1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын.
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
Осы редакция 03.04.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 190 қаулысы
Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамытуды қамтамасыз ету және электр энергетикасы саласы жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. 2-қосымшаға сәйкес Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногының тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 606 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 223-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақ алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "КОРЭМ" ЖАҚ қызметiнiң негiзгi мәнi қолда бар (спот) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру болып белгiленсiн.".
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 190 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі дамытудың тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) 2004-2006 жж. орташа мерзiмдiк кезеңге арналған электр энергетикасындағы нарықтық қайта жаңарудың негiзгi бағыттарын анықтау мақсатында әзiрлендi.
Тұжырымдамада электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда рыноктарын ұйымдастырудың негізгі қағидаттары, рыноктардың құрылымы, нарықтық тетiктердi дамыту үлгiлерi, электр энергиясы рыногының ашық бәсекелестiк үлгiсiне көшу кезеңдерi көрсетiлген.
2004-2006 жылдардағы мерзiмдiк кезеңге арналған электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды дамытудың мақсаттары:
электр энергетикасы саласының жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру;
елдiң электр энергетикалық әлеуетiн қалпына келтiруге және дамытуға инвестицияларды тарту үшiн жағдайлар туғызу;
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың, Бiртұтас Экономикалық Кеңiстiктiң (БЭК) мемлекетаралық ашық және бәсекелiк электр энергетикалық рыногын қалыптастыруға қатысу, шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қосарлас режимiндегi жұмыс;
бөлшек сауда рыногында баға белгiлеудiң нарықтық тетiктерiн құру және электр энергиясы (қуаттар) мен қызмет көрсетулердiң көтерме сауда рыногында оны жетiлдiру;
бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткiзу рыногында бәсекелестiктi дамыту;
бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткiзушiлердi еркiн таңдау құқығын беру;
электр энергиясының бәсекелiк рыногында электр энергиясы мен жылуды өндiрудiң құрама үлгiсiмен электр станцияларының жұмысы үшiн жағдайлар туғызу болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткiзу электр энергиясының көтерме сауда рыногын қалыптастыруды аяқтауды және бөлшек сауда рыногында бәсекелестіктi дамыту үшiн жағдайлар туғызуды, рынок субъектiлерi арасында өзара қатынастардың айқын тетiктерiн құруды талап етедi.
1. Жалпы ережелер
1.1. Негізгi ұғымдар мен анықтамалар
Осы Тұжырымдамада мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) электр энергиясын теңгерiмдеу рыногы - ағымды операциялық тәулiктерде Бiрыңғай электр желiлерiнде электр энергиясын өндiрудiң және/немесе тұтынудың шартты және нақты шамалары арасында туындаған үйлесiмсiздiктердi Жүйелiк оператордың табиғи "нақты уақыт" режимiнде және кейiнгі қаржылық реттеуi нәтижесiнде қалыптасатын электр энергиясының көтерме сауда рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын Жүйелiк оператор және энергия өндiрушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, көтерме сауда тұтынушылары өзге де ұйымдар арасындағы өзара қатынастар жүйесi;
2) "бip күн бұрын" электр энергиясының спот-рыногы - "бip күн бұрын" режимiнде қолда бар электр энергиясын сатып алу-сату бойынша қысқа мерзiмдi мәмiлелер жасалатын ұйымдастырылған сауда алаңы;
3) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - спот-сауда-саттықтарын қоса алғанда, сауда алаңында ерiктi негізде рынок субъектiлерi жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату жөнiндегі мәмiлелер;
4) электр энергиясының көтерме сауда рыногы - энергия өндiрушi, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен Жүйелiк оператордың басқаруындағы тұтынушылардың арасындағы шарттар негізiнде қызмет ететiн және нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленетiн электр энергиясын көтерме сатып алу-сату және беру қатынастарының жүйесi;
5) электр қуатын реттеу - рынок субъектiсiнiң нақты электрлiк жүктемесінен мәлiмделген электрлiк Жүктемесiнiң ауытқуларын теңгерімдеу жөнінде қызметтер көрсету;
6) реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаларды (тарифтердi) мемлекеттiк реттеудi, табиғи монополиялардың қызмет көрсетулерiне бiрдей қол жеткiзiлiмдi қамтамасыз етудi бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттендiрiлген мемлекеттiк орган;
7) электр энергиясы мен қызмет көрсетудiң бөлшек сауда рыногы - электр энергиясының көтерме рыногынан тыс энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы шарттар негiзiнде қызмет ететін электр энергиясын сатып алу-сату және беру қатынастарының жүйесi;
8) Жүйелiк оператор - орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қосарлас жұмысты қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегі теңгерiмдi қолдауды, жүйелiк қызмет көрсету және рынок субъектiлерiнен қосалқы қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ Ұлттық электр торабы бойынша (мемлекетаралық және өңiраралық деңгейдегi электр тораптары) электр энергиясын берудi және оның техникалық қызмет көрсетуi мен пайдаланушылық дайындықта ұсталуын жүзеге асыратын ұйым;
9) электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногының Операторы (электр энергиясының биржасы) - "бiр күн бұрын" сауда-саттық спотын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асырушы ұйым;
10) уәкiлеттi орган - электр энергиясымен байланысты қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
11) энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндiрiлген немесе сатып алынған электр энергиясын бөлшек сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асырушы ұйым.
1.2. Электр энергетикасының жұмыс iстейтiн құрылымы мен жай-күйi
Қолданыстағы ел заңнамасымен электр тораптарына еркiн кемсiтiлмеген қол жеткiзу қамтамасыз етiлген және шаруашылық етушi субъектiлерге өздігінен электр энергиясын сатып алу жөнiнде энергия өндiрушi ұйымдармен, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс шарттар жасасуға құқық берiлген.
Қазақстанда екi деңгейден - электр энергиясының көтерме сауда рыногынан (орталықтанбаған сауда) және бөлшек сауда рыногынан тұратын электр энергиясының рыногы құрылған және жұмыс iстейдi.
Өткiзiлген нарықтық түрлендiрулер нәтижесiнде электр энергетикада мынадай ұйымдық-технологиялық құрылым қалыптасты:
1) энергия өндiрушi ұйымдар электр энергиясын өндiру мен көтерме сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асырады;
2) өңiраралық және мемлекетаралық деңгейдегi желiлер бойынша электр энергиясын беру бойынша мiндеттердi, сондай-ақ Қазақстанның бiртұтас энергия жүйесiн жедел-диспетчерлiк басқару жөнiндегi (бұдан әрi - Қазақстанның БЭЖ) мiндетін атқаратын Ұлттық электр торабы ("КЕGОС" AAҚ);
3) өңiрлiк деңгейде электр энергиясын берудi, таратуды және жеткiзудi жүзеге асыратын өңiрлiк электр желiлерi компаниялары (бұдан әрi - ӨЭК);
4) электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда тұтынушылары;
5) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
6) делдалдық-сауда ұйымдары (трейдерлер);
7) олардың келiсiм-шарттық мiндеттемелерiне қатыстылығы бойынша рынокқа қатысушылардың электр қуатының апаттық тапшылығын жабуға қажеттi электр қуатын резервтеудiң тетiгiн қолдайтын электр энергиясының көтерме сауда рыногына қатысушылардың құрған ұйымы - электр қуаты резервтерiнiң пулы (бұдан әрі - ЭҚР Пулы);