Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
Осы редакция 30.04.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926 және 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 1342 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 376 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
#$1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылады - ҚР Үкіметінің 30.04.2007. № 352 Қаулысымен.(2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 24, 217-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.";
2) "Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықта әлеуметтiк жеке код берудің тәртібiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 1342 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 41, 338-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртібін бекiту туралы";
мәтінде "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықта", "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi ұйымның", "уәкiлеттi ұйымға" деген сөздермен, мемлекеттік тiлдегi мәтiнде 1-тармақтағы "берудiң" деген сөз "бeру" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықта әлеуметтiк жеке код берудiң тәртiбiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртiбi";
бүкiл мәтiн бойынша "Зейнетақылық орталық", "Зейнетақы орталығынан", "Зейнетақы орталығына", "Зейнетақы орталығы", "Зейнетақы орталығының", "Зейнетақы орталығында" деген сөздер тиiсiнше "Орталық", "Орталықтан", "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталықта" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
екіншi, үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны және оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен олардың бөлiмшелерi);
әлеуметтік жеке код (ӘЖК) - азаматқа, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы таралатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код;";
бесіншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"ӘЖК беру туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) - азаматтарға Орталық беретiн, ӘЖК-нiң берiлгендiгiн растайтын құжат.";
2-тармақта:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |