастыруды жұмыс берушінің өзі жүзеге асырған Бағдарламаға қатысушыларға, сондай-ақ басқа облыстарға қоныс аударушыларға, олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан беріледі.
16. Жастар, оның ішінде некеде тұрғандар үшін жатақханалардан бөлмелер мынадай шарттармен беріледі:
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) жасы 29-ға дейін болуы;
2) қолданыстағы еңбек шартының немесе әлеуметтік келісімшарттың болуы;
3) тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысуы тиіс.
Жастарға арналған жатақханадағы бөлмелер 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі және жекешелендіруге жатпайды.
17. Жастар үшін жатақханадан бөлме, қызметтік тұрғын үй халықты жұмыспен қамту орталығының тұрғын үй комиссиясы қабылдаған тұрғын үй беру туралы шешімінің және халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушы арасында жасалған қызметтік тұрғын үйді және жатақханадағы бөлмені жалдау (жалға беру) туралы шарт негізінде беріледі.
18. Бағдарламаға қатысушының не оның отбасы мүшесінің екі айдан астам қолданыстағы еңбек шарты болмаған жағдайда, жастарға арналған жатақханадағы бөлмені жалға алу шарты мен онымен жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылады. Бұл шарттар Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқудан өту кезеңінде қолданылмайды.
18-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19. Жастарға арналған жатақханадан бөлме берілгеннен кейін Бағдарламаға қатысушы жоғары, жоғарыдан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіптік оқудан өтуге жіберіледі.
20. Тұрғын үй комиссиясының шешімі екі дана жасалады, оның біреуі қатаң есептегі құжат ретінде халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, ал екіншісі өтініш берушіге беріледі.
21. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын халықты жұмыспен қамту орталығының (келген жерінің) тұрғын үй комиссиясы тиісті шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жасайды.
Бағдарламаға қатысушы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартының тарапы болады. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартына Бағдарламаға қатысушының сенім білдірілген адамының қол қоюына жол берілмейді.
Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу шарты үш данада жасалады. Жастарға арналған жатақханалардан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартының бір данасы халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және жастарға арналған жатақханадан бөлмеге, қызметтік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
22. Егер шарт жасасу туралы ұсыныс берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушы шарттың талаптарымен келіспеуіне байланысты жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартына қол қоймаса, халықты жұмыспен қамту орталығы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді Бағдарламаның басқа қатысушысына қайта бөледі.
Бағдарламаның жаңа қатысушысымен шарт жасасу осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
23. Жалға алу шарты күнтізбелік бір жыл мерзімге жасалады және тараптардың біреуі шарт аяқталғанға дейін күнтізбелік бір ай қалғанда, жалға алу шартының талаптарына сәйкес хабарлама жіберген жағдайларды қоспағанда, жыл сайын автоматты түрде ұзартылады (жатақханадағы бөлмені жалға алудың бесжылдық мерзімі аяқталғанға дейін).
23-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қоныс аударған Бағдарламаға қатысушы қайтыс болған жағдайда, бұрын жасалған жалға алу шарты өңірлік комиссияның келісуімен тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша жалға алушы отбасының кәмелетке толған мүшесімен ұзартылуы мүмкін.
Жалға алушының ауысуы тұрғын үйді жалға алу шартын қайта ресімдеуге алып келеді.
24. Бағдарламаға қатысушылар осы Қағидаларға сәйкес жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтік тұрғын үй алу құқығын бір рет қана іске асырады.
25. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алудың ай сайынғы төлемінің мөлшерін өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы айқындайды.
26. Коммуналдық және пайдалану қызметтерінің шығыстары жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу төлемінің сомасына кірмейді және Бағдарламаға қатысушы оны өзі төлейді.
27. Жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтік тұрғын үй жалға берілген кезде қосалқы жалға алуға жол берілмейді.
28. Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшесінің жастарға арналған жатақханадан жеке бөлме, қызметтік тұрғын үй беру не Бағдарламаның басқа қатысушысының отбасы құрамында қызметтік тұрғын үй беру туралы өтініші қаралмайды.
29. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды отбасылық үлгідегі жатақханалардан орын беру, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес тұрғын үй сатып алу есебінен қамтамасыз ете алады.
29-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
30. Бағдарламаға қатысушылардың тиісті біліктілігі болған жағдайда жастарға арналған жатақханаларды, қызметтік тұрғын үйді салу және тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту барысында құрылатын жұмыс орындарына орналасуға басым құқығы болады.
31. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар ретінде қызметтік тұрғын үй берілген Бағдарламаға қатысушылар қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрған жағдайда, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жекешелендіре алады.
3. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына қызметтік тұрғын үй беру
Қоныс аударуға қажеттілікті айқындау тәртібі
32. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерге Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қоныс аударуға және жұмысқа орналасуға қатысуға үміткерлерді таңдау тәртібі мен шарттары туралы консультация береді.
33. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталықтарына:
1) мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде қажетті жұмыс күшінің саны көрсетілген;
2) Бағдарламаға қатысушылар үшін жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруымен тұрғын үй салу мүмкіндігі туралы;
3) Бағдарламаға қатысушыларды тұрақты жұмыс орындарын ұсына отырып, жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туралы өтінім не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу туралы жазбаша міндеттеме береді.
34. Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына қажетті еңбек ресурстарын қоныстандыру үшін тұрғын үй салуға қажеттілігі бар жұмыс берушілердің тізілімін жүргізеді.
35. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары елді мекендерді айқындау үшін критерийлерді өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
35-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Әзірленген критерийлерге сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны Бағдарлама операторына жібереді.
36. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып:
1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың санын;
2) көшуге қатыса алатын жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалардың (осындай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады), жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың, оралмандардың жалпы санын;
3) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендердегі және экономикалық өсу орталықтарындағы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін, олардың жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігін айқындайды;
4) еңбек ресурстарына қажеттілікті және аудандық/қалалық комиссиялармен келіскеннен кейін ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) басқа өңірлерде орналасқан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударуға қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз халықтың санын;
36-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысына сәйкес
37. Уәкілетті орган ұсынылған ақпараттың негізінде:
1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың жалпы санын;
1-1) басқа өңірлерде орналасқан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударуға қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдар санын;
37-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысына сәйкес
2) көшуге қатыса алатын жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалардың (осындай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады), жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың, оралмандардың жалпы санын;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендер мен экономикалық өсу орталықтарындағы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына жалпы қажеттілігін, олардың жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігін қалыптастырады;
37-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) және әлеуетті Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны, еңбек ресурстарына қажеттілік пен азаматтардың қоныс аудару мүмкіндігі туралы ақпаратты өңірлік комиссияға жібереді.
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
38. Өңірлік комиссия берілетін үйлердің жалпы санын негізге ала отырып:
38-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) мыналарды:
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
шығу және қабылдау орындарын айқындай отырып, облыстың (ауданның, қаланың), республиканың шегінде қоныс аударатын азаматтардың ықтимал санын келіседі және қоныс аударуды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсыным жібереді;
2) Бағдарламаға қатысушылардың қоныс аударуын, қоныстануын ұйымдастыру мәселелерін қарайды.
39. Өңірлік және аудандық/қалалық комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың,уәкілетті органның (халықты жұмыспен қамту орталықтарының) өкілдері, жұмыс берушілердің, кәсіптік одақтардың өкілдері енгізіледі.
39-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
40. Қоныс аударған Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамту жаңа тұрғылықты жеріне көшіп келгенге дейін және келгеннен кейін жұмыс берушілермен жасалған ниет білдіру шарты негізінде қамтамасыз етіледі. Жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, Бағдарламаға қатысушыларға жұмыс берушілермен жасалған ниет білдіру шарты негізінде кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, келген жері бойынша оқыту мүмкіндігі ұсынылады.
40-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Өз еркімен қоныс аударуға және қатысуға үміткерлерді іріктеу тәртібі мен әлеуметтік келісімшарт жасасу
41. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
42. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі және отбасы құрамы (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімнің анықтамасы);
3) еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (жұмыс істейтін адамдар үшін) көшірмесі;
4) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлік), сондай-ақ білімі мен біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың (болған кезде) көшірмелері.
Бағдарламаның осы бағытына қатысуға басым құқықты ауыл жастары, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар (осындай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады) иеленеді.
43. Халықты жұмыспен қамту орталықтары он жұмыс күні ішінде басқа облысқа, сондай-ақ басқа ауданға көшуге ниет білдірген адамдардың өтініштері мен құжаттарын – уәкілетті органға, аудан ішінде – аудандық/қалалық комиссияның қарауына жібереді.
Уәкілетті орган басқа облысқа, сондай-ақ басқа ауданға көшуге ниет білдіргендердің өтініштері мен құжаттары келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оларды өңірлік комиссияның қарауына жібереді.
44. Бағдарламаға қатысуға өтініш беруші адамдардың құжаттарын қарау нәтижесі бойынша:
44-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1) аудандық/қалалық комиссиялар:
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
бір облыс шегінде басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) немесе басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді және өңірлік комиссияға жібереді;
2) өңірлік комиссиялар:
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар дайындайды және уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2013 жылғы 1 шілдеде құрылысы аяқталған қызметтік тұрғын үйлерге қоныс аударатын адамдарға қатысты, Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұйғарымдарды шығарады және оны уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді;
басқа облысқа қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді және уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган өңірлік комиссияның басқа облысқа қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынымын үш жұмыс күні ішінде шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.
Өңірлік және аудандық/қалалық комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттардың түсуіне қарай өткізіледі.
45. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшетін Бағдарламаның осы бағытына қатысуға үміткерлер мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, халықтың еңбекке қабілетті табысы аз санатына жатуға;
2) жұмыс берушілер жаңа тұрғылықты жері бойынша мәлімдеген қолданыстағы дерекқордағы жұмыс орындарына сәйкес келетін кәсіптік білімі не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу туралы жазбаша міндеттемесі болуға;
3) соңғы үш жылда бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұруға тиіс.
46. Осы Қағидалардың 7 және 45-тармақтарында көрсетілген критерийлер балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айрылған балалар (мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде, жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады), жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар мен оралмандар болып табылатын Бағдарламаның осы бағытына қатысушыларға қолданылмайды.
46-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 46-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағиданың 45-тармағының 3) тармақшасында көзделген бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұру критерийлері басқа облыстарға қоныс аударатын үміткерлерге қолданылмайды.
Бұл ретте отбасы мүшелерінің бірінің жұмыспен нәтижелі қамтылуы, коммуналдық қызметтерді, жалдау ақысын төлеуді қамтамасыз ету және отбасының бөлінген тұрғын үйде тұруы Бағдарламаға қатысудың міндетті шарты болып табылады.
47. Тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарында көшуді және қызметтік тұрғын үй салуды, сатып алуды, салып бітіруді, сондай-ақ жастарға арналған жатақханалар салуды және сатып алуды субсидиялауға көзделген жалпы қаражат (жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландыруды ескере отырып) көлемі негізінде айқындалады.
Қызметтік тұрғын үйлер пәтерлерден, жеке тұрғын үйлерден және жатақханалардағы бөлмелерден тұрады.
48. Халықты жұмыспен қамту орталығы өңірлік не аудандық/қалалық комиссияның ұсынымын алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
48-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 48-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарламаға қатысуға үміткер осы Қағиданың 7, 45 және 46-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайларда, Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосудан бас тартылады.
49. Шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге жазбаша хабарлайды.
50. Халықты жұмыспен қамту орталығының Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізуден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шағым жасауға болады.
51. Шыққан және келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары қабылданған шешімдердің негізінде Бағдарламаға қатысушылардың көшу тәртібін, мерзімін және оларды қабылдау шарттарын келіседі.
52. Азаматтарды Бағдарламаға қатысушылар қатарына енгізу туралы шешімнің және көшу шарттарын келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келісу негізінде шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға қоныс аударуға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жолдама береді.
53. Шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманың негізінде келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен Бағдарлама операторы бекіткен нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасасады, жұмыс беруші оның тарапы болады. Жұмыс беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес лауазымды адамның қолымен және мөрмен куәландырылған әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасқанын растайды.
53-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Әлеуметтік келісімшарт барлық тараптар оған қол қойған сәттен бастап не халықты жұмыспен қамту орталықтары және Бағдарламаға қатысушылар қол қойған және жұмыс берушілерден әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жазбаша өтініш (хабарлама) алған сәттен бастап күшіне енеді.
Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемені орындамаған жағдайда жұмыс берушілер мемлекеттің оқытуға және/немесе көшуді субсидиялауға жұмсаған шығыстарын өтейді.
54. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған әлеуметтік келісімшарттар өз күшін сақтап қалады және өзгеріссіз күйінде қолданылады.
55. Көшуін және жұмысқа орналасуын жұмыс беруші өзі жүзеге асырған азаматтар басым тәртіппен тиісті мемлекеттік қолдауды ала отырып, Бағдарламаның осы бағытына қатысушылардың құрамына енгізіледі.
56. Бағдарламаға қатысушылардың жұмыспен қамтылуы әлеуметтік келісімшарт негізінде қамтамасыз етіледі. Жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындары пайдаланылады.
57. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңдерінде оған қатысушылар туралы ақпарат «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне орналастырылады.
57-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады және Бағдарламаға қатысушылардың өздеріне қабылдаған міндеттемелерін орындауын бақылайды.
4. Еңбек ресурстары ұтқырлығын арттыруға бағытталған шараларды қаржыландыру
Тұрғын үйді салу және бөлу тәртібі
58. Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің өтініші бойынша жүзеге асырылады.
58-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда құрылыс орнын салу, сатып алу және салып бітіру үшін тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын таңдау оның қатысуымен жүзеге асырылады.
59. Жұмыс беруші көппәтерлі тұрғын үйді, сондай-ақ жеке, екі (үш) пәтерлі тұрғын үйлерді салу, сатып алу және салып бітіру кезінде қоса қаржыландыруды тұрғын үйлердің жалпы сметалық құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде жүзеге асырады.
60. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен жұмыс берушілер мынадай міндеттемелерді көздейтін ниет білдіру шартын жасасады:
1) тұрғын үйді бірлесіп салу, сатып алу;
2) қоныс аударатын азаматтарды міндетті жұмысқа орналастыру;
3) жұмыс берушінің қоса қаржыландыруының мөлшері.
61. Жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін бөлуді, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, мемлекеттік сараптама жүргізуді, қосылуға техникалық шарттарды беруді, сондай-ақ аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына немесе құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуды жүзеге асырады.
Жеке тұрғын үйлерді салу кезінде жобаны жергілікті жерге бекіту жергілікті бюджеттің және жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмсалған қаражатқа пропорционал жүзеге асырылады.
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді салу кезінде жобаны жергілікті жерге бекіту жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен мердігерді және объектінің нақты құнын айқындағаннан кейін жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі, мердігер және жұмыс беруші тұрғын үй салу және осы құрылысты қоса қаржыландыру шарттары туралы үшжақты шарт жасасады.
Мердігерлік шартқа сәйкес аванс төлемдерін аударған кезде бірінші тәртіпте міндетті түрде жұмыс берушінің қоса қаржыландыру сомасы аударылуға тиіс.
Салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс беруші арасында осы тұрғын үйді салуға жұмсалған қаражатқа пропорционал бөлінеді.
Жергілікті атқарушы органның шешімімен жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландыру қаражаты есебінен салынған тұрғын үй жұмыс берушінің меншігіне беріледі, ал мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салынған тұрғын үй халықты жұмыспен қамту орталығының теңгеріміне беріледі.
62. Халықты жұмыспен қамту орталықтары мен жұмыс берушілер Бағдарламаға қатысушылармен жалға алу шартын жасасады, кейін Бағдарламаға қатысушыға жалға береді.
Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру
63. Қызметтік тұрғын үй, жатақхана салу және (немесе) оны сатып алу, Бағдарламаға қатысушыларға көшуге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға субсидия беру үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бөлінеді.
Нысаналы трансферттерді уақтылы аудару, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына және түпкілікті нәтижесіне мониторинг жүргізу үшін:
1) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарламаға қатысушылардың қоныс аударуға жұмсалатын шығындарын өтеу бөлігінде;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында қызметтік тұрғын үй салу және (немесе) сатып алу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және (немесе) сатып алу бөлігінде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалады.
64. Бағдарлама операторы мен өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша нысаналы трансферттерді аударады.
65. Қызметтік тұрғын үй, жатақхана салуға және (немесе) оны сатып алуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) сатып алуға арналған нысаналы трансферттер объектілер бойынша бөлінбей, бiр сомамен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті шешiмдер қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына қаражат көзделген объектілер бөлінісінде жергілікті инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Бағдарлама операторына жібереді.
66. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай Бағдарлама операторына - экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударған, оның ішінде субсидия, тұрғын үй, жатақханадан бөлме алған, жұмысқа орналастырылған (жұмыспен қамтудың түрлері бөлінісінде) Бағдарламаға қатысушылардың саны туралы ақпарат;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2) жартыжылдық қорытындысы бойынша жылына екі рет өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органға – сатып алынған және (немесе) пайдалануға енгізілген қызметтік тұрғын үйлердің, жатақханалардың саны туралы есеп береді.
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын 1-қосымша
____________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына кiмнен _______________ __________________________________
Қызметтiк тұрғын үй (жатақханадан бөлме) беруге және көшуге субсидия тағайындауға
ӨТІНІШ
Сiзден _____________________________________________________________________ (көшу себебi көрсетiледi) байланысты маған және отбасымның мүшелерiне отбасының мынадай құрамын ескере отырып: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ қызметтiк тұрғын үй (жатақханадан бөлме) берудi, қоныс аударуға субсидия тағайындауды және төлеудi сұраймын. Бiзге тиесiлi соманы ________________________________________________ (банктiң атауы, банктiң ЖСН, банктiң БИК, алушының дербес _____________________________________________________________________ шотының нөмiрi көрсетiледi) аударуыңызды сұраймын. Мына құжаттарды өтiнiшке қоса беремiн: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 20__ жылғы «___» ______________ _____________________________________ (Бағдарламаға қатысушының қолы) *ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты болады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын 2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
________________________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы
Бұйрық
Күнi № _____ ауыл (қала) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 11-тармағына сәйкес Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысушылар ұсынған құжаттарды қарап БҰЙЫРАМЫН : 1. ___________________ отбасына қоныс аударуға мынадай мөлшерде субсидия тағайындалсын: 1) Бағдарламаға қатысушыға __________________ теңге мөлшерiнде; 2) отбасы мүшелерiне ________________________ теңге мөлшерiнде. Барлығы ____________ теңге. 2. Субсидия ___________________________________________________ (банктiң атауы, банктiң ЖСН, банктiң БИК, алушының дербес шотының немесе төлем карточкасының нөмiрi көрсетiледi) аударылсын. Басшы Т.А.Ә. қолы
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын 3-қосымша
3-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
_________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына _______________________________ мекенжайы бойынша тұратын _____ _______________________________
ӨТIНIШ
Мені Жұмыспен қамту 2020 жол картасы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу бағыты бойынша қатысушылар қатарына қосуыңызды сұраймын.
Мына құжаттарды өтінішке қоса беремін:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы не ауылдық әкімдерінің анықтамасы) көшірмесі;
4) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (жұмыс істейтін адамдар үшін) көшірмесі;
5) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлік), сондай-ақ білімі мен біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың (бар болса) көшірмесі.
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтауға және өңдеуге келісім беремін
Барлығы ______ құжат _____ парақта.
Көшу шартымен таныстым.
Күні қолы
---------------------------------------------------------------------
Азамат ________________________________________________ өтініші
20__ ж.«___» ____________ қабылданды № ________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:
_______________________________________________________________
Күні қолы
*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жауапты болады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын 4-қосымша
Көшуге № ____ жолдама Осы жолдама халықты жұмыспен қамту орталығының 20__ ж. «___» ____________ шешіміне сәйкес __________ мекенжайы бойынша тұратын ________________ берілді.
Онымен бірге отбасының мынадай мүшелері көшеді:
Р/с № | Т.А.Ә. | Туыстық қатынасы |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
Басшы Т.А.Ә. қолы Жолдама берілген күн М.О.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын 5-қосымша
5-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын 6-қосымша
__________________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)
Әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жұмыс берушінің өтініші (хабарламасы)
Осымен _________________ атынан _____________________ негізінде (жұмыс берушінің атауы) (ереже, жарғы және т.б.) әрекет ететін _______________________________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты) және ___________________________ арасында ___________________________ (халықтың жұмыспен қамту (Бағдарламаға қатысушының орталығы) тегі, аты, _______________ жасасқан 20__ жылғы «___» __________ № ___ әлеуметтік әкесінің аты) келісімшартқа қосылуға ниет білдіреді және төмендегілер туралы: Бағдарламаға қатысушыны ______________________ кәсіп (мамандық) (еңбек функциясын көрсету) бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға және/немесе кейін жұмысқа орналастырумен өз қаражаты есебінен оқытуға міндеттеме алады. Тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырмаған жағдайда көшуге төленген субсидия сомаларын толық көлемде өтеуге міндеттенемін. Осы өтінімге мыналарды қоса беремін (құрылтай құжаттардың көшірмелері, банк деректемелері қоса берілсін):
______________ _______________ ________________________________ (лауазымы) (қолы) (уәкілетті өкілдің Т.А.Ә.) М.О.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |