Bestprofi Logo

Қаулы № 292 от 2012-03-06г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акциялардың мемлекеттік № 376 Қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 және "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 292 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Оңтүстік Қазақстан облысы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 1078-10-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1078-11-жолмен толықтырылсын:

«1078-11. «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

2) «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-жолмен толықтырылсын:

«38. «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание