• Мое избранное
Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 Қаулысы

Редакция 30.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 59) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 маусымдағы
№ 625 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі
1. Президент
2. Премьер-Министр
3. Парламент Сенатының Төрағасы
4. Парламент Мәжілісінің Төрағасы
5. Мемлекеттік кеңесші
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (23.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Президент Әкімшілігінің Басшысы
7. Конституциялық Соттың Төрағасы
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Жоғарғы Соттың Төрағасы
9. Ұлттық Банк төрағасы
10. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
11. Премьер-Министрдің орынбасарлары
11-1. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары
Тізбе 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
13. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары
14. Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы
15. Бас прокурор
16. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
17. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Сенат Төрағасының орынбасары
19. Мәжіліс Төрағасының орынбасары
20. Президенттің Іс басқарушысы
20-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі
Тізбе 20-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.11.2021 жылғы № 831 Қаулысына сәйкес (өзгерту 04.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21. Президенттің көмекшілері
22. Президент Кеңсесінің басшысы
23. Президенттің кеңесшілері
24. Президентке бағынысты және есеп беретін агенттіктердің басшылары
25. Министрлер
26. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
26-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (29.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
26-1. «Алтын қыран» (Золотой Орел) орденінің және «Халық қаһарманы» (Народный герой), «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарының иегерлері».
Тізбе 26-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 13 сәуірдегі № 282 Қаулысына сәйкес (өзгерту 30.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
27-тармақ алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің 24.10.2019 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
28. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
28-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (29.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
29. Астананың, Алматы қаласының және облыстардың әкімдері
30. Парламент Сенаты және Мәжілісі комитеттерінің төрағалары
31. Парламент депутаттары
32. Төтенше және Өкілетті Елшілер
33. Үкімет Аппаратының Басшысы
33-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
33-1. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы
Осы Тізбе 33-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.10.2023 жылғы № 935 Қаулысына сәйкес (өзгерту 06.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
34. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
35. Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері
36. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі және Астана мен Алматы архиепископы
37. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
37-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
38. Ұлттық компаниялардың басшылары
39. Конституциялық Соттың судьялары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары
39-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.05.2014 жылғы № 577 Қаулысымен (03.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
39-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
39-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.10.2023 жылғы № 935 Қаулысына сәйкес (13.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
40. Парламент палаталары, Конституциялық Сот аппараттарының басшылары
40-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
40-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.10.2023 жылғы № 935 Қаулысына сәйкес (13.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
41. Үкімет Аппараты Басшысының орынбасарлары
41-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
41-2. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының орынбасарлары
Осы Тізбе 41-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.10.2023 жылғы № 935 Қаулысына сәйкес (өзгерту 06.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
42. Мемлекеттік орталық органдардың аппарат басшылары, министрлердің және мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері
42-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (23.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
43. Қазақстандық саяси партиялардың жетекшілері
44. Қазақстан Республикасының Президенті отбасының мүшелері
45. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке қонақтары
46. Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі, Парламенті Сенатының және Мәжілісінің төрағалары, Мемлекеттік кеңесшісі, Премьер-Министрінің орынбасарлары, Парламенті Сенаты және Мәжілісі төрағаларының орынбасарлары, Сыртқы істер министрі және Үкіметінің өзге де мүшелері басшылық ететін Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелері
46-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (23.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
47. Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасына сапармен немесе жолай келетін делегацияларының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайтын басшылары мен мүшелері
48. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің басшылары
Ескертпе:* — қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда адамдарға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісім бойынша, ал Астана және Алматы қалаларының әуежайларында бұған қоса Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколымен келісім бойынша жүргізіледі.
Ескертпе өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (29.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды