Қазақстан Республикасының
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 293-IV Заңы
2009 жылғы 27 қарашада Минскіде жасалған Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Кеден одағының Кеден кодексі туралы ШАРТ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты негізге ала отырып, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларын назарға ала отырып, кеден одағының бірыңғай кеден аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада келтірілген кеден одағының Кеден кодексін (бұдан әрі - Кодекс) қабылдайды.
Осы Кодекстің ережелері кеден одағы кеден заңнамасының өзге ережелерінен басым күші бар.
2-бап
Осы Шартты түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Дауларды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінгенге дейін кеден одағының шеңберінде реттеуде кеден одағының комиссиясы Тараптарға жәрдемдеседі.
Егер Тараптардың біреуінің басқа Тараптарға жолдаған консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға береді.
3-бап
Осы Шартқа ескертпелер жасауға жол берілмейді.
4-бап
Осы Шартқа осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
5-бап
Осы Шарт ратификациялауға жатады.
Осы Шарт мемлекет басшылары деңгейінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (кеден одағының жоғары органы) шешіміне сәйкес күшіне енеді.
Осы Шарт кеден одағының мүшесі болатын кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
Минск қаласында 2009 жылғы 27 қарашада орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Шарттың түпнұсқа данасы осы Шарттың депозитарийі болып табылатын және Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасы Республикасы Федерациясы үшін үшін үшін
А. Лукашенко Н. Назарбаев Д. Медведев
2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа қосымша
КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІ
I. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлім. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Кеден одағындағы кедендік реттеу
1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы шеңберіндегі кеден одағындағы (бұдан әрі - кеден одағы) кедендік реттеу - тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы арқылы кедендік бақылаумен тасымалдауға, уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік рәсімдерге сәйкес шығаруға және пайдалануға, кедендік бақылауды жүргізуге, кедендік төлемдерді төлеуге байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, қолдану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарды құқықтық реттеу.
2. Кеден одағындағы кедендік реттеу кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес, ал мұндай заңнамада реттелмеген бөлігінде, кеден одағының кеден заңнамасы деңгейінде тиісті құқықтық қатынастар орнатылғанға дейін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
1-бап өзгертілді ҚР 25.06.2010 № 294-IV Заңымен.(09.07.2010 бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы
1. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағын (бұдан әрі - кеден одағының кедендік аумағы) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтары, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттер аумақтарының шегінен тыс орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар мен оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің айрықша заңдық құзыры болатын өзге де объектілер құрайды.
2. Кеден одағының кедендік аумағының шегі кеден одағының кедендік шекарасы (бұдан әрі - кедендік шекара) болып табылады.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан жекелеген аумақтардың шегі кедендік шекара болып табылуы мүмкін.
2-бап жаңа редакцияда ҚР 25.06.2010 № 294-IV Заңымен.(09.07.2010 бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Кеден одағының кеден заңнамасы
1. Кеден одағының кеден заңнамасы:
1) осы Кодекстен;
2) кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарынан;
3) Кеден одағы комиссиясының осы Кодекске және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін шешімдерінен тұрады.
2. Кеден одағының кеден заңнамасы кеден одағының кедендік аумағында әрекет етеді.
Егер кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағындағы кедендік реттеу кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болса, мұндай заңнама осы кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында қолданылады.
3. Егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, кедендік реттеу кезінде кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күніне қолданылатын кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.
4. Егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, тауарларды кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып кедендік шекара арқылы өткізген кезде іс жүзінде тауарларды кедендік шекарадан өткізу күніне әрекет ететін кеден одағының кеден заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.
Егер іс жүзінде тауарлар кедендік шекарадан өткізілген күн белгіленбесе, егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күніне қолданылатын кеден одағының кеден заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.
3-бап өзгертілді ҚР 25.06.2010 № 294-IV Заңымен.(09.07.2010 бастап қолданысқа енгізіледі)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |