Toggle Dropdown
Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі N 555 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6530 болып енгізілді
Toggle Dropdown
Редакция 14.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасының 2007 жылғы 2 ақпандағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4562 тіркелген, 2007 жылғы 15 тамызда № 124 (1153) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров Ж.Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министрдің м.а. Е. Аман
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м. а.
2010 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 555 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда болу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Ереже республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мына түрлеріне қолданылады:
Toggle Dropdown
табиғат қорғау мекемелері - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;
Toggle Dropdown
мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары - мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер (бұдан әрі - табиғат қорғау кәсіпорындары);
Toggle Dropdown
заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік табиғи қаумалдар және мемлекеттік қорық аймақтары.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында жеке тұлғалардың болуына тек ғылыми және экологиялық-ағарту мақсаттарда ғана рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік табиғи қорықтың аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде орналасқан белгілі бір дін жолын ұстанушылар тәу ететін орындарға (қасиетті орындарға) қорық аумағы арқылы өтетін жолдармен кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік табиғи қорықтың әкімшілігі тиісті діни бірлестіктің келісімі бойынша ақы төлемей, мемлекеттік табиғи қорық инспекторларының бастап жүруімен, топпен осы орындарда болуға немесе осы орындарға жақындап келуге рұқсат берілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
2-тарау. Табиғат қорғау мекемесінде болу
Toggle Dropdown
5. Жеке тұлғалар үшін (бұдан әрі - келушілер) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі - ЕҚТА) түріне және күзеттің белгіленген құқықтық режиміне байланысты табиғат қорғау мекемесінің аумағында болу кезінде мынадай іс-әрекеттер жасауға рұқсат етіледі:
Toggle Dropdown
1) ЕҚТА орман және дала жолдарымен, жалпы жұрт пайдаланатын жолдармен және экскурсиялық маршруттардың арнайы жолдарымен, механикаландырылған көлiкпен және салт атпен жүру, қорықтық күзет режимi бар учаскелерден басқа, арнайы жабдықталған орындарда аялдау;
Toggle Dropdown
2) белгіленген туристік маршруттармен және соқпақтармен табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен алдын-ала келісілген, ЕҚТА экскурсия ұйымдастырушыларының немесе инспектор-гидтерінің бастап жүруімен ұйымдасқан экскурсиялар мен туристік жорықтар өткізу;
Toggle Dropdown
3) табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен келісім бойынша су айдындарында тек қана моторсыз жүзу құралдарымен жылжу;
Toggle Dropdown
4) әуесқойлық (спорттық) балық аулау.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік табиғи қорықтарда әуесқойлық балық аулау Заңның 43-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
5) қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде, осыған арнайы бөлінген орындарда жабайы жемістер, жидектер, саңырауқұлақтар, дәрі-дәрмектік өсімдіктер, шөп шабу, отын дайындау және дәстүрлі табиғат пайдаланудың басқа түрлері;
Toggle Dropdown
6) табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен келісім бойынша спорттық және экологиялық-ағарту іс-шараларын, туристік слеттер өткізу;
Toggle Dropdown
7) кәсіби және әуесқойлық фото-бейне түсірімдер жүргізу;
Toggle Dropdown
8) оқу практикаларын өткізу;
Toggle Dropdown
9) қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде оқу мақсаттары үшін гербарий жинау, топырақ үлгілерін іріктеу;
Toggle Dropdown
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында көзделген өзге де қызметтер.
Toggle Dropdown
6. ЕҚТА-ның түріне және күзеттің белгіленген құқықтық режиміне байланысты табиғат қорғау мекемесінің аумағында:
Toggle Dropdown
1) ЕҚТА-ны пайдалану үшін ақы төлегенін растайтын құжаттарсыз ЕҚТА-да болуға;
Toggle Dropdown
2) ЕҚТА орман және дала жолдарымен, жалпы жұрт пайдаланатын жолдардан немесе арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристiк маршруттардан тыс жерлерге келiп кiруге және олар арқылы жүрiп өтуге;
Toggle Dropdown
3) белгіленген орындардан тыс жерлерге автокөлік және басқа да механикалық құралдар қоюға;
Toggle Dropdown
4) автокөлікті және басқа да механикалық құралдарды су айдындары жағалауына қоюға және жууға, ыдыс-аяқ жууға, кір жууға, үй жануарларын шомылдыруға;
Toggle Dropdown
5) су айдындарында, ЕҚТА-ны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция пайдаланатын және құтқару пунктерін алып тастағанда моторлы жүзу құралдарынан басқа, моторлы яхталардың, катерлердің, моторлы қайықтардың, скутерлердің, квадроциклдердің болуына;
Toggle Dropdown
6) арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде тағам әзірлеу үшін от жағуға, мангал, ошақ орнатуға;
Toggle Dropdown
7) осы мақсаттар үшін белгіленген орындардан тыс жерлерде аялдау орындарын жабдықтауға, шатырлар тігуге;
Toggle Dropdown
8) торлармен және басқа тыйым салынған құралдармен және жабдықтармен балық аулауға;
Toggle Dropdown
9) тиісті рұқсатсыз жабайы жануарларды алып қоюға;
Toggle Dropdown
10) жабайы жануарларды үркітуге және қоректендіруге;
Toggle Dropdown
11) ұяларды, індерді, апандарды және құмырсқа илеулерін бүлдіруге;
Toggle Dropdown
12) ағаштар мен бұталарды кесуге, сындыруға және оларға зақым келтіруге, тұрмыстық қажеттілік үшін сыпыртқылар мен сыпырғыштарға шыбықтар дайындауға;
Toggle Dropdown
13) табиғат, тарих, мәдениет және археология ескерткіштерін қиратуға және бүлдіруге;
Toggle Dropdown
14) рұқсат етілген жинау орындарынан тыс жерлерде жабайы өсетін ағаш, бұта, шөп өсімдіктерін және дәрі-дәрмектік шикізат жинауға және қазып алуға;
Toggle Dropdown
15) осы үшін арнайы бөлінген орындардан басқа жерлерде жабайы өсетін жемістер, саңырауқұлақтар және жидектер жинауға;
Toggle Dropdown
16) көрнекі үгіт құралдарын (стенділер, паннолар, аншлагтар және басқалар), орман орналастыру, орман шаруашылығы және жерге орналастыру белгілерін қиратуға және бүлдіруге;
Toggle Dropdown
17) құрылыстарға, ағаштарға, тастарға және жартастарға жазулар жазуға және суреттер салуға;
Toggle Dropdown
18) өз бетімен мал жаюға, шөп жинауға, сүрек дайындауға және басқа да заңсыз орман пайдалануға;
Toggle Dropdown
19) топырақ қабатын тұрмыстық қоқыспен және қалдықпен ластауға;
Toggle Dropdown
20) «Жасанды жолмен жасалатын шудың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/899 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12387 болып тіркелген) шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердiң нормаларына сәйкес қоршаған ортаға шу шығаратын және басқа да акустикалық әсерлердi қолдану;
Toggle Dropdown
21) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи кешендер объектілерінің табиғи дамуын және сақталуын бұзатын өзге қызметтерге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
7. Келушіде табиғат қорғау мекемесі ұсынатын қызметтерге ақы төлегені туралы растайтын құжаттың болуы ЕҚТА аумағына келуге негіз болып табылады. Зейнеткерлерден, мүгедектігі бар адамдардан, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерден, еңбек ардагерлерінен, мектеп жасына дейінгі балалардан көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу туралы растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.
Toggle Dropdown
Қызметтерге ақы төлегені туралы растайтын құжат (қағаз және электронды түрде) келушінің болу мерзімінің соңына дейін сақталуы тиіс.
Toggle Dropdown
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9. Рекреациялық жүктеменің жол берілетін нормаларына байланысты келушілер легін реттеп отыру мақсатында табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігі осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келушілерді есепке алу журналын (бұдан әрі - Журнал) жүргізеді.
Toggle Dropdown
Журнал нөмірленеді, жіппен байланады және оған табиғат қорғау мекемесінің мөрі басылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Табиғат қорғау кәсіпорнының аумағында болу аумағында болуы
Toggle Dropdown
10. Табиғат қорғау кәсіпорнының аумағында:
Toggle Dropdown
1) арнайы бөлінген асфальт төселген немесе қара жолдармен жүріп өтуге;
Toggle Dropdown
2) арнайы бөлінген орындарда өсімдіктер, жануарлар коллекцияларын қарап көруге;
Toggle Dropdown
3) табиғат қорғау кәсіпорнының әкімшілігімен келісім бойынша экспозициялар мен коллекциялардағы өсімдіктерді, жартылай еркін және жасанды жағдайларда ұсталатын жануарларды суретке және бейне таспаға түсіруге;
Toggle Dropdown
4) ЕҚТА паспортында немесе табиғат қорғау кәсіпорнының әкімшілігі белгілеген аумақта болудың ішкі тәртібінде көзделген өзге де қызметке жол беріледі.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік зоологиялық парктердің аумағында жануарларды және келушілердің жеке қауіпсіздігін сақтау мақсатында:
Toggle Dropdown
1) радиоқабылдағыштар мен магнитофондарды қосуға, музыкалық аспаптарда ойнауға;
Toggle Dropdown
2) жануарларды қоректендіруге, ызаландыруға және үркітуге;
Toggle Dropdown
3) жануарлар тұруға арналған арнайы қоршалған үй-жайларға бөтен заттар лақтыруға;
Toggle Dropdown
4) жабайы жануарлар бар үй-жайлардың торлары мен шарбақтарына сүйеніп тұруға, сондай-ақ орнатылған қоршаулар арқылы аяқ-қолды созуға, қолжетімді жануарлармен байланыс жасау үшін қол созуға және оларды әртүрлі заттармен (қолшатырмен, таяқпен және басқа заттар) түрткілеуге;
Toggle Dropdown
5) штативтер мен жарқылдауық шамдарды қолданып, жануарларды суретке түсіруге;
Toggle Dropdown
6) жануарларды ұстауға арналған үй-жайлардың және басқа да құрылыстардың орнатылған кедергілері мен қоршаулары арқылы кіруге немесе секіріп түсуге;
Toggle Dropdown
7) жануарларды ұстауға арналған үй-жайлардың маңайында орнатылған кедергілерге, дуалдарға, қоршауларға балаларды тұрғызуға және отырғызуға;
Toggle Dropdown
8) балаларды, әсіресе кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға және оларға парк аумағында орналасқан жануарларды өз бетімен тамашалауға рұқсат етуге;
Toggle Dropdown
9) көгалдармен жүруге, ағаш және шөп екпелерін бүлдіруге;
Toggle Dropdown
10) өзімен бірге үй жануарларын әкелуге немесе ертіп жүруге;
Toggle Dropdown
11) бақ-парк мүлкінің орнын ауыстыруға;
Toggle Dropdown
12) жануарлар бар қоршаулар мен торлардың қасында кезекшілерімен сөйлесуге, жануарларды қорғау жөніндегі қызметінен олардың назарын басқа жаққа аударуға;
Toggle Dropdown
13) экскурсия ұйымдастырушылары мен күзет қызметі қызметкерлерінің талаптарын орындамауға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік ботаникалық бақтар мен мемлекеттік дендрологиялық парктердің аумағында:
Toggle Dropdown
1) гербарийлік материал жинауды қоса алғанда, ағаш және шөп өсімдіктерін алып қоюға және бүлдіруге;
Toggle Dropdown
2) жемістер, тұқымдар жинауға;
Toggle Dropdown
3) табиғат қорғау кәсіпорнының әкімшілігімен келісіп алмай табиғи және мәдени объектілерді суретке және бейне таспаға түсіруге;
Toggle Dropdown
4) топырақ қабатын қоқыспен және тұрмыстық қалдықпен ластауға;
Toggle Dropdown
5) кәсіпорынның экскурсия ұйымдастырушылары мен күзет қызметі қызметкерлерінің талаптарын орындамауға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақта болу
Toggle Dropdown
13. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ЕҚТА аумағында болу тиісті ЕҚТА түрлерін қорғау және пайдалану режимінің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы жағдайында, осы ЕҚТА-ның паспортына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Жеке тұлғалардың ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарда
болу ережесіне қосымша
Toggle Dropdown
20__ жылы келушілерді есепке алу журналы
____________________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
Toggle Dropdown
| Р/с № | Күні | Келушінің немесе топ жетекшісінің Т.А.Ә. | Топтағы адамдар саны | Көліктің түрі (а/к маркасы, мемлекеттік нөмірі) | Келу мақсаты | Топтың баратын жері | Болу мерзімі | Ақы төленгені туралы белгі (ақы төленгенін растайтын құжаттың №) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| | | | | | | | |