Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 ақпандағы N 326 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 14 қараша N 1206
Toggle Dropdown
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен республика азаматтарын шетелге емделуге жiберу процесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. "Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 ақпандағы N 326 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 117-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:
Toggle Dropdown
1) тақырыбы және 1-тармақ "Республика азаматтарын" деген сөздердiң алдынан "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
2) кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"Республика азаматтарын шетелде емдеуге бөлiнетiн бюджет қаражатын жұмсауды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:";
Toggle Dropdown
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесiнде:
Toggle Dropdown
тақырыбы "Республика азаматтарын" деген сөздердiң алдынан "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
1-тармақта:
Toggle Dropdown
"азаматтар" деген сөздiң алдынан "уәкілеттi орган бекіткен аурулар тiзбесiне енгiзілген аурулардан зардап шегушi" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
4-тармақта:
Toggle Dropdown
2) тармақшадағы "мамандандырылған" деген сөздiң алдынан "республикалық" деген сөзбен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 4) тармақшадағы "қорытындысының" деген сөзден кейiн ";" тыныс белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"5) уәкiлеттi органның бейiндiк штаттан тыс бас мамандары қорытындысының";
Toggle Dropdown
6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Комиссия, сондай-ақ науқасты алып жүретiн адам болуының негiздiлiгiн, науқас пен оны алып жүретiн адамның жол жүру қаражатын қарастырады.";
Toggle Dropdown
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Комиссияның белгiленген үлгiдегi қорытындысының негiзiнде уәкiлеттi орган мен шетелдiк медициналық ұйым арасында ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады.";
Toggle Dropdown
8, 9 және 10-тармақтар алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"11. "Ауруларды шетелде емдеу" республикалық бюджеттiк бағдарламасын қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
Toggle Dropdown
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"12. Уәкiлетті орган аумақтық Қазынашылық органына белгiленген тәртiппен мынадай құжаттар:
Toggle Dropdown
1) комиссияның қорытындысын;
Toggle Dropdown
2) шарттың көшiрмесiн ұсынады.";
Toggle Dropdown
13-тармақ алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
14-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
15-тармақ алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
18-тармақтың бiрiншi абзацының мемлекеттік тiлдегi мәтiнi мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"Шетелдiк медициналық ұйымда емдеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оларды алып жүрген адамдар аумақтық денсаулық сақтау органдарына мынадай құжаттарды:";
Toggle Dropdown
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"19. Аумақтық денсаулық сақтау органдары осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжаттарды науқасты шығарған сәттен бастап 1 ай iшiнде шетелдiк медициналық ұйымда жүргiзiлетiн емдеудiң нәтижелерi туралы хаттаманы ресiмдеу үшiн комиссияға ұсынады.".
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі