• Мое избранное
Кредиттік бюролардың ақпаратты және мәліметтерді беру ережесін, мерзімін және көлемін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Кредиттік бюролардың ақпаратты және мәліметтерді беру ережесін, мерзімін және көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы N 223 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 1 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4951 болып енгізілді.

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 278 Қаулысына сәйкес
Кредиттік бюролардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қоса берілген Кредиттік бюролардың ақпаратты және мәліметтерді беру ережесі, мерзімі және көлемі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова): 
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны кредиттік бюроларға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Ақпараттық технологиялар басқармасы (А.Ж. Бейсенбаев) 2008 жылғы 1 қазанына дейін кредиттік бюролардың есептілігін жинау бойынша программалық қамтамасыз етудің әзірлеуін қамтамасыз етсін.
5. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
 Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2007 жылғы 27 тамыздағы
 N 223 қаулысымен бекітілді
Кредиттік бюролардың ақпаратты және мәліметтерді беру  
  ережесі, мерзімі және көлемі 
1. Осы Ереже»"Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 4 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және кредиттік бюролардың ақпаратты және мәліметтерді қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) беру тәртібін, мерзімдерін және көлемдерін белгілейді. 
2. Кредиттік бюролар уәкілетті органға: 
1) ай сайын, есепті айдан кейін келетін айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей электронды және қағаз жеткізушімен осы Ереженің 1,2 және 3-қосымшаларына сәйкес ақпаратты және мәліметтерді; 
2) тоқсан сайын, есепті айдан кейін келетін айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей электронды және қағаз жеткізушімен осы Ереженің 4-қосымшасында қарастырылған ақпаратты; 
3) тоқсан сайын, есепті айдан кейін келетін айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз жеткізушімен қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы ақпаратты ұсынады.
3. Кредиттік бюролар беретін ақпаратта және мәліметтерде: 
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес кредиттік тарихтың деректер базасындағы кредиттік тарихтардың саны туралы ақпарат; 
2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ақпарат жеткізушілер бөлігінде заем және шартты міндеттемелер беру туралы шарттардың саны туралы мәліметтер; 
3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес кредиттік бюроның кредиттік тарихтың деректер базасынан берген кредиттік есептердің саны туралы мәліметтер; 
4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес ақпаратты беру және (немесе) кредиттік есепті алу жөнінде жасасқан шарттар туралы ақпарат; 
5) қызметтерге толық сипаттама бере отырып қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы ақпарат (бұндай ақпарат болған жағдайда) ерікті нысанда болуы тиіс.
4. Осы Ереженің 1-4-қосымшаларына сәйкес жасалатын ақпараттар мен мәліметтерге және қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы ақпаратқа кредиттік бюроның бірінші басшысы немесе оның орнын басатын тұлға, сондай-ақ оларды толтыруға жауапты адамның қолы қойылып, кредиттік бюроның мөрімен расталады.
5. Электрондық жеткізушімен ұсынылған деректер мен қағаз жеткізушідегі деректердің бірдейлігін кредиттік бюроның басшысы немесе оның орнын басатын тұлға қамтамасыз етеді.
                                   Кредиттік бюролардың 
                                 ақпаратты және мәліметтерді 
                                 беру ережесінің, мерзімінің 
                                       және көлемінің 
                                         1-қосымшасы
   ___________________ кредиттік бюроның кредиттік тарихтың 
    деректер базасындағы кредиттік тарихтардың 
                  саны туралы ақпарат 
            20 __ жылғы 01 ____________ жағдай бойынша
 
Есепті кезеңдегі
кредиттік тарихтар
саны
Деректер базасы құрылғаннан бастап кредиттік тарихтар саны жиынтығының өсуімен
Кредиттік тарихтардың
жалпы саны
Оның
ішінде
Жеке тұлғалар
бойынша
Заңды тұлғалар бойынша
Бірінші басшысы___________________ қолы___________ күні _________ 
 Жауапты тұлға ____________________ қолы __________ күні _________ 
Мөрдің орны 
 Есеп жасалған күні 20___жылғы»"___"» ___________
                                    Кредиттік бюролардың 
                                 ақпаратты және мәліметтерді 
                                 беру ережесінің, мерзімінің 
                                        және көлемінің 
                                          2-қосымшасы
Жеткізушілер бөлігінде заем және шартты міндеттемелерді 
  беру туралы шарттардың саны туралы мәліметтер 
            ________________________ кредиттік бюросы 
          20 __ жылғы 01 __________________ жағдай бойынша
 
N Ақпарат жеткізушінің
атауы
Есепті кезеңде заем және шартты мін-
деттемелерді беру туралы шарттардың
саны
барлығы оның ішінде
Жеке тұлға-
лар бойынша
Заңды тұлға-
лар бойынша
1 Банктер
1)
...
2 Банктік операциялар-
дың жекелеген түрле-
рін жүзеге асыратын
ұйымдар
1)
...
3 Тауарларды және көр-
сетiлетiн қызметтердi
кредитке өткiзетiн не
төлемдердiң мерзімін
ұзартатын жеке кәсіп-
керлер немесе заңды
тұлғалар
1)
...
4 Жылжымайтын мүлiкке
құқықтарды және онымен
жасалатын мәмiлелердi
тiркеуді жүзеге асыра-
тын мемлекеттiк орган-
дар
1)
...
5 Ақпарат беру туралы
шарттардың негізінде
өзге тұлғалар
1)
...
6 Барлығы
кестенің жалғасы
 
Деректер базасы құрылғаннан бастап
заем және шартты міндеттемелерді беру туралы шарттардың саны жиынтығының өсуімен
Жеткізушінің деректер
базасын соңғы жаңарту
күні
барлығы оның ішінде
Жеке тұлға-
лар бойынша
Заңды тұлға-
лар бойынша
Бірінші басшы ___________________ қолы _________ күні __________ 
 Жауапты тұлға ____________________ қолы ___________ күні________ 
Мөрдің орны 
 Есеп жасалған күні 20___жылғы "___"» ___________
                                    Кредиттік бюролардың 
                                 ақпаратты және мәліметтерді 
                                 беру ережесінің, мерзімінің 
                                        және көлемінің 
                                          3-қосымшасы
           __________________________ кредиттік бюроның 
кредиттік тарихтың деректер базасынан берілген кредиттік 
      есептердің саны туралы мәліметтер 
          20__жылғы 01 ____________________жағдай бойынша
 
N Кредиттік
есеп алу-
шының
атауы
Есепті кезеңде есеп түрлері бойынша берілген кредиттік есептердің саны
1 2 3 4 5 6
бар-
лығы
1-есеп 2-есеп ...
жеке
тұл-
ғалар бой-
ынша
заңды
тұл-
ғалар
бой-
ынша
жеке
тұл-
ғалар
бой-
ынша
заңды
тұл-
ғалар
бой-
ынша
жеке
тұл-
ғалар
бой-
ынша
1 Банктер
1)
...
2 Банктік операци-
ялардың жекеле-
ген түрлерін
жүзеге асыратын
ұйымдар
1)
...
3 Тауарларды және
көрсетiлетiн
қызметтердi
кредитке өткiзе-
тiн не төлемдер-
дiң мерзімін
ұзартатын жеке
кәсіпкерлер не-
месе заңды тұл-
ғалар
1)
...
4 Ақпарат беру
туралы шарттар-
дың негізінде
өзге тұлғалар
1)
...
5 Кредиттік тарих-
тар субъектілері
6 Барлығы
7 Берілген түзе-
тілген кредиттік
есептердің саны
Оның
ішінде
Жеке
тұлға-
лар
бойынша
Заңды
тұлға-
лар
бойынша
кестенің жалғасы
 
Деректер базасы құрылғаннан бастап есептердің түрлері бойынша берілген кредиттік есептердің саны жиынтығының өсуімен
6 7 8 9 10
... бар-
лығы
1-есеп 2-есеп ...
заңды
тұл-
ғалар
бой-
ынша
жеке
тұл-
ғалар
бой-
ынша
заңды
тұл-
ғалар
бой-
ынша
жеке
тұл-
ғалар
бой-
ынша
заңды
тұл-
ғалар
бой-
ынша
жеке
тұл-
ғалар
бой-
ынша
заңды
тұл-
ғалар
бой-
ынша
Кестені толтыру бойынша түсіндірмелер: 
4, 5, 6, 8, 9, 10 бағандарында кредиттік есептер түрлерінің атаулары көрсетіледі. 
7 жолында тарих субъектісінің кредиттік есептегі ақпаратты даулау туралы субъектінің өтінішіне сәйкес түзетіліп берілген кредиттік есептердің саны көрсетіледі.
Бірінші басшы ___________________ қолы___________ күні __________
Жауапты тұлға ____________________ қолы ___________ күні ________
Мөрдің орны
Есеп жасалған күні 20___жылғы  "___" ___________
                                    Кредиттік бюролардың 
                                 ақпаратты және мәліметтерді 
                                 беру ережесінің, мерзімінің 
                                        және көлемінің 
                                          4-қосымшасы
Ақпаратты беру туралы және (немесе) кредиттік 
есепті алу туралы жасалған шарттар туралы ақпарат
           Кредиттік бюро _______________________ 
          20__ жылғы 01 ________________ жағдай бойынша
 
Кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің
қатысушының атауы
Шарттың нөмірі Шарт жасасқан күні
Ақпарат жеткізушілер:
банктер
1)
2)
...
Банктік операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
1)
2)
...
Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар
1)
2)
...
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi
тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган
Ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы
шарттардың негізінде өзге тұлғалар
1)
2)
...
Жасалған ақпарат беру туралы шарттардың жалпы саны
Кредиттік есепті алушылар:
банктер
1)
2)
...
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
1)
2)
...
Тауарларды және көрсетiлетiн
қызметтердi кредитке өткiзетiн не
төлемдердiң мерзімін ұзартатын
жеке кәсіпкерлер немесе заңды
тұлғалар
1)
2)
...
Ақпарат беру және (немесе)
кредиттік есептерді алу туралы
шарттардың негізінде өзге тұлғалар
1)
2)
...
Кредиттік тарихтың субъектілері
Жасалған кредиттік есепті алу
туралы шарттардың жалпы саны
Бірінші басшы ___________________ қолы___________ күні __________
Жауапты тұлға ____________________ қолы ___________ күні ________
Мөрдің орны
Есеп жасалған күні 20___жылғы "___" ___________