Bestprofi Logo

Қаулы № 517 от 2007-06-20г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 517 Қаулысы

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 517 қаулысымен бекітілген

Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесі

Осы Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою тәртібін белгілейді.

1. Техникалық регламенттер ғылыми негізделген статистикалық деректер негізінде әзірленуге тиіс.

2. Техникалық регламенттерде белгіленетін талаптар мемлекеттік саясат мүдделеріне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес келуі тиіс.

3. Өнімге және (немесе) процестерге қойылатын ең төменгі қажетті талаптарды белгілеген кезде берілген өнімді пайдаланудың (қолданудың) нақты жағдайларында осы өнімге тән қауіп-қатерлердің барлық түрлері ескерілуі қажет.

4. Бірдей өнімге арналған талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер өнімге қойылатын міндетті талаптардың бірыңғай құрамы мен мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында өзара үйлестірілген болуы тиіс.

Техникалық регламенттер жобаларын әзірлеген мемлекеттік органдар:

1) жобаларды, нормативтік құқықтық актілердің өзгерістері мен толықтыруларын немесе оның күшін жоюды әзірлей бастаған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей, ресми баспа басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, техникалық регламенттердің өзгерістері және (немесе) толықтырулары немесе оның күшін жою туралы белгіленген нысандағы хабарламаны орналастырады;

2) техникалық регламенттердің жобаларын жария талқылауды, оларды әзірлеу туралы хабарлама жарияланған күнінен бастап, жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны жариялаған күнге дейін кемінде алпыс күнтізбелік күнге тең мерзім ішінде ұйымдастырады;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание