Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 434 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 531-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасында:
"11) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарларға арналған декларацияда мәлімделген келісімшарттың есептiк нөмiрiн не мәміле паспортының нөмірін келісімшартта көрcетiлген есептік нөмiрмен не мәмiле паспортының нөмiрiмен салыстыруды;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов