• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.05.2015 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 наурыздағы N 362 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 291 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.02.2011 № 159 Қаулысымен (28.03.2002 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан түскен қаражатты пайдалану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 486  қаулысына: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан түсетiн қаражатты пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта:
2-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен" деген сөздер "бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен" деген сөздермен ауыстырылсын.