• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2017 г

Отправить по почте

"Концессияға беруге жатпайтын обьектілердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 348 Жарлығы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс

Осы Жарлық күшін жойды 2017 жылғы 16 қарашадан бастап ҚР Президентінің 14.11.2017 жылғы № 583 Жарлығына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Концессияға беруге жатпайтын обьектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы
№ 294 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж.,  № 7, 80-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген концессияға беруге жатпайтын обьектілердің тізбесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қан қызметі, АИТВ/ЖИТС профилактикасы, апаттар медицинасын ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.»;
7 және 8-тармақтар алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Президенті                                Н.Назарбаев