1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
Отправить по почте

Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 801 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8196 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 21 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және:
1) Қазақстан Республикасының халқына (ересектер мен балаларға) оториноларингологиялық көмекті ұйымдастыруды және көрсетуді;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас оториноларингологы (С.Ж. Жандаев) есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін осы бұйрықтың орындалу барысы туралы жыл сайынғы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін реттейді.
2. Халыққа мамандандырылған оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары кұлақ, мұрын және тамақ (бұдан әрі - ЛОР мүшелердің аурулары) аурулары бар науқастарды профилактикалауға, диагностикалауға, емдеу мен медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.
3. Ересектер мен балаларға оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымның жұмысын штаттан тыс бас оториноларинголог (республиканың, облыстық, қаланың) дәрігер маман үйлестіреді.
4. Оториноларингологиялық көмек Қазақстан Республикасында аудандық, қалалық, республикалық ауруханалардың бөлімшелерінде және емханалардың оториноларингологиялық кабинеттерінде жүзеге асырылады.
5. Халыққа оториноларингологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық және стационарлық және стационарды алмастыратын көмек түрінде көрсетіледі.
6. Амбулаториялық-емханалық көмек қалалық, аудандық ауруханалар мен емханалардың, ведомстволық медициналық ұйымдардың және жеке меншік нысаны бар денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында ұйымдастырылады.
7. Консультациялық-диагностикалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек аудандық, облыстық, қалалық көп бейінді ауруханаларда, республикалық деңгейдегі ұйымдарда көрсетіледі.
8. Оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 нөмірімен тіркелген) үлгі штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
9. Оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұйымдардың Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері мен функциялары
10. Оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:
1) медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру есебінен ЛОР мүшелердің ауруларын төмендету;
2) оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың арасындағы сабақтастық пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
3) медициналық көмектің басқа да түрлерін көрсететін ұйымдардың арасындағы сабақтастық пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.
11. Оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қойылған міндеттеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ЛОР мүшелердің патологиясын тиімді ерте анықтау және іс-шараларды уақтылы өткізу;
2) оториноларингологиялық көмекті қазіргі заманғы деңгейде көрсету;
3) диспансерлік бақылау;
4) амбулаториялық және стационарлық жағдайларда ЛОР мүшелерге операциялық емнен кейін пациенттерді медициналық-әлеуметтік оңалту;
5) дені сау халықтың арасында ЛОР мүшелердің аурулары дамуының профилактикасы;
6) қызмет ету аумағында оториноларингологиялық көмектің жағдайын және есептік және басқа да құжаттарды статистикалық өңдеу негізінде оның медициналық көмекті бағалау индикаторына сәйкес екендігін талдау;
7) консультациялық және ұйымдастырушылық - әдістемелік көмекті ұйымдастыру;
8) медициналық ұйымдардың құрамына кіретін бөлімшелердегі науқастарға консультациялық көмек көрсету, соның ішінде шұғыл түрдегі көмек;
9) оториноларингологиялық қызметті жаңғырту және дамыту жөнінде нормативті құқықтық актілерді, тұжырымдамаларды, республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды жасауға қатысу;
10) ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және басып шығару;
11) сараптама жасауға жататын ғылыми–медициналық қызмет объектілеріне ғылыми–медициналық сараптама жүргізуді ұйымдастыруға қатысу;
12) кеңестер, семинарлар, конференциялар, конгрестер, сьездер ұйымдастыру және/немесе өткізу;
13) оториноларингологиялық және қатар жүретін пәндер бойынша мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және/немесе өткізуге қатысу;
14) магистранттарды және PhD докторанттарын, резидентура тыңдаушыларын даярлауға қатысу;
15) республикалық және халықаралық медициналық ұйымдармен сектораралық қарым-қатынастарды дамыту;
16) медициналық препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды клиникаға дейінгі, зертханалық және клиникалық зерттеулер жүргізу;
17) емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын арттыруға және ауруханалық өлімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу.
3. Оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы
12. Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдар өздеріне жүктелген қызметке қарай мынадай түрде ұйымдастырылады:
1) аудандық, қалалық емханалардың, жекеменшік нысаны бар медициналық ұйымдардың және денсаулық сақтау ұйымдарының оториноларингологиялық кабинеті түрінде;
2) консультациялық-диагностикалық орталықтың, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және стационарлардың оториноларингологиялық амбулаториялық-емханалық бөлімшесі түрінде құрылады;