Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қазандағы N 1082 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 1, 17-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
кiрiспеде "Заңының" деген сөз "Заңын" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң ережесiнде:
мәтiндегi "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнiң", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiндегі", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi" деген сөздер тиiсiнше "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнiң", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзілімiндегі", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
жетiншi абзацта:
"аралас (өзен-теңiз)" деген сөздер алынып тасталсын;
"жүзетiн кеме" деген сөздiң алдынан "өзен-теңiз суларында" деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өзен-теңiз" суларында жүзетiн кеме - өзiнiң техникалық сипаттамалары бойынша жарамды әрi белгiленген тәртiппен теңiз және iшкi су жолдарында кеме қатынасы мақсатында пайдалануға рұқсат етiлген кеме;";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"кеме ипотекасы - мемлекеттік тiркелуге жататын теңiз кемесiнiң, iшкi суда жүзетiн кеменiң, "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кеменiң, сондай-ақ жасалынып жатқан кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы;
қазақстандық жалдаушы - жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме берiлетiн және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетiн жалдау шартының тарабы.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кеменi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн, сондай-ақ кеменiң мемлекеттік тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын алу кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен алым алынады.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен алым алынады.";
7-тармақтағы "органнан" деген сөз "органның" деген сөзбен, "рұқсат" деген сөз "шешiмiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеменi бербоут-чартерлiк шарттарда пайдаланатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген кез келген азамат немесе заңды тұлға мұндай кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап отыз күннiң iшiнде оны бербоут-чартерлiк тiзiлiмде тiркейдi.";
алтыншы абзацтағы "кеменi" деген сөз "теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшiншi абзацтағы "растайтын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ кеменiң ипотека ауыртпалығы туралы мәлiметтерден тұратын" деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтағы "кеменiң" деген сөз "теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтағы "уәкiлеттi органның шешiмi негізiнде" деген сөздерден кейiн "әр екi жыл сайын одан әрi ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын, бiрақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен артық емес мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;
27-тармақтағы "рұқсатында" деген сөз "шешiмiнде" деген сөзбен ауыстырылсын;
29-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кемеге меншік құқығын растайтын құжат;";
2) тармақшадағы "бұл мемлекеттің тiзілімiнен шығарылғанын" деген сөздерден кейiн "және ипотека ауыртпалығы жоқтығын" деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармақ алынып тасталсын;
35-тармақтағы "18" деген сандар "18-1" деген сандармен ауыстырылсын;
36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Кеменi мемлекеттік қайта тiркеудi ресiмдеу үшiн порттың теңiз әкiмшiлігіне мынадай құжаттарды қоса бере отырып, кеме тiзiлiмiнiң сауалнамасын қамтитын кеменi мемлекеттiк қайта тiркеу туралы өтiнiштi ұсыну қажет:
кемеге меншiк құқығын растайтын құжат;
өлшем куәлiгi;
қайта тiркеу кезiнде теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердiң мемлекеттік тiркелгенi үшiн бюджетке алым сомасының төленгендiгiн растайтын құжат;
бiлiктiлiк куәлiгi;
жолаушы куәлiгi (жолаушылар кемесi үшiн);
жүзуге жарамдылығы туралы куәлiк.
Кеменi мемлекеттік қайта тiркеуге ұсынылған құжаттар осы Ереженiң 13-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
37. Кемелердi мемлекеттiк қайта тiркеу осы Ереженiң 14-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 37-1, 37-2, 37-3, 37-4, 37-5, 37-6, 37-7, 37-8, 37-9, 37-10, 37-11, 37-12, 37-13-тармақтармен толықтырылсын:
"37-1. Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 211 және 212-баптарына сәйкес порттың теңiз әкiмшiлiгi тiркейдi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған құжаттар осы Ереженiң 13-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
37-2. Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтер кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына және осы кеме тiркелген тиiсті тiзiлiмге енгiзiледi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiк (7-1-қосымша) берумен расталады және осы Ереженiң 14-тармағында белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.
37-3. Кеменiң мемлекеттiк тіркелгенін куәландыратын құжатты жоғалтқан жағдайда порттың теңiз әкімшілiгi кеме иесiнiң өтiнiшi бойынша оған кеменiң мемлекеттiк тіркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын бередi.
Кеменiң мемлекеттiк тіркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру туралы өтiнiшпен бiрге порттың теңiз әкiмшiлігіне кеменiң мемлекеттiк тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердiң мемлекеттік тіркелгенi үшiн алым сомасының бюджетке төленгендiгiн растайтын құжат ұсынылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |