Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1772 Қаулысымен (30.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2013 жылғы № 817 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекiтiлген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрi – Бағдарлама) екiншi бағытына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.
2. Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде:
1) материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытуға жіберу, бизнес-жоспар дайындауға жәрдемдесу;
2) микрокредиттер мен шағын кредиттер (бұдан әрі - шағын кредиттер) беру;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтерді (маркетингтік, заң, бухгалтерлік және басқа да көрсетілетін қызмет түрлері) ұсыну;
4) шағын кредиттер алған адамдарды қоспағанда, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алу жолымен іске асырылады.
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдау шаралары, олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағынысты аумақтардағы кенттерде іске асырылады.
Тірек ауылдық елді мекендер кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін басым елді мекендер болып табылады.
3. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы құратын мемлекеттiк мекеме;
2) өтiнiш берушi – Бағдарламаға қатысу үшiн халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiш берген жеке тұлға;
3) Бағдарламаға қатысушылар - жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4) аудандық/қалалық комиссия (бұдан әрi – комиссия) – ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
5) өңiрлiк комиссия – жергілікті өкілді органдардың, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
6) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым және әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар;
7) Бағдарлама операторы - халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
8) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9) кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесудi қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi;
10) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – аудандық/қалалық, облыстық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру мәселелерiне жауапты құрылымдық бөлiмшесi;
11) блок-модуль – бизнес-жобаларды қамтамасыз ету, оның ішінде шалғайдағы жерлерді энергиямен, сумен жабдықтаудың балама көздерін дайындау үшін арнайы жабдықтармен жарақтандырылған модульді ұтқыр кешен;
12) микрокредиттiк ұйым – микрокредит беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
14) кредиттiк серiктестiк – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның iшiнде банк қызметтерiне қажеттiлiктерiн олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердiң есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға;
15) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттiк есепке алуды және республикалық бюджет пен өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық уәкiлеттi орган;
17) материалдық көмек – кәсiпкерлiк негiздерiне оқудан өтiп жатқан Бағдарламаға қатысушыға жол жүруге және тұруына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге төленетiн ақшалай қаражат;
18) сервистік қызмет көрсететін ұйым – кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қызметтер кешенін (консультациялық, маркетингтік, заң, бухгалтерлік, жобаны сүйемелдеу жөніндегі қызметтер және басқа да көрсетілетін қызмет түрлері) көрсететін ұйым;
19) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – бір айға дейін Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізудің заңды негіздеріне, қаржы және салық салуға, бизнес құруға және дамытуға, бизнес-жоспарларды әзірлеу жөніндегі практикалық дағдыларды игеруге бағдарланған кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұғымдары мен ережелеріне қысқа мерзімді оқыту;
20) сервистік қызметтер – жобаны сүйемелдеу жөнінде консультациялық, маркетингілік, заң, бухгалтерлік қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер кешені және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқа да көрсетілетін қызмет түрлері;
21) кәсіпкерлікті дамыту картасы – аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары әзірлейтін және бекітетін әрі олардың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін, басқа мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысын қоса алғанда, іске асыру жоспарланған бизнес-жоспарлардың тізбесін қамтитын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шаралар кешені;
22) мастер-жоспар – кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау арқылы оның экономикалық және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану есебінен азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған Тірек ауылдық елді мекенді дамытудың кешенді жоспарының құрама компоненті;
23) банк – тірек ауылдық елді мекендерде өз қызметін жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру бойынша қызметтер ұсынатын екінші деңгейдегі банк;
24) субсидиялау шарты – субсидиялау жөніндегі қаржы агенті, Бағдарламаға қатысушы, банк арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша субсидиялау жөніндегі қаржы агенті банк берген Бағдарламаға қатысушының кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
25) ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
26) субсидиялау жөніндегі қаржылық агент – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Бағдарламаның екінші бағытына қатысу тәртібі
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4. Бағдарламаға қатысуға және мемлекеттік қолдау алуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға микрокредит және шағын кредит алудың ықтимал нұсқалары, материалдық көмек, сервистік көрсетілетін қызметтер ала отырып, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы консультация беріледі.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Микрокредиттер беру
2-бөлім кіші бөлімнің тақырыбымен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысына сәйкес
5. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер микрокредит алу үшін жұмыспен қамту орталықтарына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмелері;